Тақырып «Менің отбасым» "Менің отбасым" фотографиялары бойынша суреттеу әңгімелерін құрау. Мақсаты: тәрбиешінің жоспары бойынша балаларды эңгіме қүрауға үйрету; өз отбасы өмірінен кейбір жағдайларды анық, ретті, байланыстыра сипаттай білуге үйрету.
Жабдықтар: "Отбасы" суреті, балалардың отбасылық фотосуреттері, дидактикалық ойын "Бұл кімге тиісті"
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің барысы: Әңгіме. -Балалар, қараңдаршы, мен бүтін сендерге қандай сурет әкелдім. (суретті стендке іледі)
-Бұл суретті қалай атайсыңдар? Неліктен?
-Ал сендер жұмбақ шешкенді жақсы көресіңдер ме?
-Қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын, ал сендер кім туралы айтылғанын табыңдар.
Ол өте мейірімді, ақ шашты, көзінің айналасында ұсақ әжімдері бар, дәмді тағамдар, тәтті нандар пісіреді, сендерге жылы қолғап тоқиды, ұйықтар алдында ән немесе ертегі айтып береді.
-Бұл кім? (әже)
-Оны қалай білдіңдер?
-Ал сендердің әжелерің не істей алады? балалардың жауаптары, тәрбиеші толық жауап беруін талап етеді)
Ол көзілдірік киеді, көп кітаптар оқиды, көптеген қызықты тарихи оқиғаларды біледі. Ол әжеге көмектеседі, дүкенге және базарға барады, зейнетақы алады, немерелеріне қарайласады.
-Кім бұл? (ата)
-Ал сендердің аталарың қандай? (балалардың жауаптары).
Оны жер бетіндегі ең бірінші, ең әдемі сөзбен атайды. Ол сен үшін е қымбат адам..
-Бұл жұмбақ кім туралы? (ана туралы)
-Сендер өздеріңнің аналарыңды қандай мейірімді сөзбен атайсындар? (Анашым, анатайым).
-Аналарың сендерді қалай еркелетеді? (балалардың жауаптары)
-Және соңғы жұмбақ.
Ол салмақты да, байсалды, барлық бос уақытын сендермен өткізеді: сендерді циркке апарады, демалыс кезінде барлық отбасын табиғатқа алып шығады.
-Бұл кім? (әке)
-Дұрыс. Ал әке не істей алады? (ағаш жарады, футбол ойнайды, т.б.).
-Ал сендердің әкелерің қандай? (күшті, батыл, мықты,...)
-Балалар, ал сендер білесіңдер ме, жақын адамдарды қалай атайды? (егер балалар қиындық керсе, оларға тәрбиеші көмектеседІ)
-Оларды туысқандар немесе туыстар деп атайды.
-Айтыңдаршы, аға мен апа (әпке) бір біріне кім болады? (туысқандар)
-Ал немере апай? (туысқан)
-Ал тәте -әкесінің апасы, сендерге кім? (туысқан)
-Ал ағай (немесе ағатай) - экеңнің ағасы? (туысқан)
Сергіту сәті: (саусақ гимнастикасы: балалар саусақтарын
жұдырықтарына түйеді)
Бір үйде біз нешеуміз?
Кел, ойнайық екеуміз:
Бас бармағым - папам, Балаң үйрек - апам, Ортан терек - ағам, Шылдыр шүмек - мен, Титтей бөбек - сен. Бір үйде біз нешеуміз? Бір үйде біз бесеуміз! (балалар жұдырықтарын ашып, жұмады) -Бүгін мен сабаққа әрқайсың өз отбасыңның фотосуретін әкелуді сүраған едім. Мен де өз отбасымның суретін әкелдім, ол туралы әңгімелеп беремін.
Тәрбиешінің эңгімесі "Менің отбасым".
Жоспар бойынша тәрбиешінің әңгімесі: 1.Отбасында неше адам? (оларды ата).
2.Олардың әрқайсысы туралы айтындар (қайда жұмыс істейді, оқиды, бос уақытында немен айналысады).
3.Сенің отбасың барлыгы жиналғанда не істеүенді ұнатады?
4.Сен өз отбасықцы неге және не үшін жақсы көресің?
-Балалар, сендерге менің әңгімем ұнады ма? Неліктен?
-Кімнің маған сұрағы бар? (балалар сұрағына жауап береді)
-Ал қазір сендер өздерің өз отбасыларың туралы әңгіме кұрастырыңдар (2-3 баланың жауабы, одан соң балалар бір біріне өз отбасы туралы әңгімелейді).
Ойын "Қай зат кімдікі". (сөздік ойын, мұнда балалар әжесіне, атасына, анасына, әкесіне, ағасына, апасына, әпкесіне тиісті үш затты атауы керек)
Ал балалар, сендер отбасы туралы мақал-мәтелдер білесіңдер ме? (егер білетін болса, онда оларды айтып, түсіндіреді)
Тәрбиеші отбасы туралы мақал айтады және балалармен бірге талдайды.
Ақылды қария - ағыпа жатқан дария.
Ата - балаға сыншы.
Әдепті бала - арлы бала,
Әдепсіз бала сорлы бала.
(егер балалар қиындық корсе, оларға тәрбиеші көмектеседі)
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің қорытындысы. (Ата-аналар бұрышына ең жақсы әңгімелерді жазып қою ұсынылады).