Анықтамалық материал жануарлардың иесіне ауруды балауға және мал



Pdf көрінісі
бет51/81
Дата14.10.2022
өлшемі2,31 Mb.
#43014
түріАнықтамалық
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   81
Байланысты:
Аны тамалы материал жануарларды иесіне ауруды балау а ж не мал

Жітіден төмен өрбігінде (6-8 күнге дейін) жоғарыдағы сипатталған 
белгілері баяулау өрбиді де, октын-октын байқалмай да кетіп, мал жазылып 
кеткендей әсер туғызады. Бірак артынша оның жағдайы қайтадан нашарлап, 
ақыры өліммен бітеді. 
Созылмалы түрде (шошқада) өткенде аурудың негізгі белгісі - 
жануардың арықтауы. Тек сойылғаннан соң, ұшаны қарағанда, төменгі 
жактың астында қанды жалкак, жак асты және жұтқыншақ бездерінің 


74 
қабынуы байқалады, топалаңға күдік туады. Бұл аурудың ангиналық түріне 
сәйкес келеді, ұзак өрбіген дерт дененің ыстығы аздап көтрілуі, ангина мен 
фарингит аркылы білінеді. Жануардың алқымы ісіп, жұтынуы қиындап, 
тынысы тарылады, жөтел пайда болады. 
Аурудың үзікті түрі кезінде дененің ыстығы аздап көтеріледі де, әдетте 
мал жазылып кетеді. 
3.2
 Ауески ауруы 
Әуескі ауруы немесе алдын ала – ірі қара малының және басқа да ауыл 
шаруашылық малдарының, терісі үшін асыранды аң, мысық, ит және тышқан 
түрлерінің қауіпті вирусты ауруы, ол орталық жүйке жүйесі, тыныс алу 
мүшесінде кездеседі.
Әуескиі ауруы герпевирус тобынан таратылатын вирус түрі, эфир, 
фенол, ультракүлгін сәулелеріне төзімсіз, алайда төменгі температурада 
сыртқы ортада тұрақты болып келеді.
Инфекцияның қоздырғыштары – ауру малдар мен вирусты 
тасымалдаушылар. Ол ауру малдармен жанасқанда, вирус жұққан азық пен 
ауа арқылы, жара және жарақаттанғанда, ал төлге анасынан жұғады.
Малдарда инкубация уақытынан кейінгі 1 күннен 15 күнге дейін вирус 
енген жерлер, әсіресе ерін және аяқ өте қатты қышиды. Малдар сол жерлерін 
сыртқы ортадағы заттармен қасиды, тарайды және қышыған жерді сүйекпен 
(мысалы, тұяқ) жарақаттайды. Содан кейін қозу, аяқтың тартылуы, 
сілекейдің аңуы және тершеңдік, тістің қайрауы және кейде көдің көрмеуі 
пайда болады. Дененің температурасы қалыпты болады. 1–2 күннен кейін 
малдар өліп қалады.
Жаңа туған төлдердің барлығы, яғни ауруға шалдыққан 100 % –ы өліп 
қалады, 2 айға дейінгі жастағылардың – 40 %, одан үлкендеріның – 1–3 %.
Диагноз 
клиникалық-эпизоотологиялық 
мәліметтердің 
және 
зертханалық зерттеулердің (био тексеріс) негізінде қойылады. 
Емдеу негізінен ешқандай нәтиже бермейді. 
Алдын алу шаралары ретінде вакцинация қолданылады, сонымен қатар 
жалпы ветеринарлық –санитарлық шаралар орындау қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет