Анықтамалық және әдістемелік әдебиеттерді зерттеу. Перспективтік жоспарды құрастыру



бет16/31
Дата25.05.2023
өлшемі160,51 Kb.
#97003
түріАнықтамалық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   31
8 ұйымдастырылған оқу іс-әрекет

Тақырып «Қыстайтын құстар»


Бейнелеу арқылы жұмбақ құрастыру.
Мақсаты: балаларға заттық сурет арқылы бейнелеу жұмбағын құрастыруды үйрету; жалпылау сөздері, іс-әрекет сөздері, белгі-сөздері арқылы сездік қорын арттыру; [с], [ш] дыбыстарын айыра білуді дамыту.


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет барысы:
Ойын "Сөзді айтып жіберші".
Тәрбиеші жұмбақ жасырады.
-Сөздеді тыңдандар: қай сезде [с] дыбысы жіңішке, ал қайсысында-жуан?
-Атауларында [с] және [ш] дыбысы бар құстарды атандар: сауысқан, шымшық, т.б.
Балалар, сендер сезген боларсыңдар, бүгін сабақта не туралы айтылады? (құстар туралы)
-Дұрыс, ал қазір жылдың қай мезгілі? (күз)
- Қандай күз? (суық, түнжыраған)
- Құстар күзде өздерін қалай ұстайды? (біреулері оңтүстікке ұшып кетеді, басқалары ормандардан қалаға қыстауға ұшып келеді ) Құстар неге ұшып кетеді?
- Ұшып кететін құстарды қалай атайды? (жыл құстары )
- Ал қыстауға қалатындарды ше? (қыстайтын)
-Сендер қыстайтын және жыл құстарын білесіңдер ме? Қазір тексереміз.
Дәптердегі жұмыс: қыстап қалатын құмтарды көк дөңгелекшемен, ал жьш құстарын қызыл дөңгелекшемен белгілейміз.
Тәрбиеші құстардың атын атауын сұрайды.
Балалар білетін құстарының аттарын атайды: сауысқан, бозторғай, сары шымшық, т.б.
Құстар не істейді? - ұшып кетеді, ұшып келеді, тығылады, шоқиды, жылынады, т.с.с.
"Еркелетіп айт " ойыны.
Балалар құстар атына байланысты еркелететін сөздерді айтады: көгершінім, қарғам, балапаным, т.б.
- Қазір мен сендерге құстар туралы сипаттау, бейнелеу жұмбагын жасырамын. Ал сендер қандай құс туралы айтылғанын табуларың керек.
Жоспар бойынша жұмбақ кұру:
1. Сыртқы бейнесі.
2. Қай топқа жатады?
3. Немен қоректенеді?
4. Қалай сайрайды?
Одан кейін балалар жұмбақ жасырады. (5-6 бала)
Балалар өз жауаптарына өздері жауап береді. (ең қызықты, дәл айтылған жұмбақты таңдап алу).
- Қыстап қалатын құстарға қысты жақсы өткізу үшІн оларға адамдар қалай көмектесу керек? (қоректендіру, суару, қоректенетін орьш дайындау)
Дәптердегі жұмыс:
Үш сурет берілген. Оларды ретімен қойып, шағын әңгіме құрастыру керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет