Анықтамалық материал жануарлардың иесіне ауруды балауға және мал


Ірі қара мал мен иттердің демодекозы



Pdf көрінісі
бет77/81
Дата14.10.2022
өлшемі2,31 Mb.
#43014
түріАнықтамалық
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   81
Байланысты:
Аны тамалы материал жануарларды иесіне ауруды балау а ж не мал

Ірі қара мал мен иттердің демодекозы
Бұл май бездері мен шаш түйінінде паразиттік тіршілік ететін 
демодекозды кенелер тудыратын эндопаразитті ауру.
Кенелер колония болып тіршілік етеді. Әр колонияда бірнеше мың кене 
болады, ал бұндай колониялар малдың денесінде 4 мыңға дейін болуы 
мүмкін. Аналықтар жұмартқа салады,5-6 күннен соң жұмыртқадан дернәсіл 


104 
шығады ,ол 6-8 күн ішінде протонимфаға айналады да,5-6 күннен соң
телеонимфаға және 8-10 күнде имагоға айналады.Дамудың барлық циклі 25-
30күн созылады.
Соңғы жылдары ауру жаппай белең алуда.Көбіне ірі қара мал мен иттер 
ауырады.Адам да ауырады.Шошқалардың демодекозбен ауру жағдайлары 
қауіпті. Ауру жұқтырудың көзі ауру малдар болып табылады. Ауру күтіп-
бағу заттары арқылы жұғады.
Зақымдану ошақтары бас,мойын,жауырын,көкірек қуысы мен арқа 
аймағында шоғырланады. Олар диаметрі 10 мм-ге дейін жететін дөңгелек 
пішінді төмпешік түрінде болады.Төмпешік бетінде сұйықтық бөлінеді.Басу 
кезінде ақшыл-сұр түсті балауыз тәрізді зат ағады.Демодекоздың ерекшелігі 
қышынудың болмауында.
Диагнозды кешенді түрде төмпешіктердің ішіндегісін клиникалық 
белгілер мен микроскопиялық зерттеу негізінде қояды.Оның үстіне 10 %-тік 
күйдіргіш сілтінің екі еселенген мөлшерін қосады және кенелердің болуын 
лупа немесе микроскоп арқылы қарайды. 
Ірі 
қара 
малды 
емдеу 
үшін 
дикрезилдің 
0,5 
%-тік 
эмульсиясын,хлорофостың 1–2%- тік ерітіндісін қолданады. Малдарды 5-6 
рет араға 3-4 күн салып өңдейді. Ивермектинді 0,2 г/кг мөлшерінде тері 
астына қолдануға болады.. 
Алдын алу мақсатында малдарды тұрақты тексеру қажет. Ауру малдарды сау 
малдардан бөлек ұстап,емдейді,жұқтыру қаупі бар малдарды акарицидтермен 
өңдейді. Қораны көңнен тазартып,дезинфекциялайды.
 Энтомоздар 
Бұл малдардың тұрақты немесе уақытша паразиттері-жәндіктер 
тудыратын инвазионды аурулар.Ірі қара мал:
- теріасты сонасы – дернәсіл сатысында паразиттенетін жұмыртқа 
салушы қанатты жәндіктерден; 
- нағыз және қөқ-жасыл ет масалары – көптеген инвазионды және 
инфекциялық аурулардың қоздырушыларын тасушылар мен малдардың 
паразиттерінен; 
- қан сорушы екі қанатты жәндіктер (шыбын-шіркей) – мазасыздық
қоңдылықтың, сауымның төмендеуін, терінің ісінуін,тері қабынуын 
тудырумен қатар, инвазионды және инфекциялық аурулар қоздырушыларын 
тасымалдаушылар болатын соналардан, шіркейден, москиттерден,қан 
сорушы көкшыбындардан; 
- биттер – қышынумен,терінің қабыршақтануымен, таздану (қас 
қабастану), анемия және өнімділіктің төмендеуімен сипатталатын 
сифункулятоздарды тудыратын малдардың тұрақты эктопаразиттерінен; 
- бүргелер – тері қышуын,тырнауды,өнімділіктің төмендеуін және дене 
салмағының артуын тудыратын уақытша қан сорушы эктопаразиттерден азап 
шегеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет