Анықтамалар


Орман шаруашылығының іс-әрекеттерінің қысқаша сипаттамасы



бет7/17
Дата27.11.2023
өлшемі428,9 Kb.
#128645
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17
Байланысты:
ОРМАНШЫЛЫК КУРСОВОЙ ОБРАЗЕЦ 2023

1.2.1 Орман шаруашылығының іс-әрекеттерінің қысқаша сипаттамасы

Ойыл орман шаруашылығы 1950 жылға дейін Темір орман шаруашылығының Ойыл орман шаруашылығы бөлімшесі болған. 1950 жылы Темір орман шаруашылығынан бөлініп, өз алдына Ойыл орман шаруашылығы мекемесі болып бекітілген. Екпетал-Ойыл-Орман шаруашылығының әкімшілік орталығы. Ойыл селосының шығысынан-3 км қашықтықта орналасқан. Жалпы шаруашылыққа қарасты жер көлемі 23254 га, соның ішінде орман алқабы -7291 га. Соңғы санақ бойынша халық саны 281 адам. Екпетал мекенінде орман шаруашылығы, мектеп балабақшасы, монша, фельдшерлік-акушерлік пункт, ауылдық кітапхана жұмыс жасайды. 1964-1969 жылдары жеміс ағаштары (алма, шие, өрік) егіле бастады. Жалпы көлемі - 45 га. 1950 жылдан бастап табиғатты қорғау және тұрмыстық шаруашылық міндеттерді толығымен атқарып келді. Алғашқы директоры- Антон Нота. Екпетал елді-мекенінде алғаш рет типтік жобамен мәдениет ошақтары, мектеп балабақшасы, монша, фельдшерлік-акушерлік пункт, ауылдық кітапхана, кеңсе үйі және дүкендер салынды. Кеңсе үйінің ішіндегі үлкен залда кино көрсетілген. Сол кездері әр совхозда жол жиегінде егілген көшеттер қазір жайқалып орман алқабы болып өсіп тұр [4, 5].


1.2.2 Аудан өңірінің гидрогеологиялық жағдайы

Ақтөбе облыслысының өзендері ішкі тұйық алапқа жатады. Тұрақты су ағысы бар өзендер өте аз. Суы жазда тартылып қалатын маусымдық өзендер саны басым, кішігірім көлдерде бар.


Аудан өзендері Каспий теңізінің және тұйық әрі шағын көлдердің алабына жатады. Өзендер, негізінен, қар, атмосфералық жауын-шашынмен, жер асты сулармен қоректенеді.
Өзендердің су деңгейі тек көктемде қар еріген кезде ғана көтеріледі. Сондықтан өзен қоректенуінде атмосфералық жауын – шашын мен жер асты сулары орын алады.
Каспий теңізі алабына жататын өзендерге: Жем (Ембі), Сағыз, Ойыл, Елек өзендері (салаларымен қоса)жатса. Олардың ең ірісі Ойыл өзені. Көп өзендері жазда қара суға айналады немесе құрғап қалады. Ойыл өзені - ұзындығы 800 км, су жиналатын алқабы 31500 км . Бастауын Жем үстіртінен алады. Өзеннің Ақтөбе облыс аумағымен жоғары және ортаңғы ағыстары ағып өтеді. Ірі салалары: Қиыл, Ащыойыл, Кенжалы, Қайынды. Қар суымен, жаңбыр суымен қоректенеді. Жылдық су шығыны - 10,8 м/сек. Арнасының кеңдігі 20-40м. Жазықтық жер бедерімен ағады. Өзен ағатын тұстармен облыстың мал шаруашылығымен айналысатын аудандары орналасқан. Сондықтан өзен ауыл шаруашылығы үшін қолданылады.
Облыстың материк ішінде орналасуы және кенет құрылықты болуы аймақтың және грунт сулардың кедейшілігі себеп болды. Өзеннің шығу тегі Мұғалджар тауы және Орал-Ембі жазығы. Көп үлкен өзендердің кең жазығы 4-тен 8 км-ге дейін барады. Көлшік ереже бойынша 2 жақты, өзеннің орташа ағысы 0,7 ден 1 км – ге дейін және 3 – 4 км.
Көлшіктердің сумен толуы көбінесе көктемде, толу ұзақтығы 10 – 15 күн арасында 2 – 6 метрге дейін көтеріледі.
Грунт суымен жамбырдың қызметі маңызды емес. Өзенге құнар беретін қар.
Тайыз сулармен бірге грунттық суларда белгілі бір орын алады. Тайыз грунт сулары көп жерде болмаса да ішуге жарамды.
Ауыл шаруашылық аумағында батпақ жер болмағандықтан гидромелиоративтік мерекелер керек емес [5].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет