Анықтамалық материал жануарлардың иесіне ауруды балауға және мал



Pdf көрінісі
бет76/81
Дата14.10.2022
өлшемі2,31 Mb.
#43014
түріАнықтамалық
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   81
Арахноздар мен энтомоздар 
Бұл буын аяқты кенелер мен жәндіктер тудыратын,шарушылыққа 
экономикалық шығын келтіретін инвазионды аурулар.Олармен күресу үшін 
бірнеше әдіс қолданылады. 
› механикалық –зиянкестердің жойылуы және олардың өмір сүруі мен 
көбеюіне қолайсыз жағдайлар жасау арқылы әсер ету,бұл батпақ пен 
ылғалды жайылымдарды кептіру,ормандарды ку ағаштардан,шөмшектерден 
тазарту,бұталар мен жайылымдағы ойықтарды жою,су ішетін орындарды 
қолайлы ету.
› физикалық –дернәсілдер мен жәндіктерді жоятын жылуды, суықты, 
жарықты, суды, және басқа да факторларды қолдану.
› биологиялық –зиянкестердің табиғи жауларын қолдану 
› химиялық – химиялық заттарды қолдану. 
Арахноздар. Бұл 2 сатыдағы өрмекші тәріздестердің тұрақты немесе 
уақытша паразиттері тудыратын инвазионды аурулар: нағыз немесе 
акариформалы,кенелер мен паразиттік формалы кенелер.Бірінші топқа 
саркоптоидті(қышымалы) және демодекозды (темір)кенелер,екіншісіне-
иксодалар.  
Күйіс қайыратын малдардың псороптозы
Күйіс қайыратын малдардың псороптозы ,немесе тері бетінің
қышымасы, – малдар терісінде паразитті тіршілік ететін саркоптоидті 
кенелер тудыратын инвазионды ауру. 


103 
Кенелер терінің бетінде паразитті тіршілік етеді,сондықтан олаарды 
тері беттіктер деп атайды. Олар торшалық сұйықтық пен лимфамен 
қоректенеді. Дамуға келесі сатылар қатысады: жұмыртқа, дернәсіл, 
протонимфа,телеонимфа, және имаго. Барлық даму циклі 20-25 күнге 
созылады. Әр саты 4-5 күн жүреді.Дернәсіл басқа сатылардан 3 жұп 
аяқтарының болуымен ерекшеленеді,ал нимфаларда жыныстық қуыс 
болмайды.Кенлер мал терісінде 2 ай өмір сүреді.
Ауру жер-жерде,шаруашылықтардың барлық санаттарында таралған 
және көп жағдайда қорада ұстау кезенінде тіркеледі. Бұл кезде бөлмелерде 
малдарды тығыздап ұстау байқалады, олардың арасында байланыс 
күшейеді,ылғалдылық жоғарылап, кенелердің дамуына барлық жағдай 
туады.Ауру көбінесе малдарды дұрыс күтпеген және азықтандырмаған 
шаруашылықтарда байқалады.Резистенттілігі төмен әлсіреген жануарлар бұл 
аурумен жиі ауырады.Инвазияның негізгі көзі ауырған малдар болады. 
Инкубациялық кезең 10-14 күнге,ал жас төлдерде -1,5 айға дейін 
созылады.Ауруға ең тәне белгі қышыну болып келеді.Зақымданған жердің 
терісі қалыңдайды,тері қыртыстары бір жерге жиналады,қалыпты дене 
қызуының жоғарылуы байқалады. Теріде түйіндер пайда болады,олар бірте-
бірте жарылатын көпіршіктерге айналып,сұйықтық бөледі,одан кейін 
қабықша 
түзіледі.Зақымданған 
жерде 
шаштардың 
түсуі 
байқалады,алопециясы бар аймақтар пайда болады.Ауру ауыр,созылмалы 
және жасрырын өтеді. Аурудың ауыр өтуі күз-қыс мезгілінде байқалады.Жаз 
мезгілінде ауру созылмалы өтеді.Бұл уақытта аурудың сипатты белгісі өте 
қатты емес қышыну.Жасырын кезеңге кенелердің көбеюіне қолайсыз 
жағдайлар,күннің сәулеленуі әсер етеді.кенелер тері қыртыстарында 
сақталады.
Нақты диагнозды зақымданған және сау терінің қырлы аймақтарынан 
алынатын 
кенелерді 
тапқан 
кезде 
қояды.ірі 
қара 
малдың 
мойыны,шоқтығы,арқа аумағы,құйымшағы зақымданады. 
Емдеу үшін зақымданған жерді тазартып,қабықшаларды жұмсартып 
оларды алып тастайды, 2 % -тік коллоидті күкіртті суспензия түрінде араға 8-
10 салып,2 рет немесе фенотиазинмен дуст түрінде 3:1 қатынасында 
қолданады;изофенді 0,1%-тік сулы ерітінді түрінде қолдану,сондай-ақ 
ивермектинді теріастына 1 мл/ 50 кг мөлшерінде қолдану ұсынылады.
Псороптоздың алдын алу үшін шаруашылықтарда терідегі қышыманы 
жұқтыруға қарсы шаралар кешенің өткізеді. Шаруашылыққа қайтадан 
әкелінген малдарды карантиндейді және алдын алу өңдеуін өткізеді. 
Малдарды басқа шаруашылықтардың мал басынан бөлек жайылымдарға 
шығарған дұрыс. Жыл сайын барлық малдарды алдын алу мақсатында 
қышымаға қарсы өңдейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет