Анықтамалық және әдістемелік әдебиеттерді зерттеу. Перспективтік жоспарды құрастыру



бет5/31
Дата25.05.2023
өлшемі160,51 Kb.
#97003
түріАнықтамалық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
Жансая тужырымдама

Сөздің қабылдауы:
Жақсы дамыған, жеткіліксіз дамыған. Тексеріңіз:

  • сөйлеудің мағыналық сәйкессіздігін анықтай білуі.

  • Балаға оқылған өлеңді тыңдап, ішіндегі қателерді табуды тапсырыңыз. "Өтірік өлеңнен" үзінділер оқуға болады.

Ұйымдастырылған іс-әрекетте құрбыларының өлең оқуын балалардың өздеріне бағалатыңыз: "Сәуле өлеңді қалай оқыды?

  • сөйлеу жылдамдығын, ырғақтық мәнерлілігін анықтай білу.

Алдыңғы тапсырмадағы тәсіл қолданылады. Тәрбиеші: "Сәуле өлеңді
қалай оқыды: шапшаң, баяу, орташа (қалыпты); мәнерлі, мәнерлі емес?" - деп сұрақтар қояды;

  • дауыс тембрін анықтай алуы.

Тексеру үшін "Кім сөйлегенін тап" ойыны қолданылады. Бала топқа теріс қарап, көзін жұмып тұрады. Тәрбиешінің тапсырмасымен екі-үш бала өлең, жұмбақ немесе жаңылтпаш айтады, ал бала кімнің сөйлегенін табуы керек. "Шақырған кім?", "Менің атым кім екенін тап" ойындарын да қолдануға болады. Сөздің екпінді, ырғақтық құрылымын анықтай алуы да тексеріледі.
Сөздің буынын сақтай алу машықтығын да тексеріңіз: балаға: са-за-са, са-за-са, са-за-са деп бірнеше рет қайталатыңыз.
Бір сөйлемдегі әртүрлі сөздерді ерекшелей отырып, бірнеше рет қайталаңыз, ал бала қай сөзді ерекшелегеніңізді тапсын. Мысалы:
"Маралға жаңа велосипед сатып әперді (Маралға, басқа қызға емес). Маралға жаңа велосипед сатып әперді (сатып әперді, сыйлаған жоқ). Маралға жаңа велосипед сатып әперді (жаңа, ескі емес). Маралға жаңа велосипед сатып әперді (велосипед, машина емес)";



  • -сөйлемдегі қателерді таба білуі және мағынасына қарай сөздерді таңдап алу:

1.Аю еңіреп жылапты:
Аралардан "шал" сұрап. (бал).
2.Мына қызға қарашы:
Сынып қапты "мамасы" (шанасы).
Жинақталған мәліметтерді саралап, қорытынды кесте құрыңыз. Кестеде сөйлеудің дыбыстық мәдениетін баланың қалай меңгергенін көрсетіңіз.


Сөздік
1.Зат есім. Тексеріңіз:
тұрмыстық лексиканы түсінуі және қолдануы.
Қуыршақ - ойыншық. Тағы қандай ойыншықтарды білесің?
Мысық - жануар. Тағы қандай жануарларды білесің?
Тәрелке - ыдыс. Тағы қандай ыдыстарды білесің?
Пияз - көкөніс. Тағы қандай көкөністерді білесің? Атап шық.
Балалардың атаған сөздерін белгілеп алыңыз.
Жалпылаушы ұғымдарды түсінуі және оларды қолдануы.
Қайың, шырша, қарағай, емен. Олар нелер? Бір сөзбен ата. (Ағаштар).
Үстел, орындық, шкаф, диван. Олар нелер? Бір сөзбен ата. (Жиһаздар).
Туфли, етік, кебіс. Олар нелер? Бір сөзбен ата. (Аяқ киімдер).
Көйлек, костюм, жейде. Олар нелер? Бір сөзбен ата. (Киімдер).
Бала қанша қате жібергенін белгілеңіз.

Адамның еңбек әрекеттерінде қолданатын құралдарды атай білуі.


Әртүрлі мамандық иелері қолданатын еңбек құралдарын атауды тапсырыңыз, мысалы құрылысшы, тігінші, аула сыпырушы, т.б.
Зат бөлшектерін атау.
Машинаның моторы бар. Тағы несі бар?
Пальтоның жағасы бар. Тағы несі бар?
Үйдің шатыры бар. Тағы несі бар?
Егер балаға қиын болса, көрнекіліктер қолданыңыз.
Аталған бөлшектердің санын белгілеп алыңыз.
Антонимдерін таңдап алу.
"Керісінше" ойынын ойнатыңыз, берілген сөзге қарама-қарсы мағынасы бар сөздері атау. Мысалы, күн-түн, жаз-қыс, т.б.
Дұрыс аталған сөздерді белгілеп алыңыз.

2.Сын есімдер. Тексеріңіз:


Нәрсенің түсін, сапасын, қасиетін, мөлшерін білдіретін сөздерді білу және қолдана алу.
Берілген зат есімді сипаттайтын сөздерді табу.
Үстел қандай болуы мүмкін? - жазу, дөңгелек, ағаш, т.с.с.
Үй қандай болуы мүмкін? - үлкен, кірпіш, екі қабатты, т.с.с.
Аспан қандай болуы мүмкін? - көгілдір, ашық, бұлтты, т.с.с.
Ең алдымен аталған өздердің санына, сонан соң сапасына (сай
келуіне) назар аударыңыз.
Сөздерді дұрыс тіркестіруін назарда ұстаңыз.
Балаға сұрақтар қойыңыз:
Шкаф ағаштан жасалған. Басқаша қалай атауға болады? - Ағаш шкаф.т.б.
Алынған мәліметтерді талдаңыз ("Сөйлеудің грамматикалық құрылымы" бөлімінде белгілеңіз):
Негізгі түстер мен реңдерді білдіретін сөздерді білу және қолдана алу.
Түстердің атауларының қайсысын меңгергенін (бағдарламаға сәйкес), қайсысын меңгермегендігін анықтаңыз:
Қарсы мағыналы сөздерді (сын есімдерді) таңдап алу.
"Керісінше" ойыны: күшті-әлсіз, батыл-қорқақ, лас-таза, көңілді-жабырқау, жарық-қараңғы.
Сөздерді дұрыс аталуын белгілеп отырыңыз.
3.Етістіктер. Тексеріңіз:
Адамдардың немесе жануарлардың әрекеттерін сипаттайтын сөздерді білу және дұрыс қолдану.
"Кім не істеп жатыр?" сөздік жаттығуы.:
Дәрігер не істеп жатыр? - Емдеп жатыр, дәрі жазып жатыр, тыңдап жатыр, т.б. Күшік не істеп жатыр? Қайшымен не істеуге болады?, т.б.
Дұрыс аталған сөздер санын белгілеңіз:
Қарама-қарсы мағынадағы етістіктерді атау: жүгіру-тоқтау, күлу-жылау, сөйлеу-үндемеу, т.б.
Алынған мәліметтерді сандық, сапалық жағынан талдаңыздар. "емес" сөзімен тіркестіре қолдану, дұрыс болып саналмайды.
4.Үстеу. Тексеріңіз:
әрекет белгісін білдіретін сөздерді (үстеулер) білу және қолдана алу.
Сұрақтар қойыңыз:
Бала қалай жүгіреді? - Тез, баяу, секіре, т.б.
Бала қалай сөйлеуі мүмкін? - Жақсы, тез, мәнерлі, нашар, т.с.с.
Егер бала бір-екі сөздермен ғана шектелсе, "Тағы қалай болуы мүмкін?" деген сұрақтармен жетелеу керек.
Жауаптарды сандық жағынан және дәлдігі тұрғысынан талдаңыз:
кеңістіктік, орынды білдіретін сөздерді түсіну және қолдана білу (тапсырма оқу жылының аяғында беріледі).
Балаға ойыншықтың, заттың орынын атауды тапсырыңыз. Егер қажетті сөзді дұрыс айтпаса немесе дұрыс жауап берілмесе, бұл сөздердің мағынасын білетіндігін тексеру керек.
Шкафқа ойыншықтарды балаға қатысты әр түрлі жағдайда орналастырып, ойыншықтың қай жерде тұрғанын айтуды (көрсетуді емес!)сұрайды.
Сөздің мағынасын түсінуі сұрақ қоюмен анықталады: "Көк бантикті қуыршақ қайда орналасқан: сол жағында ма әлде оң жағында ма? Астынды ма әлде үстінде ме? Машинаның алдында ма әлде артында ма?"
Бала қандай сөздерді меңгергенін белгілеп алыңыз;
уақыттық қатынастарды білдіретін сөздерді білуі және қолдана алуы.
"Сен қашан балабақшаға келесің?". (Таңертең). "Балабақшадан қашанкетесің?". (Кешке). "Қашан серуенге шығасың?". (Күндіз). "Адамдар қашан ұйықтайды?". (Түнде) т.б. сұрақтар қойылады. "Кеше", "бүгін", "ертең" сөздерін білуін және қолдана алуын тексеріңіз. Қандай қателіктер жібергенін белгілеп алыңыз:
мағыналары қарама-қарсы сөздерді (үстеулерді) таңдап ала білуі.
"Керісінше" ойынын қолдана отырып, мына сөздерді таңдай білуін тексеріңіз: жылдам-баяу, жақсы-жаман, жарық-қараңғы, лас-таза, алыс-жақын.
Ұсынылған сөздердің қаншасына дұрыс жауап бергенін белгілеңіз.
Мәліметтерді талдап, қорытынды кесте құрыңыз, бағдарламалық материалдарды толық меңгерген, меңгермеген балалар санын анықтаңыз, қай бөлімдер меңгерілмегенін анықтаңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет