Анықтамалар


Ауданның топырақ жамылғысы және олардың таралуы, геоморфологиялық құрылымы



бет8/17
Дата27.11.2023
өлшемі428,9 Kb.
#128645
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17
Байланысты:
ОРМАНШЫЛЫК КУРСОВОЙ ОБРАЗЕЦ 2023

1.2.3 Ауданның топырақ жамылғысы және олардың таралуы, геоморфологиялық құрылымы

Ақтөбе облысының жер бедері туралы мәләметтер 18-19 ғасырларда Орынбор қаласы соның ішінде біз көңіл бөліп отырған, Қырғыз – Қайсақ жазбаларында пайда бола бастады. Ол кезде геоморфологиялық тұрғыда зерттелмегені мен біз көп мағлұматтар ала аламыз. Ауданның негізгі жер бедері үстіртті жазық болып келеді. Облыс аумағының 3\1 бөлігін алап жатқан Жем үстіртінің бір бөлігі осы аудан жер көлеміне енеді. Ойыл өзені басын осы Жем үстіртінен алады. Жем үстіртінің оңтүстік-батысын Құмжарған құм массиві алып жатыр. Аудан орталығының солтүстік батысында Ақшатау – бор түзінділерінен қалыптасқан тау орналасқан.


Геоморфологиялық жағдайына байланысты орман шаруашылық аумағы Орал - Ембі жазығына жатады. Жер бедері біртекті емес болу салдарынан әр түрлілік болып сипатталады. Ойыл өзенінің бір жиегі саздақты орман түрлік жоғары терасса болып келеді. «Барқын» құмы теңіз деңгейінен 85-100 м төмпешіктері өзен көлшіктері кіші және үлкен Қобда, Теріссоққан және Илек аллювиалды – көгалды топырақ болып келеді.
Топырақтың сулы айырықша учаскелері ең көп аумағын алады және олар қою қызғылт – қоңыр , қызғылт – қоңыр, ашық қызғылт – қоңыр топырақ және басқа да түрлерлі бар. Осы топырақтар орманға шегіршін және басқа учаскелерде шыршамен теректер отырғызуға жарамды.
«Гипролесхоз» топырақ зерттеулері қорытындысында Ойыл Орман шаруашылығында әр түрлілік топырақтар бар екен. Сондықтан Орман шаруашылықта орман мәдениетін құру барысында «Гипролесхоз» жобасында сай болуы тиіс.
Құмды топырақтардың көп учаскелері жел эрозиясына тәуелді. Соның ішінде «Барқын» құмында жел эрозиясынан қорғайтын ықтырма немесе қорғайтын ағаштар егіледі. Орман шаруашылық аймағында шымтезектер жоқ. Батпақтану процессі тек өзен көлшіктері ауысқан уақытында байқалады.
Ойыл селосының жасыл желек учаскелері Ойыл өзенінің аңғарында орналасқан. Өзеннің сол жақ жағалауы жай толқынды жер бедері, кейбір желерінде кішкене ойысты учаскелер, кеуіп кеткен көлшіктер бар. Өзеннің оң жағалауының жер бедері түзеулер, биіктігі 20 метрдей жырамен шектелген жалпы айтқанда, учаскелер жер бедері механизацияланған орман өсіру жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді. Грунт сулары тереңдігі 2000см-ге дейін топырақ құру породалары суға еритін тұздармен араласпаған. Сол тереңдіктен төмен және өсімдіктерге зиянын тигізетін сульфид және хлорид сияқты суда еритін тұзды саз қатпалар араласқан. Кейбір жерлерде тұздануы 1-1,3% дейін жетеді. Құмды текшелерлің тез еритін тұздарының мөлшері 0,05-0,2% дейін жетеді.
Грунт сулары 0,7 метрден 3,5 метрге дейін тереңдікте жатыр. Грунт сулары хлоридтік, сульфидтік типімен тұздалған, минералдық мөлшері-1 ге 1-5 грамм тез еритін тұздар.
Ойыл өзенінің аңғары су басу зонасынан шығып кеткен. Аллювиалдық топырақтардың қатпарлы құрлымы бар. Ойыл өзенінің жасыл желек аймағының топырағын зерттеу кезінде келесі көрсеткіштер анықтады.
Орман су жағдайына қарай жасыл желек аймағының топырақ түрлері 4 топқа бөлінген.
Орман шаруашылығының бірінші топ топырағының жалпы ауданы 409,6 га, немесе барлық жасыл желек ауданының 45%-н құрайды.
Көгалды қызғылт-қоңыр карбонатты топырақтың грунт сулары 1-2,5 метр тереңдігінде өтетін учаскелерді жояды және топырақ құру процесстеріне ықпал етеді. Көгалды қызғылт-қоңыр карбонатты текшеленген саздақты-сазды топырақ 43,34 га аймақты немесе жасыл желек ауданының 4%-н алып жатыр.
Қара шірікті топырақ (А+В) қалындығы 46 см. Жоғарғы жиегі (А) 26 см қалындығы бар.сұрғылт-сары, жеңіл саздақты саз линзасымен, тамыры аз, құрғақ ...
Келесі жиелікке кіру ашық: В1-жиелігі-ылғалды, текшеленген саздымен аралас қою сұрғыш. Темір тотығы бар, тамырлары аз. Келесі жиелікке кіру қатарлы;
В2-жиелігі-үстіде аталып кеткенге ұқсайды, бірақ В1-ге қарағанда кішкене ашықтау және ылғалдылау. Даттанған темір тотығы дақтары көп білінеді.
Аналық түріне қосылу түсіне байланысты өте аз.
С жиелігі-ылғалды, жасыл-сұрғылт тығыз пластикалық сазды ұсақ қоңыр структуралы. Даттанған темір тотығы дақтары білінеді. Келесі жиелікке кіру ашық;
Р жиелігі-құммен саздың қатпарынан қара жасыл-сұрғыш түсті.
Топырақтың қышқылмен қайнауы профильдің беткі жағынан бастап барлық жерге таратылуы байқалады. Бірақ көзге көрініп тұратындай карбонат көрінбейді. Грунт сулары 200 см кесіндіден көрінеді және 1,5 сағатта 40 см-ге жоғары көтерілді. Судың тұнбасы 1 метрге 1,4 граммнан артық емес.Сол грунт судың ащы екенін білдіреді.
Жоғары жиелік механикалық құрлымы жоғарыда аталып кеткендей жеңіл саздақты топырақ, «физикалық саз» 25,5 % фракциясын алады. Бірақ осы жиеліктің жиелігі-саз линзасының қатысуымен ауырлайды. Төменгі жиеліктерде сазды текшеленген көп болғандықтан механикалық құрлымы саздақты-сазды топырақ болып белгіленді. Көгалды қызғылт-қоңыр топырақтың құрамында қара шірік аз, жоғарғы жиелікте 1,233%, төмен қарай оның саны жайлап азая береді. Қоректендіретін қозғалмалы элементтердің саны келесі сан түрімен көрсетіледі 1) Топырақтың жоғарыда тұрған 65,8 мг 1 кг ішіндегі азот гидролизі-жақсы қамтамасыз етеді;
2) Топырақтың 7,02 мг қозғалмалы фосфордың 100 граммға- жақсы қамтамасыз етеді;
3) Топырақтың 68,7 мг қозғалмалы калийдің 100 граммға- жақсы қамтамасыз етеді [16, 17].
Көгалды қызғылт-қоңыр топырақтар зиянды суда еритін тұздармен тұздалынбаған. Горизонттағы жеңіл механикалық құрылымдағы тығыз қалдықтар 0,55%-дан жоғары емес, ауыр механикалық құрылымда ол кішкене жоғарылау, бірақ 0,3% сульфаты көп. Көгалды қызғылт-қоңыр топырақтар зерттелген аймақтағы ең жақсы топырақ болып саналады: қоректендіретін қозғалмалы элементтермен жақсы қамтамасыз етілген, жүйелі, зиянды суда еритін тұздармен тұздалынбаған, салыстырғанда ылғалдылықпен камтамасыз етуі жаман емес. Себебі грунт сулары кішкентай тереңдікте орналасқан.
Көгалды карбонатты текшеленген сазды-құмды топырақта екінші учаскенің сол жақ жағалауында орналасқан. Грунт суының 0,7 – 1,5м жақындығымен сипатталады. Олардың топырақ құру процессіне әсері жоғарыда айтылған топырақтарға қарағанда бедерлі. Көгалды қызғылт–қоңыр топырақ сияқты олар анық көрсетіліп текшеленген, зиянды суда еритін тұздармен тұздалынбаған, қоректендіретін қозғалмалы элементтермен жақсы қамтамасыз етілген.
Көгалды қызғылт-қоңыр түріне мынадай тірлерге кепілдеме беріледі: жасыл шаған, қарапайым шегіршін, пирамидальді қайын, бальзамды және басқа түрлері.
Екінші топырақ топтарына қызғылт-қоңырмен ашық қызғылт-қоңырлар, механикалық құрлымы әр түрлі топырақтар, сонымен қатар ашық қызғылт-қоңырмен араласқан көгалды қызғылт-қоңыр топырақтар жатады. Топырақтардың екінші тобының жалпы көлемі 311,84 га немесе аймақтың жалпы көлемі 37%. Көп бөлігінің ашық қызғылт-қоңыр топырақ алады, көлемі 291,35 га.
Ашық қызғылт-қоңыр текшелген топырақтар аймақтың ашық қызғылт-қоңыр топырақтың ұқсас және олардан ашық текшелген профильде анық аллювиалдығымен ерекшеленеді. Топырақтың екінші тобының ең көп аумағын көгалды қызғылт-қоңыр карбонатты текшеленген құмдақты-құмды топырақтар алады. Топырақтардың морфологиялық сипаттамасы: қара шіріктің жүйелігінің қуаттылығы (А+В1) 30-50 см-ге тең. Жоғарғы А жиеліктің-ашық сұры түсті, құрғақ, ұсақ кесекті, ұсақ дәнді немесе оқ-кесекті, құмды, тығыздығы әлсіз. Астыдағы жиелікке тез арада көшеді.
А2 жиелігі сұрғыш ашық сары түсті құрғақ, жүйелісіз, ұсақ-дәнді. Астыдағы жиелікке тез арада көшеді.
В жиелігі қою сұры, құрғақ, ұсақ кесекті, мақта жапырақты-ұсақ кесекті, саздақты. Келесі жиелікке тез арада көшеді. Олар бір текті сазды профиль. Батпақтану белгілері (ерекше иісі, темір дақтары) 42 см тереңдігінде білінеді, ал 76 см-де отты, көкшіл қою жасыл, ашық батпақтану белгісі көкшіл қара саз (күкіртсутегі, темір тотығының жинақталуы) жатады. Батпақтану процессі топырақтардың физикалық, химиялық қасиеттерінің нашарлауынан болады. Оны жыл сайынғы қазу немесе көктемде бетін су басып тастайтын батпақтану процессінде өсетіндерге (қайын, үйеңкі) қолдануға болады.
Төртінші орманға жарамды емес топқа бірінші топ топырақтары солнчакті топырақтармен (30-40% дейін) араласқандар, солончактілер, егілгендерден орта өскен және әлсіз өскен қою құмдар, сонымен қатар Ойыл өзені арнасындағы ерекшеленген аллювиалды құмды – саздақты топырақтар.
Төртінші топ топырақтарының жалпы көлемі 134,05 га немесе барлық жасыл желектің 15% аймағын алады.
Көгалды-батпақты текшеленген сазды-құмды солончактар көлемі 20,58 га, немесе барлық жасыл желектің 2% аймағын алады. Топырақтардың морфологиялық сипаттамасы келесілер: жоғарғы жиелігі сұрғыш ақшыл сары түсті құмның сазды – саздақтылардың текшеленгенінен әлсіз тығызды. Беттерінде тез арада егіп кететін тұздар көрініп тұр.
Астында құммен саздың бейберекет текшеленгені көрінеді. 62см- ден кейін темір дақтары кездеседі. Төменде бір бірімен кездесетін сазбен құмның қабаттары көрінеді.
Бірінші топ топырақтарына қарағанда екінші топ топырақтарында орман егу жағдайы қаталдау, себебі олар қара шірікпен ылғалдылыққа онша қатты бай емес. Сондықтан бұл топырақтарға құрғақшылықты көтеретін түрлер өседі: үйеңкі, шегіршін т.б.
Үшінші топ топырақтары жасыл желектің 18,51 га көлемін немесе жалпы аймақтың 3% орманға жарамды аумағын алады. Бұл топқа қызғылт-қоңыр саздақты топырақтардың солончакті қызғылт-қоңыр (20%) және көгалды карбонатты сазды топырақтармен араласқаны жатады. Осы жинақталған бөліктер 13,07 га-ды алады. Қызғылт-қоңыр ауыр саздақты солончакті топырақтарды ұстап тұрған дақтарды тастап, оларды таңдаулы егіншілікке қолдануға болады. Бұл топырақтар тұздылығы 0,3% алып тұратын тереңдігі 5-30 см жиелігі бар. Осындай саны көп суда ерігіш тұздардың жер бетіне жақын орналасқандар мәдениет өсімдіктерінің өсуіне жағымсыз әсер тигізеді [16].
Кішкене аймақты көгалды карбонатты сазды топырақтар алады-5,44 га. Бұл қатардағы топырақтардың жағымды қасиеттері бар. Профильдері тым тұздалынбаған, тұщы грунт сулары 70 – 100 см тереңдікте орналасқан, қоректенуге саны көп қозғалмалы элементтері бар. Бірақ сол уақытта олар бір жағынан жағымсыз әсерін көрсетіп тұрады немесе батпақтану процессіне ықпал. Бұл топырақтар, жасыл желектің басқа топырақтарына қарағанда сортанданған сазда дамыды. Түстері қоюланып кетеді, күкіртсутегінің иісі пайда болады немесе сортаңның белгілері. Көгалды карбонатты солончак арнайы бөлектеніп кездеспейді, жоғарыда айтылғын топырақтармен қосылыс ретінде кездеседі. Бұл топырақтарда грунт суларының еру әсеріне жоғарғы жиелікте көптеген тұздар жиналады. Қалай көгалды-батпақты солончактар орман егісіне жағымсыз әсер берсе, солай көгалдыларда әсер береді. Бұл топырақтар суландыру процессін талап етеді немесе бұл аймақта суландыру әлеуметті түрде және мақсатсыз өтеді.
Орман өсіруге төмпешікті құмдар да жарамсыз. Олар жүйелісіз , қоректендіру заттары жоқ, ылғалдылықты ұстай алмайды [5, 6].




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет