Анықтамалық материал жануарлардың иесіне ауруды балауға және мал



Pdf көрінісі
бет74/81
Дата14.10.2022
өлшемі2,31 Mb.
#43014
түріАнықтамалық
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   81
Мастигофороздар 
Бұл қоздырушылары жалған аяқтылар класына жататын протозойлы аурулар.
Ірі қара малдың трихомонозы 
Ірі қара малдың трихомонозы- қарапайым-трихомонада тудыратын
әлемнің көптеген мемлекеттерінде таралған инвазионды ауру.   
Ауру жыныстық мүшелердің зақымдалуы мен функционалдық 
бұзылуымен сипатталады. Қоздырушысы – дененің алдыңғы бөлігінде төрт 
жалған аяқтарымен қамтамасыз етілген алмұр тәрізді біржасушалы ағза. 
Паразиттер жай және көп бөліну жолымен көбейеді. Қолайсыз жағдайларда 
цистаға айналуы мүмкін. Ірі қара малдың ағзасында асқазан-ішек жолында 
паразиттеніп өмір сүретін трихомонаданың тағы да 2 түрі анықталды.
Инвазияның 
қоздырушы 
көзі- 
ауру 
малдар 
мен 
трихомонадотасушылар. 
Жұқтыру 
шағылыстыру 
немесе 
жасанды 
ұрықтандыру кезінде болады. Аурудың таралуына трихомонадотасушы-
бұқалар әсер етеді. 
Ауру сиырлар мен қашарларда абиыр еріндердің ісінуі, қынаптың 
қабынуы, қынаптың шырышты қабығында жем тәрізді түйіндердің пайда 
болуы, эндометрит, пиометр, аборттар (әдетте 2-4-ай буаздықта), қысырлық 
(өткен жыл ішінде аналық топта төлдеудің жетіспушілігі )байқалады. 
Бұқаларда трихомонадаларды жұқтыру кезінде күпектің ,жыныс мүшесінің 
қабынуы,жыныстық белсенділіктің төмендеуі білінеді.


101 
Диагноз эпизоотологиялық мәліметтер,аурудың белгілері мен 
микроскопиялық және жұқтыруға күдікті малдарды культуральды зерттеудің 
нәтижелеріне(абортталған ұрықтар,ұрық қабаттары,жыныстық мұшелерден 
бөлінулер,жыныс секреттерінің спермасы мен бездері) негізделеді. 
Трихомонозды инфекционды фолликулдық вестибулиттан, бруцеллезден, 
листериоз бен лептоспироздан саралайды.
Сиырларды емдеу үшін жергілікті препараттар (сиырлардың жатыр 
қуысын 8-10 %-тік ихтиол, флавокридин, фурацилин немесе этакридин 
лактатының(1: 
1000) 
ерітіндісімен 
өңдейді,бұлшық 
ет 
ішіне
метронидазолдың 1 %-тік ерітіндісін 80-150 мл енгізеді) және (жатыр 
қуысының жиырылуын қысқарту үшін тері астына прозериннің 0,05 %-тік 
ерітіндісін 2 мл-ден, 0,1 %-тік карбахолин мен фурамонды 2 мл-ден
қолданады.Бұқаларға тері астына 1 %-тік фурамонды 2мл-ден немесе 
прозериннің 0,05 %-тік ерітіндісін нитрофуранды препараттармен қосып 
күпекті жергілікті өңдейді,және фуразолидонның 0,5 %-тік суспензиясымен, 
метронидазолдың 50 мг/кг-нан дене массасына тері астына 3-5 инъекция 
енгізеді. Емдеу курсынан кейін сиырлар мен бұқаларды трихомонадалардың 
болуына тексереді.
Трихомонозды алдын-алу шаралары ауру малдарды емдеу мен бөлек 
ұстаужәне сиырлар мен қашарларды жасанды ұрықтандыруды сау 
бұқалармен жүргізу негізінде жасалынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет