Анненков. Кіші жүздегі 18 ғ. шаруалар көтерілісіне кім басшылық жасады: Сырым Датұлы «1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін жауапқа тартылған азаматтарды ақтау жөніндегі»



бет136/204
Дата19.09.2023
өлшемі0,58 Mb.
#108801
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   204
Байланысты:
общ1

Жыл.

Көтеріліс барысы.

1836 ж, ақпан.

Көтеріліс халық-азаттық сипаттағы қозғалысқа айналды.

1836 ж, соңы.

Көтеріліс Петербург сарайына (І Николайға) белгілі болды. Патша бүлік басшыларын жазалауды талап етті.

1837 ж, басы.

Көтерілісшілерге байбақты руының беделді старшыны Жүніс Жантеліұлы қосылды.

1837 ж, қазан.

1.Көтерілісшілер Жәңгірдің сыбайласы Балқы бидің ауылын ойрандады. Балқы ауылының талануы көтерілісшілер қатарының және жігерінің өсуіне әсер етті. 2.Екі мың көтерілісші хан резиденциясын қоршап алды. Жәңгір ханның қолына петиция табыс етілді. Петицияға 300 рубасы, старшын, батырлар қол қойды. Олардың талабы: Балқы мен Қарауылқожа билерді қуып жіберу, билікті ру старшындарының қолына беру.

1837 ж, қараша.

1.Жиделі түбінде Исатайдың мың адамдық қолы Меркуловтың әскеріне шабуыл жасады. 2.Тастөбе шайқасы. Исатайдың үш мыңдық әскері жеңілді. Орыстарды басқарғандар: Геке, Меркулов. Геке осы шайқас үшін полковник шенін алды. Перовский Исатайды ұстап бергенге 1000 сом, басын алғанға 500 сом тігуді ұсынды.

1837 ж, 13 желтоқсан.

Исатай Жайықтан шығысқа қарай, Кіші жүзге өтіп кетіп, шекті руының жерінде уақытша қоныстанды.

1838 ж, көктем.

1.Кенесары көтерілісінің Кіші жүз жерін шарпуы Исатай көтерілісін басу қажеттігін тездетті. 2.Екінші жағынан, Кіші жүздің батысында сұлтан Қайыпқали Есімұлы көтерілісінің етек алуы Исатай қозғалысын тездетіп басуды күн тәртібіне қойды.

1838 ж, шілде.

Ақбұлақ деген жерде Исатайдың соңғы шайқасы. Орыс әскерін Геке басқарды. 80 көтерілісші өлді, оның ішінде Исатай. Көтеріліс бойынша жазалау ісін басқару Гекеге тапсырылды.

1842 ж.

Исатай көтерілісінің жалғасы болып табылатын Аббас Қошайұлы мен Лаубай Мантайұлы басқарған көтеріліс.

Көтерілістің нәтижелері, маңызы: Патша үкіметіне старшиндармен санасуына тура келді. Салықтың көтерілуіне белгілі дәрежеде шек қойылды.
VI. Кенесары Қасымұлы (1802-47 жж) қозғалысы (1837-47 жж). Кенесарының көзқарасы қалыптасуына әкесі Қасым төренің қимылдары әсер етті. 1836 ж Қоқан ханы бұйрығымен Кенесарының ағасы Саржан, 1840 ж әкесі Қасым төре өлтірілді. Қозғалыс бүкіл Қазақстанды қамтыды. Әскер саны 20 мың адамға дейін жетті. 80 сұлтан, би, старшын қатысты: Ақмола округінің сұлтандары-Күшік Жадай, Жанай Айшуақұлдары, Көкшетау округінен-Айғаным ханым, батырлар-Ағыбай, Иман, Жоламан, Бұхарбай, Бұғыбай, Аңғал, Жеке, Байсейіт, Ұлы жүзден Тайшыбек, Саурық, Сұраншы. Қозғалыстың басты қозғаушы күші: қазақ шаруалары, қазақтармен қатар орыс, өзбек, қырғыз, қарақалпақ, башқұрт, түрікмен халықтарының өкілдері қатысты. Қозғалыстың басты мақсаты: патша үкіметі тартып алған жерлерді қайтару, округтерді тарату, салықтарды жою.

Жыл.

Көтеріліс барысы.

1837 ж, қараша.

Кенесары Ақтау бекінісі казактарының тобына тұңғыш рет шабуыл жасады.

1838 ж.

1.Кенесары Ақмола бекінісін өртеді. Бекіністі қорғағандар: Құдаймендіұлы, Карбышев. Басықара батыр бекініске бірінші кіріп, ерлікпен қаза тапты. 2.Қозғалыс Кіші жүзге тарады. Жоламан Тіленшіұлы өз жақтастарымен көтерісшілер қатарын толықтырды.

1841 ж, тамыз-қыркүйек.

1.Кенесары әскері Ташкентке аттанды. Жорық жүзеге аспады, себебі-жұқпалы аурудың тарауы. Қоқан ханы Кенесарыға одақ жасауды ұсынды. 2.Кенесары хан сайланды. Қазақ хандығы қалпына келтірілді. Көтеріліс ұйымдасқан сипат ала бастады. Кенесары хандықты жасауылдар арқылы басқарды. Мал өсірушілер зекет, диқандар ұшыр төледі. Кенесары егіншілікпен айналысуды қолдады. Сауда керуендерінен баж салығы алынды. Сол қаржыға Орта Азия базарларынан қару сатып алынды. Кенесары әскерінде ерекше айырым белгілері енгізілді.Сатқындық жасағандар, күзетте ұйықтап қалғандар өлім жазасына кесілді. Билер сотының орнына хан соты құрылды.

1843 ж.

Ресей императоры Николай І – нің Кенесарыға қарсы жорық ұйымдастыру жөніндегі жарлығы.

1844 ж, шілде.

Тобыл өзенінің жоғарғы ағысында Кенесары әскері мен Ахмет Жантөреұлы отряды арасындағы шайқас. Салдары: 44 сұлтан өлді. Лебедев дәрменсіздігі үшін сотқа тартылды

1845 ж.

1.Кенесарыға Долгов пен Герн елшілігі келді. Патша елшілерінің талаптары: басқа елдермен дипломатиялық байланыс жасамау, қылмыстық істерді қарамау, үкімет межелеген жерлерде ғана көшіп-қону. Кенесарының талаптары: бекіністерді жою, салық жинауды тоқтату, жазалаушы отрядтарының бассыздығын тыю. 2.Кенесары Сарыарқадан Ұлы жүзге бет алды. Қазан мен қараша айларында көтерісшілер Созақ, Жүлек, Жаңақорған бекіністерін алды.

1846 ж.

1.Кенесары Қоқанның Мерке бекінісін алды. 2.Вишневскийдің Жетісуға сапары. Мақсаты-Кенесарымен күреске Жетісу қазақтарын тарту.

1847 ж.

1.Кенесары қырғыз жеріне басып кірді. Көтерілістің отаршылдыққа қарсы бастапқы сипаты өзгере бастады. 2.Тоқмаққа жақын Майтөбе (Кеклік Сеңгір) деген жерде Кенесарының қырғыздармен соңғы шайқасы. Рүстем сұлтан мен Сыпатай бидің ұрыс қарсаңында жауынгерлерімен Кенесарыдан бөлініп кетуі қазақ жасағының жеңілісіне әсер етті. Кенесары өлді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет