Анықтамалар



бет14/17
Дата27.11.2023
өлшемі428,9 Kb.
#128645
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Ландшафтық кесулер – рекреациялық тағайындалған, ормандардағы орман парктік ландшафтарды құруға және олардың эстетикалық, сауықтыру құндылықтарын және төзімділігін арттыруға бағытталған күту кесулері. Бұл кесулердің арқасында ағаш бітімдірінің әр жасында әр түрлі композициялар құрылады, олар төзімді ландшафтар құрастыруды, өйткені керек тұқымдар арқасында жасалады. Ландшафтық кесулерді рекреациялық ормандарда жасайды, ол тұрғындардың демалуына арналған орын болып табылады. Ландшафтық кесу бойынша кесу мөлшері әлсіз ауытқудан (15%-ға дейін) өте күшті ауытқуға дейін (36%-ға дейін) барады, ол кесулер ландшафтың жабық (толықтығы 0,6 және жоғары), жартылай ашық (0,3...0,5) және ашық (0,2 және төмен) типтерін жасау үшін қолданылады. Ол типтер демалушыларға ыңғайлы болуын, орманның сауықтыру қасиеттерін жақсартуды қамтамассыз етеді. Мұнда ағаш сүрегін өндіру басты мақсат емес, сондықтан олардың ішінен кесуге арналған ағаштарды іріктеп алу және өндіру типтері олардың ағаш бітімінде орналасу жағдайымен және орман парктік ландшафт құрудағы алатын орнына байланысты анықталады [1].
Басты қолданыс кесулері жүріп жатқан ормандардың пісіп келе жатқан піскен және ағаш бітімдерінде жаңарту кесулері жүреді. Оның мақсаты, ауыстыру арқылы жас ағаштардың өсуге деген қолайлы жағдайларын жасау болып табылады. Пайда болған орта жастардағы, пісіп келе жатқан және піскен ағаш бітімдерінде қайта құрастыру кесулерін жүргізеді. Қайта құрастырудың мақсаты тамыр жүйесін жақсарту, құрамы мен құрылымын жақсарту болып табылады. Ол мақсат орман компоненттерін реттеу, құнды ағаш тұқымдарына қолайлы жағдай жасау арқылы жүзеге асырылады.
Күту кесулерін жүргізу үшін көптеген ағаштар жіктемелері жасалған, олардың ішіндегі ең көп таралғаны өсуі бойынша жіктеу және арнайы соған бағытталған шаруашылық –биологиялық белгілері бойынша жіктеу. Бұл жіктеме барлық ағаштарды 3 түрге бөледі: ең жақсы, қосымша (пайдалы) және жағымсыз (кесуге арналған) ағаштар.
Ең жақсы ағаштарға сау, діңі түзу, толық сүректі, ұшар басы жақсы дамыған даналарды жатқызады. Олар тұқымнан пайда болған және І және ІІ , көбінесе ІІІ-ші өсу классындағы ағаштардан таңдалады. Ең жақсы ағаштар басты ағаштар болып табылады, себебі олар шаруашылық мақсаттарға сай келеді.
Қосымша ағаштар. Оған бұталары кесілген ең жақсы ағаштардың түзу діңді, ұшар басы жақсы дамыған ағаштар жатады. Олар топырақ қорғау және топырақ жақсарту функцияларын орындайды, екпенің кез келген бөлігінде орналасады, көбінесе ІІ - қатар құрастырады.
Жағымсыз ағаштар. Ол ең жақсы және қосымша ағаштардың ұшар басының өсіп дамуына өз септігін тигізетін ағаштар(оратылады, көлеңкелейді, қысады). Бұл ағаш түрлеріне суалмалы, сұламалы, қар сұлатпаға ұшыраған, өліп бара жатқан, саңырауқұлақ ауруларымен және зиянкестермен зақымдалған ағаштар жатады. Бұл ағаш түрлеріне қисайған, ірі өгей бұтақтары қалыптасқан, яғни ірі бұталы және діңінің қалыптасуы ірі ағаштар да жатады. Кесуге жарамды ағаштарға: жағымсыз және қосымша ағаш тұқымдастары ең басты ағаштарға қарағанда шаруашылық құндылығы аз, сонымен қатар өте тығыз өскен жақсы ағаштар даналары жатады.Түзілген ағаш бітімінің құрылысы мен сапасына ағаш тұқымдастарының орман түзу қасиетіне, олардың өсу класстары бойынша бөлінуіне, орман түзу жағдайларына және т.б. жағдайларға байланысты ағаш шығымдығының әр бөлігінен ағаштарды кесіп тастайды, осыған баланысты 2 негізгі күту кесулері әдіс те бөліп көрсетеді: төменгі және жоғарғы. Бұл күту кесулері әдістерін қолдануда ағаштарды өсіруге реттеу типтері және ағаш бітімдерін қалытастыруға құрам жасау мақсатында белгіленетін кесу типтері түсіндіріледі. Одан басқа ағаш іріктеу принциптері бойынша көп мәні бар екпелер пайда болады, осыған байланысты ағаш бітімінің вертикаль профилі құралады. Төменгі күту кесулері әдісіне бір қатарлы шымылдық пайда болады, ал жоғарғы күту кесулері әдісіне – көп қатарлы шымылдық түзіледі (2 және одан көп қатарлар).
Төменгі күту кесулері әдісіне ағаш діңінің құрастыру тапсырмаларын және топырақ қорғау функцияларын негізгі шымылдық атқарады. Сондықтан ол ашылмайды, өйткені ағаш шымылдығында «терезелерді» қалыптастыру болмайды. Бұл әдіс таза ағаш бітімдерінде жасалады, ағаш бітіміне бағынышты ағаштар жойылады, яғни IV…V өсу класстарындағы және сирек – ІІІ өсу класындағы ағаштар жойылады. Егер І, ІІ кластың ағаштарының діңі қисық болса әр түрлі зақымдануы болса, оларды орманнан алғанда, жоғарғы шымылдықтың ашылуына соқтырмаса, оларды да кеседі.
Жоғарғы күту кесулері әдісін көбінесе аралас ағаш бітімдерінде қолданады, мұнда жоғарғы шымылдық ағаштарын алып тастайды. Олар жағымсыз және екінші ретті ағаш тұқымдастарымен, сонымен қатар ұшар басының пішіні дұрыс емес және діңінің сапасы төмен басты ағаштармен сипатталады. Бұл әдіспен қатар ағаш бітіміне бағынышты ағаштарға да күтім жүргізіледі. Жоғарғы қатары қайың мен көктеректен болған, ал ІІ қатары қылқанды ағаш тұқымдастарынан құралған ІІ қатарлы шыршалы ағаш бітімдеріндегі күту кесулері, жоғарғы күту кесулері принципіне мысал ретінде бола алады. Бұл жерде көлеңкелер, ортайып тұрған жапырақты ағаш тұқымдастарын кесу арқылы шыршаны жоғарғы қатарға көтеру мақсаты көзделген.
Сызықтық кесулер. Оны көбінесе жас өскіндермен жас екпелерден пайда болған жасанды жас ағаш бітімдерінде жүргізіледі. Бұл тәсілде анықталған бір қатар толығымен кесіледі, ал қалған қатарларда көбінесе кесу жүргізілмейді. Мұндай территориялық кесу принципі тауарлық сүрек алуға мүмкіндік береді. Практикада ағаштарды құлатып, тасымалдау кезінде кез келген машиналар мен механизмдерді қолдануға болады, бұған қарағанда кесу жұмыстарын және технологиясын құрған жөн, себебі ол өсіп тұрған ағаштарды аз зақымдайды. Сызықтық кесу жұмыстары біраз тұрғыдан ақталады, әсіресе, орман шаруашылық тұрғыдан, өйткені ол көршілес қатарлары кесілген және арнайы өсіруге қалдырылған ағаштарының қоректену аумағы кеңейеді және өсуге қолайлы жағдайлар жасайды. Осыдан кейін бірнеше жылдан соң жасалатын кезекті кесу жұмысында қалған қатарлар жойылады, ол өз кезегінде басты қолданыс кесулеріне дейін өсірілетін ағаштарға қажетті жағдайлар жасайды. Сызықтық кесулердің орман шаруашылық кемшіліктері де бар. Айтар болсақ, бұл кесулер кезінде ең жақсы ағаштарда күту жұмыстары шектеледі, яғни соның кесірінен ең басты ағаш өскіндерінің азаюы, қар көшкіні мен қар сұлатпа қауіпінің күшеюі байқалады, жіңішке өлшемді ағаштар жойылмай қалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет