100
Дене температурасы 40–41 °C дейін көтерілген.
Одан кейін бұзаулар жата
береді,азықтан
бас
тартады,көздері
шүңірейген,
кахексия
байқалады.Көрінетін шырышты қабықтар бозғылт, анус ашылған, дефекация
әрекеті еріксіз.Қанды іш өту жалғасады,бірақ дене температурасы36–37 °C
дейін төмендейді, одан кейін малдар өледі. Өлім 45 % құрауы мүмкін.
Диагноз кешенді түрде қойылады. Бұл кезде эпизоотологиялық
мәліметтерді,клиникалық
белгілерді
және
фекалияларда
эймерий
ооцисттерінің көптігін анықтағанды ескереді. Іріқара малдың эймериозын
колибактериоздан,паратифтен,пастереллезден,шығу
тегі жұқпалы емес
энтероколиттерден саралау керек.
Ауру малдарға тыныштық беріп,азықтандыруды жақсартады. Емдеу
үшін сульфаниламидті препараттар ұсынылады(мысалы, норсульфазол
ерітіндісі 60 мг/кг-нан фуразолидонмен бірге 2–3 мг/кг-нан 4-5 күн бойы,
сульфадимезин 80-100 мг/кг-нан күніне 2 рет 5 күн
бойы немесе
сульфадимезин мен левомицетинді қосып 20 мг/кг-нан немесе
хлортетрациклинмен 10 мг/кг-нан, 80 мг/кг мөлшерінде кокцидин,
ампролиум – 0,02 г/кг, кокцидиовит – 0,08 г/кг; клопидол – 0,02 г/кг;
химкокцид 0,4–0,6 г/кг малдың массасына. Препараттарды ішке қабылдауға
3-4 күн аралықпен 4-5 күн береді
Ауру малдарды бөлек ұстау қажет. Бөлмелер мен серуендеу алаңдарын
үнемі
тазартып, жақсылап дезинфекциялайды. Химиопрофилактика ретінде
химкокцидті 0,3 г/кг мөлшерінде, кокцидиовитті (0,03 г/кг) левомицетинмен
бірге (0,02 г/кг), кокцидин (0,08 г/кг) биомицинмен (0,02 г/кг) қолданады.
Препараттарды әр 5 күн сайын концентрленген азықпен бірге береді.
Достарыңызбен бөлісу: