Анықтамалық және әдістемелік әдебиеттерді зерттеу. Перспективтік жоспарды құрастыру



бет30/31
Дата25.05.2023
өлшемі160,51 Kb.
#97003
түріАнықтамалық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
Жансая тужырымдама

«Не ненің ішінде?»
Мақсаты: Жүйелі ойлауын дамыту.
1 нұсқа - жүйе - ішкі жүйе .
Алдымен тәрбиеші, содан кейін бала қандай да бір сөзді (жүйені), қалған ойыншылар олардың бірнеше ішкі белгілерін айтады.
Мысалы: ағаш - тамыр...
Үстел - аяғы...
Қалам - өзегі...
2 нұсқа - ішкі жүйе - жүйе, яғни кері ойын.
Балалар ішкі жүйе белгілері бойынша жүйені атау
Мысалы, жапырақ - ағаш ,
Дөңгелек - машина.


«Жаңа ат ойла»
Қалам - жазғыш
Ит - тістегіш
Пышақ - кескіш.


«Қиялдау полиномдары»
Үстел үстінде балалардың алдында әр түрлі төмен қараған заттар суреттері мен сюжетті суреттер берілген. Тәрбиеші сүрақ қояды, ал балалар карточканы аударып, ондағы суреттің мазмұнына сай сұраққа жауап береді. Қиналғандарға көрішісі көмектеседі. Сұрақты келесі тәртіппен береді:
Кім болды? Қайда орналасқан? Не істеді? Не айтты? Адамдар не айтты? Барлығы немен аяқталды?
Ойын соңында балалардың жауаптарын қолдана отырып, барлығына бір әңгіме құрастыруға болады.


Жұмбақтар
Жайлаған дүниені бір ғажайып,
Тік көтеріп отырар адамдарды.
(Орындық)

Қарап тұрсаң өзіне,


Сурет түсер көзіңе.
Ол суретің ұқсайды
Дәл қазіргі кезіңе.
(Айна)

Жылмаң-жылмаң етеді,


Жылмаңдап сайдан өтеді.
Із-міз тастап кетеді.
(Ине)

Қабат-қабат қаттама,


Ақылың болса аттама.
(Кітап)

Аяғы біреу, қолы жоқ,


Шиыр-шиыр жолы көп.
Өзі сөйлей білмейді,
Салған ізі сөйлейді.
(Қалам, қарындаш)

Аяғы жоқ жүреді,


Аузы жоқ сөйлейді.
(Хат)


Макал-мәтелдер
Ынтымақсыз елді
Ұрысы билейді.
Ынтымақты елді
Дұрысы билейді.

Кісі елінде сұлтан болғанша,


Өз еліңде ұлтан бол.

Ер жігіттің өлгені


Ессіз болса алғаны.
Әділ бидің өлгені
Сөзінің болса жалғаны.

Сұңқар қиясын сағынады,


Торғай ұясын сағынады.

Өз елім, өлең төсегім.


Ел-елдің барі жақсы,


Өз елің бәрінен жақсы.

Ел болатын жігіттер,


Ел намысын жыртады,
Ел болмайтын жігіттер,
Елін ұрлап кұртады.

Ер тарықпай, молықпайды.


Елінен безген ер болмас,


Көлінен безген қаз болмас.

Сағынған елін аңсайды,


Сары ала қаз көлін аңсайды.

Жат жердің қаршығасынан,


Өз еліңнің қарғасы артық.

Егілмеген жер жетім,


Елінен айырылған ер жетім.

Ерінен айырылған кемгенше жылайды,


Елінен айырылған өлгенше жылайды.


Жаңылтпаштар

Класта ақ бор бар,


Көк бор бар,
Көп бор бар.

Тақпақ жатта,


Жатқа жатта.

Үйде неше шал отыр?


Көсе шал отыр.
Тақиясы шошайып
Шоқша сақалды шақша бас шал отыр.

Ізшілер іздесті,


Түз кезді, із кесті.

Ошақта от жоқ,


Шоқ тап, от жақ.

Даланы қар жабар,


Қарға балалар аққала қалар.

Дөң жатыр,


Дөнде тон-тоң көн жатыр.

Таяқ жон,


Жонсаң жөн жон.

Қанат қанағаттанарлық баға алды,


Қанағат канағаттанарлықсыз баға алды.

Бірқатар қада қада,


Қадаларды қатар-қатар қада.

Екеуінің жасы шамалас,


Бірінің шашы - қарашаш,
Бірінің шашы - ақ шаш аралас.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет