Бұзау неоскаридозы
Anisakidae
тұқымдасына,
Ascaridata
подотрядына
жататың
қоздырушысы мен тудыратың бұзаулардың, буйвол және зебу төлдерінің
ауруы. Мекендейтің жері - жінішке ішек, кейбір кезде ұлтабар. Шығын
малдың тірі салмағы төмендеуінен, және малдың өлімінен салыстырылады.
106
Қоздырушы - Neoascaris vitulorum, сары – әкшіл түсті нематода,
аталықтың ұзындығы 11 – 15 см, және аналықтың 14 – 30 см. Ауыз куысы үш
ерінмен қапталған, бір –бірінен перетяжкамен бөлінген. Ерін шеттері
тістермен қапталған. Өнеш және ішек арасында кенейген қарынша
орналасқан. Аталықтың екі бірдей спикуласы болады. Жұмыртқалардың
пішіні дөңгелек, сыртқы қабығы бұдырлы және ұзындығының мөлшері 0,075
– 0,095мм, ені 0,060 – 0,075мм (сур. 27).
27Сурет- Neoascaris vitulorum қоздырушысы
1 – гермафродиттік мүше; 2 – толық піскен мүше; 3 – жұмыртқасы;
Даму биологиясы. Неоаскарис – геогельминт. Гельминттермен
салынған жұмыртқалар сыртқы ортаға бөлінеді, сонда 28 - 30°С инвазиялық
сатысына 12 – 15 тәулік ішінде жетеді, ал 15 – 18°С 1 ай аса дамиды.
Температура 32°С биік болған кезде олар өледі. Жануарлар инвазиялық
жұмыртқаларды азықпен немесе сумен жұтып зақымдалады. Жануарлардың
қарынында және ішегінде жұмыртқалардан личинкалар шығады да аскарида
типіне сәйкес күрделі миграция жолын өтеді. Гельминттер толық жыныс
сатысына 43 тәулік аралығында жетеді.
Бұзаулардың зақымдалуы іш арқылы болуы мүмкін, ол кезде
гельминттің жұмыртқалары бұзау түғаннан 25 – 31-ші күннен кейін бөліне
бастайды. Неоаскаристардың өмір ұзақтығы 3 – 4 ай шамасы құрады.
Эпизоотологиялық деректер. Неоаскаридозбен көбісіне 4 айға
жетпеген төлдер аурады. Инвазияның экстенсивтик биіктігі 1–2 айлық
бұзауларда байқалады. Инвазия жылдың барлық мерзімінде кездеседі,
бірақта өте жиі маусым – шілде айларында, сирек қыста байқалады.
Инвазияны тарату көзі – ауру төлдер, тағы да буаз сиарлардан
зақымдалған
бұзаулар
туады.
Азербайджан
мемлекетінің
таулы
аудандарында 1–2 айлық бұзауларының зақымдалуы 62,7% барады, ал тау
манында – 44 және төменгі жерлерінде 1% дейін түседі. Басқа мәліметтер
бойынша неоаскарис личинкалары сауатың сиырлар сүтімен бірге бөлінеді.
Нематода жұмыртқалары ұзақ кебуді шыдатпайды, ал инвазиялық
жұмыртқалар одан да төмен төзімді болады.
107
Патогенез және иммунитет. Зерттеушілердің мәліметтері бойынша осы
инвазия кезінде патологиялық процесстердің дамуы басқа жануарлар
аскаридозы кезіндегідей. Және жінішке ішек қуысында аскарида
личинкалары миграция жасайтын кезде механикалық әсерің тудырады.
Нематодалардың көп саны жиналғаннан ішектің бекітілуі байқалады, сол
себебтен оның қабырғасы жарылуы мүмкін. Личинкалар аскарида типімен
миграция жасайды, сондықтан сиырлардың және тұқымдың плацентарлық
барьеріне және емшік тамырларына патогендік әсер тігізеді. Метаболизм
азықтары антиген болып табылады. Лимфоцитоз (68-ден 84-ға%),
эозинофилия (9-дан 16-%), нейтропения (12,5 –нан 21-ге%) байқалады. Жүре
пайда болған иммунитет білінеді, сондықтан ересек жануарлар бұл ауруға
тұрақты болады.
Ауру белгілері. Сиыр және буйвол төлдері тұғаннан кейін бір жеті
десін ауру біліне бастайды. Аурудың клиникалық белгілері біліну деңгейі
инвазия интенсивтігіне байланысты келеді. Ауру малда тәбеті төмендейді,
асқөрыту жолының бұзылуы, ол сүтті ішкеннен кейін тимпания пайда
болуымен, ауздан мінезді иіс шығуымен (ацетон, эфир немесе хлороформ)
білінеді. Көбінде жөтел, іш өту, арыгу пайда болады. Нәжісі қанмен
араласканнан қара түсі. Аурудың ауыр кезінде жиі несеп шығу, қиын дем
алу, жүйке құбылыстар байқалады. Дене температурасы көтерілуі мүмкін.
Экспериментальді зақымдаған жануарларда осы айтып кеткен белгілерден
басқа, артқы аяқтарының салдануы, мойын бүлшықеттерінің жиі тырысуы
байқалады. 30 мыннан аса жұмыртқа алған сиырларда бір тәүлік өткен сон
иісі өте жаман іш өту байқалады, азықтан бас тартады, сүттілігі 80% дейін
төмендейді.
Патологоанатомиялық
өзгерістер.
Жінішке
ішектің
кілегейі
геморрагиялық қабынған, кейбір жерлерінде некроз байқалады. Құрсақ және
перикардиальді қуыстарында көп экссудат жиналады. Бауырда ошақты
дегенеративті өзгерістер, өқпеде катаральді немесе фибринозді қабыну
білінеді.
Балау. Тірі кезінде Дарлинг, Щербович, Фюллеборн әдістерімен немесе
нативті жұғынды әдісімен жұмыртқаларды тауып қояды. Тиімділігін
жоғарлату үшін зерттеу кезінде сыналарды 1-2 сағатқа түндырады. Және
балау кезінде ауыздан арнайы иіс шыгуын еске алады. Бұл ауруды
криптоспоридиоз және эймериоз ауруларынан, арнайы қоздырушыларың
табу жолымен ажырату керек.
Емдеу. Емдеу мақсаты үшін пиперазин түздарың, нилверм, ивомек
және т.б. қолданады.
Пиперазин түздарың ішке, аш қарынға береді, дозасы 0,5 г/кг тірі
салмағына, содан кейін кастор майын еңгізеді. Кейбір авторлар пиперазин
түздарың екі рет, дозасы 0,22– 0,3г/кг беруін ұсынады.
Кремне-фторлы натрийды сүтпен қосып күніне 3 рет үш күн бойы,
дозасы: 2 күндік және 1 айлық бұзауларға - 0,8 г, 1 айдан 2 айға дейін – 1 г
және 2 айдан үлкен жануарларға – 1,5 г береді.
Пиперазин және кремне-фторлы натрий толық жыныс сатысына
жетпеген неоаскаристарға өте әсер етеді. Нилвермді су ерітінді түрінде ішке
108
дозасы 15 мг/кг береді. Толық жыныс сатысына жеткен неоаскаристарға 1%-
тық мыс сульфат ерітіндісін, дозасы 2 мл/кг береді. Скипидар және өсімдік
май қосымшасын 1:4 араластырып, дозасы 4–тен 16 мл дейін қолданады.
Тағыда фенотиазин, сантенин, глаубер түзын және т.б. беруге болады.
Алдын-ала және күресу шаралары. Таза емес шаруашылықтарда
инвазияны алдын алу мақсатымен буаз сиырларды және 4-5 айлық
бұзауларды бөлек үстайды. Бұзауларға бір айдан бастап дегельминтизация
өткізіп, 5 қүн бойы қорада ұстайды, ал киды биотермиялық залалсыздайды.
Достарыңызбен бөлісу: |