Сергіту ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің 1-бөлігі өткізіледі: Бой жазу: жай жүру (30 сек), баяу жүгіру (30 сек), жай жүру (30 сек), жартылай отырып жүру (30 сек), жай жүру (30 сек), қимылдар жаттығуы (2-3 минут), баяу жүгіру (30 сек), жыланша жүру (30 сек), диагональ бойымен жүгіру, кең адымдап жүгіру (30 сек), жай жүру (30 сек).
Қатарға тұру: таяқтарды алып, жұбымен тұру, Ара қашықтық ұстап орталықпен жүру.
Таяқпен жалпы дамытатын жаттығулар:
"Штангистер" - б.қ. аяқты алшақ ұстау, таяқ жерде. Қолды көкірек тұсына көтеру, төмен түсіру (6-8 рет).
"Айналымдар" - б.қ. таяқ жерде. Солға (оңға) деп, солға (оңға) бұрылу,
б.қ. қайта келу. (6-8 рет)
"Аяқ ұшына жеткізу" - б.қ. аяқты жауырын кеңдігіндей қашықтықта ұстау, таяқты көтереміз. Еңкейіп аяқ ұшына жеткізу, б.қ. қайта келу. (6- 8рет).
"Отыру" - б.қ. өкшені бірге ұстаймыз, аяқ басы алшақ, таяқ жерде. Отырып, таяқты алға созамыз, б.қ. қайта келу. (6-8рет).
"Секіру" - негізгі тұрыс: таяқ мойын сыртында. 3 секіруді 3 рет жүрумен кезектестіру.
Соңғы жүру, таяқтарды орнына қою, сапқа тұру.
Жаттығу өте жақсы өтті деп есептеймін. Барлықтарың ғарышкерлер қатарына өттіңдер. Ғарышкер белгісін тағындар. Отряд! Түзеліңдер! Тік тұрыңдар!
Күтіп тұр бізді ракеталар Ұшу үшін планеталарға. Қайсысына баргымыз келеді, Соған ұшып кетеміз. (".Ракеталар" қойылады). -Қайсысына ұшамыз? (Марсқа! Венераға!).
-Жақсы, Марсқа ұшамыз! Бірақ та ойын шарты бойынша кешіккендерге орын жоқ.
"Бізді жүйрік ракеталар тосът тұр" ойыны. -Ал енді туған жерімізге қайтамыз. Ракетадағы орындарыңа отырыңдар Көздеріңді жұмыңдар да, ұшып бара жатырмыз деп елестетіңдер. Міне біздің Жер көрінді. Ол қандай әдемі! Көріп тұрсыңдар ма? Көздеріңді ашыңдар! Біз қондық. Біз Жер планетасындамыз, бірақ әлі өз отанымызда емеспіз. Келесі ұшуға дейін демалуды сұраймын.
Үзіліс.
3.Экология. -1.А.Бартоның "Ұшақты өзіміз құрастырамыз" өлеңі бойынша ойын естеріңде ме? Біз Қазақстанға қайта оралуымыз қажет. Олай болса, қайда қонуымыз керек. - Қазақстанға. Қазақстанда ормандар мен дала көп. Бартоның өлеңін қалай оңдеуге болады? Қай жерден ұшып өтуге болады?
-Ормандардан ұшып өтеміз, далалардан ұшып өтеміз.
-Қайда қонамыз?
-Қазақстанға.
-Міне осылайша біз олең шығардық.
Ұшацты өзіміз жасаймыз, Ормандардың үстімен ұшамыз. Далалардың үстімен ұшамыз Қазақстанга қонамыз. "Ұшақтар" қимыл-қозғалыс ойыны өткізіледі. Балалар екі қатарға бірінің артынан бірі тұрады, жүгіне отырады, қолдары екі жақта, "моторды іске қосады". (Тұрады, қолдарымен айналма қозғалыс жасайды -р-р-р). Дайындалыңдар! (қолдарын жанына созады ). Ұшамыз! Қонамыз! (Екіншісінде орындарына барады).
2.Жол ұзақ, бірақ зерікпейміз. Мына жерде қандай сөз жасырынғанын білгілерің келе ме? (Кроссворд "Казақстан"). Қане, өздеріңнің девиздеріңді айтыңдар!
Балалар: Бәрін білгім келеді!
Кроссвордпен жұмыс: бұл жануар көрмейді және естімейді.
Бауырымен жорғалап естиді. Өте улы, уын емдеу мақсатында қолданады. (Дала сұр жыланы).
-Дала сұр жыланы күндіз не істейді? Ал түнде ше? Нелерді аулайды? (Кеміргіштер мен құрт-құмырсқаларды. Күндіз ұйықтайды, күнге қыздырынады, түнде жемін аулауға шығады).
-Балалар, сендер білесіңдер ме, жыландар олжаны қалай табады? Тышқаннан немесе кеміргіштерден жылу келеді. Сол жылу сәулелерінен сұр жыландар өз олжасын табады.
-Қане, тәжірибе өткізіп көрейік! Қолдарықды беттеріңнің немесе қолдарыңның үстінен жүргізіп көріңдер, Не сездіңдер? (жылу). Міне осыдайша сұр жылан да жақын тұрған жануардың жылуын сезеді.
-Қалай ойлайсындар, сұр жылан өз олжасын, табысын не істейді? (жұтып жібереді).
Сұр жыланның өте қауіпті екенін біз білеміз. Ал оның қандай пайдасы бар?
Ал оның кішкентай балаларының қалай пайда болатынын білгілерің келе ме? Сұр жыланның ұрғашысы жұмыртқа тастайды, бірақ ұяда қалдырмай, өзімен бірге алып жүреді. Тамыз айында - ұзындығы 15 см болатын 10 кішкентай баласы пайда болады. Келесі жануар да далада өмір сүреді. Бұл ұқыпты жануар. Бүл не? (борсық). Оны неге бұлай атайды? Тәуліктің қай мезгілінде ол белсенді? (күндіз ұйықтайды, кешке және түнде аулауға шығады).
-Борсық немен қоректенеді? (құрт-құмырсқа, кеміргіштер, тұқымдар және шөптермен).
-Борсық қыста немен қоректенеді? (ішкі майымен).
-Борсықтың қандай пайдасы бар? (кеміргіштерді жейді, майы шипалы, терісінен бас киім тігеді).
Келесі жануар орманда да, далада да өмір сүреді. Өз жануаларынан қорғану үшін тонын ауыстырады. Бұл не? (Қоян).
-Ол немен қоректенеді? (ағаштар қабығымен).
-Қалай ойлайсыңдар, қоян қай мезгілде қорегін іздеп шығады? (Түнде).
Бұл жануардың терісі қабыршақтармен жабылған. Оның мынадай ерекшелігі бар: жауынан құтылу үшін құйрығын тастап кетеді. Бұл не? (Кесіртке).
-Ал ол табысын қалай жейді? (тұтасымен жұтып жібереді).
-Кесіртке қыста не істейді? (ұйықтайды).
-Немен қоректенеді? (ішкі майымен).
Сергіту сәті: Орманда, далада шегірткелер өмір сүреді. Бәріміз шегірткеге айналайықшы. Тұрамыз!