|
Ересектермен және құрбыларымен сөздік қарым-қатынас жасау
|
бет | 3/31 | Дата | 25.05.2023 | өлшемі | 160,51 Kb. | | #97003 | түрі | Анықтамалық |
| Байланысты: Жансая тужырымдамаЕресектермен және құрбыларымен сөздік қарым-қатынас жасау
(қарым-қатынас мәдениеті) дағдысының қалыптасуы
1.Сөздік қарым-қатынас дағдылары:
ересектермен немесе құрбыларымен сөздік қарым-қатынасқа түсуге талабының барлығы немесе жоқтығы;
өзіне таныс тақырыпта ересектермен немесе құрбыларымен әңгімеге араласа алуы;
балалармен қалай сөйлеседі: көп, аз, үндемейді.
2.Қарым-қатынас мәдениеті:
бала ересектермен, құрбыларымен сыпайы сөйлеседі ме;
ересектерді қалай атайды: ата мен әкесінің атымен, "сіз" деп немесе басқаша;
ересектерге немесе таныс емес адамдарға бірінші сәлем береді ме немесе есіне салып отыру керек пе, қоштасуды ұмытып кетпейді ме;
көрсетілген көмекке алғыс айтады ма, бұл кезде "рахмет", "кешіріңіз", "өтінемін" деген сөздерді қолданады ма;
бала сөздерінде әдеби емес лексикалар кездеседі ме;
бала қарым-қатынас жағдайына байланысты әр түрлі дауыс қаттылығын қолданады ма (тамақтану барысында, ұйқыға жатар алдында,
сыбырлап, ақырын сөйлесу; сабақ кезінде - жеткілікті қатты);
әңгімелесіп отырған адамын аяғына дейін тыңдай алады ма немесе жиі алаңдайды ма, әңгімелесуші сөзін жиі бөлуге қабілетті ме;
балалармен сабырлы келісімге келеді ме; ойнағанда рольдерді, еңбек еткенде міндеттерді бөліп, өз әрекеттерін келісе алады ма;
баланың қарым-қатынас мәнері қандай: тілектестік, кішіпейілдік, талапкершілік;
қарым-қатынас мәдениеті туралы ересектердің ескертулеріне құлақ салады ма, кемшіліктерін жоюға күш салады ма;
балалардың, бейтаныс адамдардың алдында сөйлей алады ма, әлде ұялып, қорқады ма.
Зерттеу тәсілдері: бақылау (сабақта, ойын кезінде және күнделікті өмірде); тәрбиешілермен, балалармен әңгімелесулер.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|