29
бұлшық ет жиырылуы нәтижесінде ұрықжолына шығарып жібереді. Ен
қосымшасында бас, дене, құйрығы болады.
Ұма – ол ен мен оның қосымшасының қаптаушысы. Бұқада ол
сандарының арасында орналасқан.
Ұмадағы температура құрсақтағыға қарағанда төменірек, бұл
спермилердің дамуына жақсы әсер етеді. Бұл органның терісі ұсақ
шаштармен қапталған, тері және май бездері бар. Эластикалық бұлшық ет
қабығы тері астында орналасып, ұма жолын құрайды, осының нәтижесінде
орган денесі екіге бөлінеді. Ұманың бұлшықеттік денелері еннің жамбас
бөлігіне дейін созылуына әсер етеді, бұл сыртқы ортаның төмен
температурасы жағдайында жүреді.
Ұрық өтуші жол, ен қосымшасының жалғасы болып табылады, үш
қабатты жіңішке түтік түрінде болады. Ол ен қосымшасының құйрығынан
басталады. Ен канатының құрамына ұрық жолы құрсақ қуысына өтеді, ол
жақтан жамбасқа, ал ол жерде ампула түзеді. Мойынның артында қуық
шығарушы безбен байланысады, ол зәр шығару каналымен байланыс құрады.
Енбау – бұл құрсақ қатпары, онда тамырлар, жүйке, сонымен қатар
ұрықшығарушы жолақ орналасады.
Зәр жыныс каналы немесе уретра сперимлер мен зәрдің сыртқа
шығуын қамтамассыз етеді. Уретраның тесігі қуық мойынынан басталып,
жыныстық мүше басына дейін жалғасады. Алғашқы, уретраның ең қысқа
бөлігі – мойыннан басталып ұрықшашушы каналға дейін созылып, тек зәрді
ғана өткізеді. Еркек уретрасының қабырғасы кілегейлі және бұлшық ет
қабығынан құралады.
Достарыңызбен бөлісу: