Сырым Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының 1783-1797 жылдардағы көтерілісі. * ХҮІІІ ғасырдың 70- 80 жылдарының басында Кіші жүзде екі хан арасындағы күрес жаңа тарихи жағдайда да бәсеңдемеді. Кіші жүздің көп бөлігі Нұралы ханды, бір бөлігі Батыр сұлтанды қолдады.
ХҮІІІ ғасырдың 70- жылдары Нралы хан бағытының әлсірегенін көрсеткен оқиға: 1773-1775 жж шаруалар соғысына жаппай қатысуы.
Орынбор губерниясы таратылды(құрылды):1744ж.(Неплюев кезінде)
* Кіші жүздің көпшілік бөлігі Сібір және Уфа басқарамасына бағындырылды.
Қазақтардың Жайықтың сол жағасына өтуін бақыау үшін құрылған ұйым: Орал шекаралық басқармасы.
Сырым Датұлы старшын болған кіші жүз руы: Байбақты.
Орал казактарымен қақтығыстың бірінде Сырым Датұлының балалары қайтыс болған жыл: 1778
Сырым Датұлының Орал казак әскерлерімен алғашқы қақтығысы болды: 1783 жылы күз.
1784 жылы көктемде Сырым Датұлының казактардың тұтқынынан босаттыраған: Нұралы хан.
Сырымның Орал казак әскерімен кескілескен күресі басталды: 1784 жылдың маусым айынан
* Көтерілісшілердің негізгі күші Төменгі Жайық шебі мен Ор бекіністері төңірегіне топтасты.
Сырым Датұлы бастаған көтерілістің қамтыған өңірі: Еділ мен Арал теңізі- Кіші жүз
Сырым Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі болған жылдар: 1783-1797жж.
Сырым Датұлы басшылығымен болған кіші жүздегі көтеріліс созылды: 14 жылға
Сырым Датұлы бастаған көтерілістің басты қозғаушы күші: шаруалар.
* 1784 жылдың қарашасында Сағыз өзенінде Сырым Датұлының басты күштері топтасқанда, оған қарсылық ретінде Нұралы хан: Орал казак әскерлері орналасқан бекіністерге жақындап, ығысты.
1785 жылы генерал- майор Смирновтың әскері көтерілісті басуға жіберілді: 17 ақпан.
1785 жылы 17 ақпанда көтерілісті басуға аттандырылған Смирнов тобының мақсатына жете алмауына кедергі болған: ақпанның бораны.
1785 жылдың көктемінде Сахарная бекінісін алу кезінде майор Назаровтың қолына тұтқынға түскен сұлтан: Айшуақ сұлтан
1785 жылы ұрыс даласында қаза болған Айшуақ сұлтанның баласы: Атақ.
1785 жылдың жазында кіші жүз старшындарының съезінде қабылданған шешім: Нұралы ханды тақтан тайдыру.
1785 жылғы съезде Нұралы ханды тағынан тайдыру туралы шешімді қолдаған Кіші жүз руларының саны: 20- ға жуық.
1786 жылы Нұралы хан жер аударылды: Уфаға.
Кіші жүзде хандық билікті жойып, оны отарлауды жүзеге асыру туралы реформасының жобасын дайындаған: Отто Игельстром.
Игельстромның жобасы бойынша Кіші жүздегі әкімшілік билік берілді: Шекаралық сотқа.
* Шекаралық сот птша шенеуніктерінен және жергілікті топ өкілдерінен құралуы көзделді.
Кіші жүздегі Игельстромның жобасы бойынша Шекаралық сот тікелей бағындырылды: Генерал- губернаторлығына.
Сырым Датұлының көздегені Кіші жүздегі жоғарғы әкімшілік басқаруды беру: билерге.
Орынборда шекаралық комиссия құрылды: 1786 жылы.
«Қырғыз- қайсақ» қарақшыларын Жем(Ембі) өзеніне дейін ығыстыруға берген әскери коллегияның президенті: Потемкин
Сырым бастаған көтерілісшілерді талқандау үшін Орал казак әскерінің старшындары Колпаков пен Пономарев бастаған топ жорыққа шықты: 1787 жылы наурыз.
Сырым Датұлының көтеріліске Орта жүзбен шекаралас аймқатардағы қазақтарды тарту туралы ойын іске асыртпаған: Патша үкіметінің Жем, Ойыл, бойында да біртіндеп бекіністер тұрғыза бастауы.
1794 жылы Ералы хан қайтыс болғаннан кейін, 1795 жылы Кіші жүзде хан болып сайланған: Нұралы ұлдарының бірі- Есім.
Сырым Датұлы көтерілісі кезінде халықтың жағдайын нашарлатқан қысқы жұт болды: 1796-1797 жж.
1797 жылдың наурыз айының 17- сінде Сырым Датұлы тобы тұтқиылдан шабуыл жасады: хан сарайына
1797 жылы наурыз аййының 17- інде Сырым Датұлы тарапынан өлтірілген кіші жүз ханы: Есім хан.
Сырым Датұлы бастаған көтеріліс кезінде өлтірілген Кіші жүз ханы: Есім хан.
Игельстром Кіші жүздегі басқаруды беруді көздеді: хан кеңесіне.
Патша үкіметінің Сырымды өзіне жақындату үшін: Хан кеңесін құрды.
*Хан кеңесі төрт адамнан тұрды, оған Нұралы ханның бірде- бір ұрпағы қатысқан жоқ. *67. Патша үкіметінің Игельстромның реформасын тоқтатып , хандық билікті қалпына келтірілуіне себебші болған оқиға: Хандық кеңесте Сырым ықпалының өсуінен қатты сескенген 1797 жылдың күзінде барон Игельстромның ұсынысына сай патша үкіметі Кіші жүздің ханы етіп бекіткен сұлтан:Айшуақ.
1797 жылы Сырым Датұлын өкшелей құдалаған Кіші жүздің сұлтаны: Қаратай сұлтан.
Белгісіз себептермен Сырым Датұлы қайтыс болды: 1802жылы.
ХҮІІІ ғасырда Башқұрт көтерілісінен кейінгі Еділдің шығыс өңіріндегі ірі халықтық сипаттағы қозғалыс: Сырым Датұлы басқарған көтеріліс.
Сырым Датұлы басшылығымен болған көтерілістің нәтижесі: Қазақтарға Жайықтың оң жағынан өтуге рұқсат етілді.