Ќанипа Бітібаева


ә)  Драмалық  шығармаларды  талдау  әдістемелері:  1



Pdf көрінісі
бет84/182
Дата31.12.2021
өлшемі2,68 Mb.
#21363
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   182
ә)  Драмалық  шығармаларды  талдау  әдістемелері:  1.  Талдауды  бастамас  бұрын, 
балаларға  өтілгелі  отырған  драмалық  шығармаларды  алдын  ала  оқыту  керек. 
Балаларға оқу барысында ақыл-кеңес, бағыт-бағдар беру міндетті түрде жүзеге асырылады. 
Әсіресе,  ең  негізгі,  басты  тартыстар,  шиеленістерді  көрсететін  акт,  суреттерге  ерекше  көңіл 
бөлінуге  тиіс.  Оны  мұғалім  үлестірме-нұсқау  арқылы  да  жүргізеді.  Мысалы,  Ғ.Мүсіреповтің 
«Қозы Көрпеш - Баян сұлу» трагедиясын оқу барысында мынадай нұскау ұсынуға болады: 
 - Трагедиядағы басты тартыстар, оқиғалар, соған назар аудар: 
а) 
Қарабайлар өлімі, ескі әдет-салт, оған қарсы жастар сезімі, махаббаты. 
ә) Аяр, сұм Жантық әлемі. Оның ішкі есебі. Қарабайға да, Қодар, Қозы - Баянға 
да құрған зұлым торы. 
б) 
Қара жүрек Қодар. Оның ақ махаббат алдындағы кешірілмес күнәсы. 
Малдың, топастықтың, аяр азғырудың құрбаны болуы. 
в) 
Қозы мен Баян, олардың ақ сезімі, махаббаты және дала жауыздығы. 
г) 
Күнікей мен Мақпал. Олардың бойындағы гуманизм, дала тағдырларына 
қарсы айбынды үні. 
д) Трагедияның зұлымдық пен жауыздық, сараңдық, аярлыққа қарсы қаһарлы 
үні мен өлмес, өшпес махаббатты дәріптейтін өр, асқақ, салтанатты, қасиетті 
үні. 


 
101 
   Осындай  үлестірме  тапсырмаларды  ұсына  отырып,  оқушыларды  ойландыратын, 
іздендіретін сұрақтар беру де тиімді, дұрыс болмақ. 
1. 
Қалай ойлайсыңдар, Қодардың Қозыны өлтіруінде тек өзі кінәлы ма, әлде 
Жантық кінәсы одан асып түсіп жатыр ма? 
2.  Трагедияда өзіңе, әсіресе, не ұнады, не ұнамады? Ойыңды, пікіріңді дәлелді 
айтуға тырыс, т.б... 
Талдау алдында оқушыларға әдеби-теориялық ұғым берудің маңызы зор. Жалпы, 
әдеби-теориялық  ұғым  тәжірибеде  туынды  оқылып  болған  соң  беріледі. Бұл  дұрыс  емес. 
Ұғым екі кезеңнен тұруы керек. Бірінші кезең көркем туындыны бастау алдында беріледі, 
екінші  кезең  көркем  туынды  талданып  біткен  соң,  беріледі.  Бірінші  кезеңде  кіріспе 
ұғымы  беріледі.  Мысалы,  осы  драманы  талдау  алдында  драмалық  шығармалар,  оның 
түрлері (трагедия, комедия, пьеса, акт, көрініс, перде, сурет, ремарка, монолог, диалог, тартыс) 
туралы  алғашқы  ұғым  беріледі.  Талдау  барысында, соңында нақты  мысалдар  арқылы  бұл 
теориялық  ұғым  тереңдете  берілуі  керек.  Мысалы,  монолог  туралы  кіріспе  ұғымда  ол 
кейіпкер сөзі екені, драмалық туындыларда монологке ерекше мән берілетіні айтылса, 
екінші  кезенде осы монологтердің драмада атқарып тұрған  маңызы,  орны  ашылуы  керек. 
Мәселен,  актідегі  Жантық  монологі  бүкіл  трагедиядағы  Жантықтың  кім  екендігін 
оқырманға да, көрерменге де айқын ашып тастайды. Жантықтың небір аяр істерін, оның 
себебін осы монолог дәлелдейді. Қарабай қойнына зәр жыландай кіріп алған Жантық ең 
алдымен  сол  Қарабайдын  өзін  шағады.  Қодар  мен  Қозы  бірін-бірі  өлтірсе,  қауқарсыз 
Қарабайды Жантык өзі бір жайлы етпей ме, сөйтіп, Баян да, қыруар мал да Жантекеңдікі 
болып  қалмай  ма?  Әлсін-әлсін  Қарабайды  жану,  Қодарды  қылмысқа  итермелеу 
мақсаты, тіпті шығарманың ең негізгі шиеленісі де сол Жантекеңнің іс-әрекетінде жатыр 
ғой. 
3. Талдауды драмалық шығармаларды күйтабақтан талдау, немесе, содан көрініс 
көрсетуден бастаудың маңызы зор. Сондай-ақ оқушылар қызығушылығын арттыру 
мақсатында драманың жазылу тарихы, оны ойнаған артистер туралы әңгімелеу, туынды 
туралы әдебиетшілер, сыншылар пікірі жазылған көрнекіліктерді пайдалану 
тиімді болмақ. 
4. Талдауда мәтінге сүйену, үнемі соған арқа сүйеу, әсіресе, драмалық шығармаларды 
оқытудың алтын арқауы болып табылады. Мұғалім ең негізгі көрініс, актілерді, 
монолог, диалогтерді бөліп ала отырып, сол бойынша жұмыс істеуі керек. 
5. Мәнерлеп оқу, түсіндірмелі оқу, рөлге бөліп оқуға ерекше назар аударылады. 
Мәтінді осылай оқи отырып, сұрақ-жауап, проблемалық жағдаят тудыру, оны шешу, т.б. 
әдіс-тәсілдер арқылы талдау ары қарай жүргізіледі. 
6. Талдау барысында жиі-жиі оқушыларды қозғау салып, 
олардың қиялы, ойына ерік беріп отыру да драмалық  шығармаларды оқытудың тиімді 
жолдарының бірі. Мысалы, «Қозы Көрпештегі» ең соңғы көріністі талдай отырьш: «Кәне, 
балалар, осы оқиғаны сахнадан көргеңдей айтьш беріңдерші» немесе «Осы көрініс сахнада 
жүріп жатыр дейік, көз алдыңа қалай келтірер едің?» деген сұрақтармен оқушылардың 
қабілетіне, шығармашылық ойына да жол ашып отыру керек. Оның басты себебі, 
драмалық шығармаларды оқыта отырып, мүғалім театр көрерменін тәрбиелейтінін де 
ұмытпағаны дұрыс. Немесе, мына актіге, не оқиғаға қандай көрініс берер едің, қандай 
декорация жасар едің? дегендей де сұрақтар жоғарыдағы мақсаттан тумақ. Кейіпкерлер 
монологі, диалогін үнтаспадан (мәнерлеп оқылған) тыңдау, қабілетті оқушыларды алдын 
ала әзірлеп, жатқа айтқызудың да өзіндік орны бар. 
Драмалық шығармаларды оқытудын басты мақсатының бірі, жоғарыда айтып кеттік, 
оның  табиғатын,  әдебиеттің  басқа  жанрларынан  өзіндік  ерекшелігін  таныту.  Осы 
мақсатта,  мысалы,  «Қозы  Көрпеш»  лиро-эпикалық  жырын  (трагедия  негізі  осы  жырдан 
алынған) «Қозы Көрпеш — Баян сұлумен» салыстырудың маңызы зор. Трагедияны талдау 
барысында мынадай сұрақтар қоюға болады: 


 
102 
1. Жырда қандай кейіпкерлер бар? Олар трагедияда сақталған ба? 
2. Қандай кейіпкерлер трагедиядағы жырда жоқ? 
3. Қандай оқиғалар жырда алынған? Қайсысын автор қосқан? 
4. Кейіпкердің жырдағы сөйлеу тілін автор траге диясында пайдаланған ба? 
5. Жырдағы негізгі тартыстар трагедияда пайдаланылған ба? 
Салыстыру  сұрақтарын  алдын  ала  үйге  беріп,  оқушылар-ың  ойлауына  жағдай 
жасаған дұрыс. Салыстыру жұмыстары арқылы жыр мен драманың айырмашылығын 
ажырату,  аңдату  жүзеге  асырылады.  Қорытынды  сұрақ  ретінде  (6-сұрақ):  «Балалар, 
қалай  ойлайсыңдар,  жыр  мен  драманың  айырмашылыктары  неде?»  деген  сұрақ  қоюға 
болады. 
Драмалық  шығармаларды  оқытудың  жолдары  көп.  Ол  -әр  мұғалімнің  ізденісі, 
шеберлігіне  де  байланысты  шығармашылық  жұмыс.  Дегенмен,  оның  өзіне  тән  оқыту 
әдістері,  сабақ  түрлері  болады.  Концерт-сабақтар,  композициялық  сабақтар  түрі  - 
драманы  өтудегі  тиімді  сабақ  түрлеріне  жатады.  Төменде  драмалық  шығармаларды 
оқытудың барысын көрсететін сабақ үлгісі беріледі. 
                                           
                                               М.О.Әуезов - драматург, аудармашы 
(Концерт-сабақ) 
Сабақтың 
негізгі 
элементі, мазмұны 
Оқыту 
әдісі. 
Сабақ формасы 
Оқу  жабдықтары. 
Қосымша материалдар 
а)  Кіріспе.  М.О.Әуезов  -
драматург  
Алдын  ала  практи-
калық  тапсырма  беру. 
Аннотация, 
анкета 
сұрақтары  (гр.  форма). 
Әңгіме 
элементі 
бар 
лекция 
(сөздік 
әдісі). 
Сабақтың 
ең 
басты 
формасы-концерт-сабақ  
1.  Кесте-плакаттар. 
2. 
Иллюстрациялар. 
Қосымша 
материал. 
М.Қаратаев.  «М.Әуе-зов  - 
әдебиет 
мақ-таны» 
(«Жұлдыз», 1977 ж.)  
«Еңлік-Кебек» 
трагедиясы. 
Жазылу 
тарихы. 
Оқиғаның 
өмір 
шындығына құрылуы  
Үйге  өз  беттерімен 
орындауға 
берілген 
практикалық, 
та-
нымдық-іздендіруші 
тапсырмалар  (сауалнама, 
инсце-нировка,  гр.  тап. 
сұрақ-жауап), 
проблемалық  си-паттағы 
әңгімелеу, баяндау  
Альбом. 
Кесте. 
Иллюстрациялар. 
Инсценировка 
  
Феодалдық 
тағылық 
пен адал, таза махаббат  
Исценировка 
(гр.тапсырма), мәнерлеп 
оқу, даралық формат  
Инсценировка. 
Күйтабақтан 
үзінді 
тыңдау  
Трагедияның 
поэти-
калық 
тіл 
шешендігі, 
автордың идеялық шешімі  
Кітаппен 
(жалпы 
сыныптық 
форма) 
жұмыс. 
Пробле-малық 
жағдаят  
Плакаттар.  «Нені 
білу 
керек?» 
атты 
кабинет стендісі  


 
103 
ә)  «Қарагөз»  траге-
диясы:  тақырыбы,  идеясы. 
«Еңлік -Кебекпен» үндестігі  
Диалогиялық 
әңгіме 
(жалпы 
сыныптық 
форма). 
Проблемалық сұрақтар  
«Нені  білу  керек?» 
кестесі  
Сабаққа пайдаланған қосымша материалдар: 
а) 
М.Қаратаев. «Көркем сөздің асқан шебері» («Қазақ әдебиеті» газ.) 
ә) Ы.Дүйсенбаев. «М.О.Әуезов» (3 - 81-бет). 
б) 
Естеліктер («Жұлдыз» журналы, 1977 жыл). 
 
 
 
Басты 
кейіпкерлер. 
Нарша 
бейнесінің 
сонылығы,  жаңа  сипаты. 
Сырым. 
Трагедияның 
жігерлік сарыны. 
Мәнерлеп оқу. 
Жатқа  оқу  (даралық 
форма). 
Проблемалық жағдаят. 
Проблеманы баяндау 
Иллюстрациялар. 
Артистердің 
портреттері. 
Кесте-сызбалар 
Трагедиядағы 
автордың 
эстетикалық, 
философиялық табысы 
Практикалық    әдіс 
(кітаппен  жұмыс,  жалпы 
сыныптық 
форма). 
Проблемалық 
жағдаятты 
шешу. Әңгімелеу. 
 
«Абай» 
трагедиясы. 
Жазылу тарихы және негізгі 
көтерген мәселесі. Трагедия 
шиеленісі 
 
ескі 
мен 
жаңаның, прогрестің күресі. 
Эвристикалық әдіс.  
Проблемалық  баяндау 
(ішінара 
оқушыларды 
қатыстыра отырып) 
Кесте-плакат. 
Күйтабақ тыңдау 
Абай 
қоғам 
қайраткері, 
ұлы 
ақын, 
гуманист, 
философ, 
күрескер. 
Проблемалық баяндау. 
Әңгімелеу. 
Иллюстрациялар. 
Трагедиядағы  негізгі 
оқиға 
–Ажар, 
Айдар 
махаббаты. 
Айдардың 
өмірі. 
Оқушы  хабарламасы 
(зерттеу. 
Тапсырмаларын 
мәнерлеп 
оқу). 
Инсценировка 
Инсценировка. 
«Абай» трагедиясында 
ойнаған актерлер туралы 
материалдар 
Трагедиядағы 
автордың 
эстетикалық-
философиялық табысы.  
Практикалық 
әдіс 
(кітаппен  жұмыс,  жалпы 
сыныптық форма) 
Кодоскоп. 
Гоголь «Ревизор» 
Зерттеу 
әдісі. 
Практикалық  жұмыс.  Үлгі: 
Хлестаковтың 
монологі.  
Гоголь -Мұхтар 
Плакат. 
Иллюстрациялар. 
 
Осы 
бағанды 
толтырып, 
аудармасына 
баға беру. 
 
М.Әуезов  –  шебер 
аудаврмашы. 
(Шекспир,Тренев,т.б. 
жазушылардың 
туындыларын аударуы) 
Әңгіме-дәріс 
Фото. 
Үйге тапсырма 
 
 


 
104 
-  Кіріспені  оқушылардың  (алдын  ала  берілген)  қысқаша  хабарламасын  оқытудан 
бастадық.  Консультант  оқушы  М.Әуезовтің  драмалық  шығармалары  туралы  әдебиетші, 
сыншы, актерлердің, өнер саңлақтарының пікірлерінен үзінділер оқыды. 
Мысал келтірейік: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   182




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет