Ойыл ауданының территориясына физикалық- географиялық сипаттама Физикалық-географиялық жағдайы жағынан ауданның мынандай ерекшеліктерін атап көрсетуге болады:
жер бедерінің басым бөлігі жазықты болып келеді;
аудандар дала табиғат белдеуінде орналасқан;
климат жағдайы қатаң, шұғыл континентті;
гидрографиялық желісі басқа аудандарға қарағанда жақсы дамыған, қолайлы;
Ойыл ауданы облыстың батысында орналасқан. Ойыл өзенінің оң жағасы. Облыс орталығынан 270 км қашықтықта орналасқан. Жер көлемі 150024 га, егістік жері 10862 га.
Бүкіл аудан жерінде ұзындығы 800км болатын Ойыл өзені ағып өтеді. Күн нұрына шомыла, баяулы ғана толқи ағып жатқан өзен осы өңір сұлулығының ажарын аша түскендей. Бейне бір уақыттың өзі тоқтап қалғандай әсер қалдырады. Осы жерден ілгері қарай бірнеше шақырым жол жүрсең болды осы өзен айналып алдыңнан тағы шыға келеді. Бірақ бұл жерде айнала табиғатта өзеннің де өз көрінісі мүлдем өзгеше. Өзен атауымен аудан орталығы да «Ойыл»деп аталған. Бұл өлкенің табиғаты ерекше.
Ерте замандардан-ақ Азияны, Ресейдің және Европаны жалғастырған өзенді қуалай жүрген керуен жолында жәрменке болған.
Мақта өткен «Мақта жол» атаулары сол кездерден қалып әлгі күнге дейін сақталған. Бұл жер жәрменкеге кездейсоқ таңдалмаса керек. Өйткені Ойыл жағасында бой көтерген Қарауылтөбе. Осы төбе басына көтерілген жолаушылар айнала тегіс алақандай болып көрінеді. Төменде ирелеңдей аққан Ойыл, солтүстік батысында Ақшатау көзге шалынса шығыс жақта естіліп жатқан Барқын төбе бауырайында өзеннің көкорай шалғынға оранған жағалауындағы өрісте толы мал жайылады. Жәрмеңкеде жолдан шаршаған жолаушыларда тыныс алуға таптырмайтын жер.
Жолдың бір беті жасыл шалғынға оралған өзеннің қары болса, екінші беті күн шуағы мен қызып толқын-толқын болып жол жиелігіне құлаған шағын құмдар. Ал осы құмдар арасында қарағайлар, топ-топ болып кей жерлерде жеке дара болып бой түзеген осы әсемдік әлемінен неғұрлым тереңде енген сай соғұрлым олардың бойға шипа болып дарыңқырақ күшін қайғынқырақ сезінесін. Сонау 19 ғасырдың өзінде осы жерге көшпелі «Барқын» құмдарын тоқтату мақсатымен ағаштар мен бұталар, алғашқы қарағайлар ұлғайы өсіп ақыры құмдарды тоқтатты. Құмдар астынан 1 метрден астам тереңдікте үлкен тұщы су пайда болды.
Құмдары мен қарағайлар бұл шөлейт ауданда ең таза ауыз суы қорғанына айналып айнала ауылдарды қамтамасыз етіп отыр. Ойыл өзені ауыл шаруашылықта көктемде арнасын тасып жайылып, айналасын ауқымды шабындықтарға айналдырып өзен адам мүктесіне қызмет етеледі. Бөгеттер тұрғызылып жағалауы қалың бұтамен ағаштар өскен. Шағын су қоймалары айнала жарқырап жатыр.
Аудан өңірінде Ақшатау, яғни Борлы тау атты тау орналасқан. Бұл өте әріден келе жатыр. Бұл өлкенің қанша тарихы кұм астында қалды десеңізші. Қырқопа, Мәулен берді сияқты қалалардың аттары тек халықтың жадында ғана сақталған. Бұнда қорғандар қандай тылсым дүниені бауырына басып жасырып жатыр екен. Төбеден асып түссең болды алдыңнан шыға келген «Ойыл» өзені қоштасар сәтте өзінің тағы да бір ғажайып табиғатын алға тартады.