Анықтамалық материал жануарлардың иесіне ауруды балауға және мал



Pdf көрінісі
бет21/81
Дата14.10.2022
өлшемі2,31 Mb.
#43014
түріАнықтамалық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   81
Байланысты:
Аны тамалы материал жануарларды иесіне ауруды балау а ж не мал

Артерия 
қантамырлары - қанды жүректен мүшелер мен ұлпаларга тарататын 
қантамырлар тобы. Жүректен шығатын екі ірі артерия қантамыры бар. Оң 
жақ қарыншадан басталатын - өкпе артериясының ішінде вена қаны болады.
Сол жақ қарыншадан басталатын - қолқа (аорта) тамырының 
ішінде артерия қаны. Артериялардың қабырғасы 3 кабаттан тұрады: сыртқы 
қабаты - дәнекер ұлпасынан, ортаңғы қабаты - бұлшықет ұлпасынанішкі 
қабаты - жалпақ эпителий жасушаларынан түзілген.
Артерия қантамырларының қабырғасы қалың әрі серпімді. Олардың 
сыртқы қабаты беріктік, серпімділік қасиет беріп, қантамырлардың кеңейіп, 
тарылуына әсер етеді. Ортаңғы қабаты серпімді талшықтар мен 
бірыңғайсалалы бұлшыкеттерден тұрады. Бұлшыкеттер жиырылып, босаңсу 
арқылы 
қантамырлар 
қуысының 
диаметрін 
реттейді. Ішкі 
қабаты қантамырлардың қабырғасына қосымша беріктік қасиет береді. Ірі 
артерия қантамырларымен ағатын қанның кысымы өте жоғары болады. 
Сондықтан қысымға төзіп, созылуына қабырғасының тығыз, мықты, серпімді 
болуының маңызы өте зор. Артерия қантамырлары бұлшыкеттердің астында 
терең орналасады, сондықтан олар көрінбейді. Ең ірі артерия қантамыры -
қолқа 
(аорта) деп аталады. Жүректен алыстаған сайын артерия 
қантамырлары 
тармақтанып, 
жіңішке 
қылтамырларға 
айналады. 
Қылтамырлар (капилляр) - шаш тәрізді қылдай деген ұғым береді, адам 
шашынан 50 есе жіңішке. Олар дененің барлық мүшелері мен ұлпаларын 
торлайды. Қылтамырлардың қабырғасы өте жұка, эпителий жасушаларынан 
түзілген бір қабаттан тұрады. Онда қан өте баяу қозғалады. Олардың жұқа 
қабырғалары арқылы қан мен ұлпаның арасында газ алмасады. Сондықтан 
қан еріген оттегінің көбін ұлпаға беріп, өзі көмірқышқыл газымен 
қанығып, вена қанына айналады. Қандағы қорек заттар қылтамырлардың 
қабырғасымен ұлпаларға өтіп, ұлпадан зат алмасу өнімдері қанға беріледі. 
Қылтамырлардан қан веналарға жиналады. Олардың қабырғалары өте жұқа 
болғандықтан, еріген қоректік заттароттеккөмір-қышқыл газыалмасу 
өнімдері оңай өтеді. Химиялық және жүйке тітіркендірулерінің әсерінен 
қылтамырлар бірде кеңейіп, бірде тарылады. Қылтамырларда қан 
қысымы артерия тамырларынан төмен болады. 
Қан — ағзадағы ішкі сұйық ортаның бірі. Ол қантамырларының тұйық 
жүйесін бойлай ағып, тасымалдау қызметін атқарады. Қан барлық 
мүшелердің жасушаларына қоректік заттар мен оттегін жеткізеді және 
тіршілік әрекетінің өнімдерін зәр шығару мүшелеріне тасымалдайды. 
Организмдегі биологиялық әрекетшіл заттардың гуморальдық реттелу 
қызметі қанның қатысуымен іске асады.
Жан
уар 
түрі 
СОЭ 
мм/са
Н 
г/л 
Эритр
. 10/л 
Лейкоц

Тромбо
ц. 
Лейкограмма 
Эо
з 
Ба
з 
Нейтрофильдер 
Мо
н 
Лим
ф 


36 
3 кесте - Ірі қара малдың жалпы қан анализінің көрсеткіштері 
Қан ағзаның инфекциядан қорғаныш реякциясын қамтамасыз етеді. 
Қан келесі қызмет атқарады: 
асқорыту – қан, ұлпалар мен мүшелерге қоректік заттарды, суды, 
минералды тұздарды және витаминдерді тасымалдайды; 
бөліп шығару – қан бөліп шығару мүшелері арқылы ыдырау өнімдерін 
шығарады; 
тыныс алу - өкпе мен ұлпалардың арасында газ алмасу процесін 
қамтамасыз етеді; 
регуляторлық - әр түрлі мүшелердің гуморальдық реттелуін 
анықтайды, ағзада гормондар мен басқа заттарды жеткізеді, олар мүшелердің 
қызметіне әсер етеді (күшейтеді немесе бәсеңдетеді) 
қорғаныш – қанның құрамында фагоцит қабілеті бар жасушалар 
болады және арнайы ақуыздар - антиденелер болады, олар улы ағзалардың 
көбеюіне кедергі жасайды да оларды бөліп шығарады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет