34. 1822 жылғы «Сібір қазақтары Жарғысының» авторы: Сперанский. 35. «Сібір қазақтары туралы Жарғының» дайындалуына белсене қатысқан болашақ желтоқсаншы: Батеньков 1822 жылғы «Сібір қазақтары туралы Жарғысының» басты мақсаты: Әкімшілік, сот, саяси жағынан басқаруды өзгерту.
1822 жылғы ереже бойынша Орта жүз территориясы құрамына кірген генерал- губернаторлық (Омбы, Тобыл, Тура): Батыс- Сібір.
38. Батыс Сібір генерал- губернаторлығының орталығы Тобыл, ал 1839 жылдан бастап: Омбы. * «Жарғы» бойынша батыс шекарасы Орынбор даласына, Оңтүстігі Шу өгеніне дейін созылған Сібір қазақтарының округі сыртқы және ішкі округтерге бөлінді.
* Округтер Омбы облыстық басқармасына бағынды, оларды басқару округтік приказдарға жүктелді.
39. 1822 жылғы «Сібір қазақтары туралы Жарғы» бойынша Орта жүзде құрылған әкімшілік жүйесі: ауыл, болыс, округ. * Ауыл- 50- 70 шаңырақтан.
* Болыс– 10- 12 ауылдан
* Округ– 15 -20 болыстан тұрды.
40. 1822 жылғы Ереже бойынша округтерді басқарған- аға сұлтан * Аға сұлтанды сайлаған- тек сұлтандар * Аға сұлтанға 10 жылғы еңбегі үшін берілген атақ: дворян * Аға сұлтандар сайланды: 3 жылға 41. «Сібір қазақтары туралы Жарғы» бойынша болыстарды билеген: сұлтандар * Болыстық билік берілу жүйесі: мұрагерлік. * Болыс сұлтандары Ресейдің әкімшілік сатысы бойынша теңелді: 12 класқа жататын шенеуніктерге 42. Ауылдарды басқарған:старшындар. * Ауыл старшындары сайланды: 3 жылға * Старшындар құқықтары жөнінен теңестірілді: Ресейдегі селолық старосталарына 43 . «Сібір қазақтары туралы Жарғысы» бойынша сот істері 3- ке(үшке) бөлінді: қылмыстық істер, Талап ету, Болыстық басқармаға шағым айту. 1822 жылғы «Жарғы» бойынша қылмыстық істер қаралатын орган: округтік приказдарда.
* Кейін Сібір қазақтарын билеу шекаралық басқармаға жүктелді.Ал Шекаралық басқарма Батыс Сібір генерал- губернаторлығына бағынды. Шекаралық басқарманың төрағасын тағайындау үшін арнайы жарлық шығарылатын.
1822 жылғы «Жарғы» бойынша қазақ даласында сатуға тыйым салынған зат:
1822 жылғы «Жарғы» бойынша шетелдермен келіссөз жүргізуге құқығы берілді: шекаралық басқармаға.
* Жалпы алғанда, 1822 жылғы «Жарғы» Қазақстанның әлеуметтік- экономикалық дамуында терең із қалдырды.
•Кіші жүздегі реформа Хандық билікті қолында сақтауда талпынғанадарының бірі кіші жүз сұлтаны: Арынғазы Әбілғазыұлы