1.2.4. Ауданның табиғат жағдайы және ресурстары
Аудан жері негізінен жазық, шығыс жағы төбелі, қырқалы, жері қызыл қоңыр топырақты, сораң және құмды келеді. Ауа райы құрғақ, қысы суық, аязды, боранды, жазы ыстық, жазда температура +25, қыста – 150, ылғал мөлшері 250 мм, қар қалыңдығы 25 см. Ауданда Ойыл Қиыл, Ащыойыл, Жақсыбай, Қуырдақты, өзендері, Барқын, Баржық құмдары, Жекенді, Құтыкөл, Тамдыкөл кішігірім көлдері, Құсмұрын, Қаражар, Ақшатау, Қаратау,Орындықтау биіктері бар [5].
1.2.5 Өсімдіктер жамылғысы мен жануарлар дүниесі
Өсімдіктері: ақсексеуіл, еркек, жусан, бидайық, қарабас, изен, ебелек, бетеге.
Шөккен түйедей тізбектелген, құмның аумағы 170км2, абсолюттік биіктігі 100 метр , 23 киллометрге созылған, енді жері 15 киллометр алып жатқан Барқын құм төбелері Ойыл өңірінің әсем бір белдеуіндей. Шөптесін өсімдіктері арасында бұршақ тұқымдастан жүзгін, құлан құйрық құмыршық жыңғыл жиі өседі. Олар құм көшкінін тоқтату мақсатында 1873, 1899, 1903, 1913 жылдарда отырғызылған. Сол кезде құм төбелерді бойлай қарағайларда қолдан өсіріле бастады. Құмның етектеріндегі шалғындарда орхедейаның сирек кездесетін түрлері пайда болды. 1877 жылы Бөкей ордасынан төрт тұқымдық шырша, қарағай, қайың, көктерек әкелініп, егілді. 1950 жылы Ойыл орман шаруашылығы ұйымдастырылды. Осында екі жылдан кейін отырғызыла бастаған алма ағаштардың көлемі қазір 70 га – ға жуықтады.
Жабайы жануарлары: қасқыр, түлкі, қарсақ, күзен, ақбөкен, қоян т.б құстардан үйрек, қаз кездеседі. Қазақстан Республикасының «Қызыл кітабына» енген құстардан : безгелдек, дуадақ, кіші алақұтан, қызыл жемсау, қарашақаз, балықшы бар [6].
Қарауылтөбе, Ақшатау шоқыларынан құрлыстық ақ бор алынады. Екпетал орманды алқапта түрлі ағаштар өседі. Ұшқапта, Наурызалы жерлеріндегі емдік қасиетті мол тұзды, сазды қара балшықты жергілікті тұрғындар пайдаланады.
Ойыл - Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары жеріндегі өзен. Ұзындығы 800км, су жиналатын алқабы 31500 км2 . Ақтөбе облысындағы Қандағаш темір жол станциясының солтүстік – батысында 50км жерден басталатын, Тайсойған құмында бірнеше тармаққа бөлінеді, құмнан өте бірнеше көлге құяды. Өзенің жоғарғы және орта бөлігіндегі аңғарытерең сай – жырамен тілімделген, төменгі бөлігі белесті жазықпен ағады. Көктемде қар суымен өзен деңгейі көтеріледі, минералдығы азаяды. Жазда ирімдерге бөлініп, тұздылығы артады. Өзенің балықтары: мөңке, аққайраң, шортан, алабұға, сазан жайын. Жайылмасы – Ақтөбе, Атырау облыстары, шаруашылықтарының шабындығы. Суына егін, мал суарылады.
Кәсіптік маңызы бар хайуанаттар. Қазақстанда кең тараған аша тұяқтылардың бірі – жабайы шошқа. Ол ірі өзен – көлдердің бойында өскен қамысты қопаларды, тоғайларды мекендейді. Жабайы шошқаның аталығын – қабан, аналығын – мегежін деп атайды. Қабан мегежінге қарағанда әлдеқайда ірі. Оның салмағы 200 – 320 килограм, ал мегежіндікі 100 – 120 килограмдай болады. Қабанның аузын кере сыртқа шығып, айқасып тұрған сойдақ тісі жақсы жетілген.
Жабайы шошқа негізінен суы мол жерлерді қоныстанып,қамыстың және басқа да өсімдіктердің тамыр – түйіндерін, насекомдарды, құрттарды, кемірушілерді талғамай жейді. Осындай азықты талғамауы жабайы шошқаның ерте дәуірден бері жойылмай сақталып қалуына, кез – келген табиғи ортаға бейімделіп келуіне себепші болған . тағы шошқаның қазба қалдықтарының момонт сүйектерімен қатар табылуы оның реликті жануар екендігін көрсетеді.
Аталған аша тұяқты аңдардың ішінде көп мөлшерде еті мен мүйізі және терісі үшін ауланатын ақбөкен. Оны көпшілік жұрт киік депте атайды.
Дала күзені Бұл жыртқышты көбінесе сасық күзен деп атайды. Себебі оның жауынан қорғану үшін аналық безінен бөлініп тұратын өте жағымсыз иісі бар.
Дала күзені Республиканың барлық жерінде таралған, алайда олар сарышұнақтар жиі кездеседі. Өйткені оның негізгіазығы – ұсақ кеміргіштер. Сасық күзен інінде мекендегенімен өзі қазбай, сарышұнақтардың інін пана қылады.ғалымдардың жүргізген зерттеуі бойынша сасық күзеннің мол қоры Ақтөбе мен Оралда облыстарында шоғырланған екен. терісі аса бағалы оның сәнді терісі шет елдерге шығарлады.
Сасық күзендер дәнді дақылдар зиянкестерді сарышұнақтарды жою арқылы халық шаруашылығында едәуір пайда тигізуде.
Кіші аққұтан. Салмағы 500грам. Бұл құтанның түсі аппқ болады. Мекиенің қауырсындары өте әдемі. Ұшқан кезде басқа да құтандар сияқты тұмсығын алдына, тұмсығын алдына, аяғын артқа созып ұшады. Қазақстанда Еділ, Жайық өзенінің сағасында ұя салады.
Достарыңызбен бөлісу: |