Анықтамалық материал жануарлардың иесіне ауруды балауға және мал



Pdf көрінісі
бет52/81
Дата14.10.2022
өлшемі2,31 Mb.
#43014
түріАнықтамалық
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   81
Байланысты:
Аны тамалы материал жануарларды иесіне ауруды балау а ж не мал

3.3 Аусыл - жылқыдан басқа түліктің барлығында кездесетін қатерлі 
індет түрі. Ол туралы көне жазба деректерде («Қорқыт Ата» кітабында) 
айтылады. Аусыл болған малдың көзі жасаурап, аузынан сілекей ағады, 
күлдіреуіктер шығып, жұқа терілі жерге дейін өршіп, тутасып, іріңді суға 
айналады, от пен судан қалады. Екі- үш күннен кейін күлдіреген тілін 
салбыратып, сілекейін тоқтаусыз шұбырта бастайды, күйістен қалады. 
Аусылды емдеудің дәстүрлі шаралары көп: оны асқындырмас үшін 
тұзды, сорлы көлдерге шомылдырады, күлдіреген бөрткен жараға сортаң 
балшық тартады, ыстық қарамай құяды немесе қуырған қара тұзға қара күйе, 
тотияйын, арша көмірінің ұнтағын араласты- рып аузын қан аққанша үйкелеп 
ысады. Ал оңтүстіктегі қазақтар тілдің астындағы көк тамыр мен таңдайды 
жуан бізбен шабақтап қанататын болған. Аяғына шыққан аусыл жарасына 
«қотыр майын» (карбол қышқылын қазақ арасындағы атауы) жағады. 
Аусылдың түйеде «қағын» және «теңге» деген түрі бар. «Теңге» тиген 
малдың тілінде дөңгелек, қызыл жаралар пайда болып, жұтқыншаққа қарай 


75 
шабады. Ондайда мал аузын тұз араласқан шайырмен (орыс.деготь) ысқылап, 
сиырдың шикі сүтін тамызады. Түйе аусылы Торғай облысыныңАқтөбе, 
Николаевск уездерінде жиірек, Ырғыз бен Торғайда аз кездесетін себебін 
жергілікті қазақтар соңғы уезд аумағында ащы оттың басым екендігімен 
байланыстырған. Аусылдан сақтану үшін ауырған сиыр сілекейін ыдысқа 
жинап алып, сумен сұйылтып, жас торпақтардың аузына жағу арқылы індет 
зілін жеңілдетуге жағдай жасайды. Диагнозды клиникалық белгілер негізінде 
қояды. 
Аусыл-ауыз қуысының кілегей қабатының,терінің,желіннің және 
аяқтарының афтозды зақымдалуымен және қызбамен сипатталатын 
жұптұяқты жануарлардың жіті инфекциялық, контагиозды және аса 
қауыпты вирусты ауруы. 
18Сурет - Үй жануарларының жіті өтетін вирустық ауруы 
Емдеу және алдын алу шаралары тек ветеринарлық дәрігердің 
рұқсатымен жасалады. Малдарды бағу және тамақтандыру жағдайын 
жақсарту қажет. Ауыз қуысын сірке қышқылының 2 %-дық ерітіндісімен, 
1:1000 қалыптағы марганцты қышқылды калий ерітіндісімен шаяды, 
антибиотиктер, жүрек дәрілерін, ішкі тамырлы глюкоза қабылдайды, ал 
аяқтың жаралануы кезінде формалиннің 5 %-дық ерітіндісі арқылы аяқ 
ваннасын қабылдайды.
Ауырып жазылған және вакцинацияланған жануарларда вирус 
сақталады- қойларда 9ай, ірі қара малда 30айға дейін, енекеде ұзағырақ. 
19Сурет - Аусылдың клиникалық суреті 


76 
Аусыл ауруының белгілері пайда болғанда бірден ветеринар дәрігерін 
шақырып, вирустың таралуының алдын алу үшін қажетті шараларды жасау 
қажет: карантин, изоляция.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет