Иықтарыңды көтеріңдер, Шегірткелер, секіріңдер! Қарғып секір! қарғып секір! Тоқта! ,
Отырамыз. Шөп жеп аламыз. Тыныштыққа құлақ саламыз. Жоғары! Жоғары! Жоғары секір! Аяқтарымыз жеңіл! -Келесі жануар мынадай: Басы, аяғы, қүйрығы және тас сауыты бар. Бұл не? (тасбақа)
-Тасбақа қауіптен қалай қорғанады? (Тас сауытына басын, аяғын, қүйрығын тығып алады).
-Тасбақа немен қоректенеді? (шөппен, жас ағаш бұрақтарымен).
-Тасбақа қысты қалай өткізеді? (ұйқыда).
Мына жануар - түлкінің толық көшірмесі. Құйрығының ұшы жағынан айырмашылығы бар, түлкіде - ол ақ, ал бұл жануарда - қаралау, және ол далада өмір сүреді. Бұл не? (Қарсақ).
Қарсақ аулауға түнде шығады. Ал ол немен қоректенеді? (тышқандармен, атжалман, сары шұнақтармен, кірпілермен).
-Ал, мына жануардың басында бұтақты ағашы бар және түзды өте жақсы көреді. Бұл не? (бұғы).
-Қазақтар бұғыны қалай атайды? (марал).
-Неге маралды жылдам аяқты жануар дейді? (Оның ұзын, әдемі аяқтары бар, батпаққа батпай жүгіріп өте алады, өзендерден жүзіп өте алады).
-Маралдың жауы не? (аю).
-Марал қауіпті сезгенде не істейді? (Біреуі пысқырады, қалғандары ақ құйрығын көтеріп алып қашады. Жолдағы бағдаршам сияқғы ол қалың орманда қараңдайды).
Ал мына жануарды құмды жерден кездестіруге болады. Оны шөл даланы мекендеуші деп атайды және ол Каспий теңізінен Балхаш көліне дейінгі аралықта кездестіруге болады. Қазақтар оны - қарақұйрық деп атайды. Бұл не? (жайран).
Балалар! Шөл далада құмдарда: бұталар, сексеуіл, шөп өседі. Жайран жазда шөппен қоректенеді, ал қыста - сексеуілмен қоректенеді, өйткені қыста қарды аршып, қар астындағы шөпті ала алмайды.
-Жайранның жауы кім деп ойлайсыңдар? (Қасқырлар, бүркіттер және дала бүркіттері)
Ал ертегіде жайранды қалай атайды? (антилопа).
Енді біз Қазақстан деген сөзді оқи аламыз.
Экипаж командирі ретінде қонуды, демалуды ұсынамын.
Үзіліс. 4.Көркем әдебиет. -Тыңдандар! Қазақстанға ұшатын рейс бойынша, ұшаққа отырғызу жарияланады. Салондағы өз орындарыңызға отырыңыздар!
Тағы да екі сағат ұшамыз. Уақытты бос жоғалтпаймыз, өйткені біздің девиз: Бәрін білгім келеді!
Мен сендерге сюрприз дайындадым. Ол орындалу үшін көздеріңді жұмып 20-ға дейін санауды ұсынамын. (Бұл кезде үстелше қоямын, Рахат Лукумның сәлдесін киіп, "теледидар" артына тығыламын).
Мен өзіммен бірге теледидар ала келдім. Көздеріңді ашыңдар да, оны қосыңдар. (шиқ!).
-О, менің жүрегімнің рақаты! Сәлеметсіңцер ме! Сендер - белгілі сиқыршы - ертегіші Рахат Лукумда қонақтасыңдар. "Ертегіде қонақта" хабарын көруді үсынамын.
-Сендер ертегіні жақсы көресіңдер ме?
-Ал ертегілердің басқа шығармалардан қандай айырмашылығы бар?
-Қандай қазақ ертегілерін білесіңцер?
-Бүгін мен сендерге "Тапқыр бала" атты қазақ халық ертегісін айтып беремін. Жаңа сөздермен: батыр, жігіт, шапан, жесір, аңыз, талқан, ұршық, жоқшылық, - алдын ала танысады.
2.Иллюстрация көрсету арқылы ертегіні әңгімелеу.
Сергіту сәті: Ертегідегі батырлар сияқты бақытты адамдар ән салады, би билейді. Сондықтан мен музыкалық үзіліс жариялаймын. Л. Хамидидің "Казақ вальсі" сазымен балалар би билейді.
3.Ертегі мазмұны бойынша жұмыс:
-Қалай ойлайсыңдар, бұл ертегі не жайлы? (Неден басталады? Немен аяқталады? Ұлы анасына қандай сұрақтар қойды? Сонымен ертегі не жайлы?).
-Басты кейіпкер-бала алдына қандай мақсат қойды? (Бақытты қашан келеді деп күтпей, өзі іздеуге шығады).
-Ертегі "Тапқыр бала" деп аталады. Оның тапқырлығы неден байқалады?
-Естеріңе түсіріңдерші, тастан майды пері қалай шығарды, бала қалай шығарды! Ол қолының алақанымен не істеу керектігін ойлап тапты? Міне ол осылайша қиын жағдайдан шықты?
-Оның тапқырлығы мен ақылдылығы тағы қай жерде байқалды? (өзінің төсек орнын басқа бүрышқа ауыстырды, әйтпесе тас оны өлтіруші еді).
-Ертегінің соңын еске түсіріңдерші! Ол өзінің анасының осындай күшті екендігін перілерге қалай сендірді? (Жуан бөренені алғызды да, ол анасының үршығы болатынын айтты).
4.Сендер бақыттысыңдар, оны мен білемін. Ал толық бақытты сезіну үшін сендерге не жетіспейді? Сендердің мақсаттарың қандай? (Балалардың жауаптары).
5.Қорытынды: О, ақылдылардың ішіндегі ақылдылары! Мен сендер үшін өте қуаныштымын. Егер алдарыңа қойған мақсатқа ұмтылсаңдар, онда табысқа да, бақытқа да жетесіңдер. Және егер мақсатқа жету үшін табанды да, қайсар болсаңдар, онда сөзсіз бақытты боласыңдар! Және естеріңде болсын:
Жан қиналмай жұмыс бітпес, Мақсат қоймай бақытқа жетпес! Мен сендермен қоштасамын. Сендердің ұшақтарың туған Қазақстан жеріне қонады. Сендерге ол туралы көп білуді тілеймін! Қош болыңдар! (Сәлдені шешемін).
Теледидарды сөндіріңдер. Сонымен біз үйдеміз, туған жердеміз. Салоннан шығып дем алуларынды сұраймын.
Үзіліс. 5.Айналамен таныстыру. 1.Ал біз үйге оралдық. Картада біздің мемлекетті көрсетіңдер!
-Бас қаламызды айтыңдар! Бұл Нұр-Сұлтан. Біздің астанамыз Нұр-Сұлтан қаласы.
-Нұр-Сұлтан қаласын картада көрсетіңіз.
-Онтүстік астанамыз кай қала?
-Алматы қаласын картада көрсетіңіз.
-Біз қай қалада тұрамыз?
-Жаңатас қаласын картада көрсетіңіз?
Алматы, Нұр-Сұлтан, Жаңатас қалалардан да басқа қалалар Қазақстанда
өте көп, қане балалар, сендер қандай қалалар білесіңдер, айтып беріңдер.
2.Сергіту сәті.
-Шеңбер жасап тұрайық. Балалар сендер Қазақстан Республикасына келіп, әрқайсың өз туыстарыңа баратын шығарсындар. Мынау "сиқырлы таяқша" сендерге барам деген қалаларыңа баруға көмектеседі.
-Мен Жаңатас қаласына қызыма және немере қызыма барам. Ал сен қайда барасың? (сиқырлы таяқшаны береді).
6.Күннің қорытындысы:. Балалар сендер бүгін жақсы жұмыс жасап, көп білім алдыңдар.
Кімге не ұнады, естеріңде не қалды?
Сендерді білгіштер деуге болама ?
Фишкаларыңды санавдар. Кімде 5 фишкадан аз тұрыңдар! Ондайлар жоқ? Ал енді кімде 5 фишкадан асып кеткевдер түрывдар .
Балалар, сендер өте тапқыр болдыңдар. Жарайсындар. Сендер білім жолына түсіп білгіш болдыңдар. "Бәрін білгім келеді" деген ұран әрдайым сендермен болсын!
"Бәрін білгім келеді!" деген өлеңді балалар тұрып айтады.
Бәрін білгім келеді, Өмірдің бәрін білгім келеді: Ойлауды да, Ойнауды, Билеуді де, Дамуды, Есте сактап! Ой таласу, ой таласу, Оңай емес бұл сұрақтар, Білгіштер телеклубы Жауап береді бәріне!