Қозғалыстың тарихи маңызы: үш жүзді қамтыған, отаршылдық езгіге қарсы бағытталған XIX ғ ең ірі көтеріліс. Ресейлік ғалымдар Кенесарыны «бүлікшіл сұлтан», «Қазақ даласының Митридаты» деп атады. Майер «Кенесарыға көзсіз ерлік тән еді » деп жазды. Кенесарының қазасы туралы Нысанбай Жаманқұлов ақынның «Наурызбай-Қаншайым» дастанында баяндалады.
VІI. ХІХ ғ 50 жж қазақ шаруаларының азаттық күресі. А. Жанқожаның Хиуа мен Қоқанға (1830-50 жж) және Ресейге (1856-57 жж) қарсы күресі. Бүкіл өмірін Арал маңы қазақтарының тәуелсіздігі жолындағы күреске арнады. Хиуаға қарсы көтерілістің себебі: Мұхаммед-Рахым Аллақұлдың Жаңадария мен Қуандария аудандарында қамалдар тұрғызуы. Көтерілісшілердің ошағы: Жаңақала ауданы.
Жыл.
|
Көтеріліс барысы.
|
1845 ж.
|
Жанқожа 2 мың Хиуа әскерін жеңді. Оның даңқы үш жүзге тарады.
|
1847 ж.
|
1.Жаңқожа әскері Хиуаның Жаңақала бекінісін басып алды. 2.Патша үкіметі Жанқожаны өз жағына тартуға күш салып, оған 200 сом жылдық жалақы белгіледі. Батырға жасауыл атағы берілді. Жанқожа барлық атақ, жалақы, қымбат бағалы сыйлықтардан бас тартты.
|
1856 ж.
|
Жанқожа әскерінің саны 1500-2000-ға жетті.
|
1856 ж, желтоқсан
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |