Ќанныѕ биохимиясы



бет6/6
Дата24.04.2023
өлшемі1,21 Mb.
#86152
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6

Гиперпротеинемия

  • Организмнiң диарея, құсу, ауыр жарақат алғанда, күйгенде холерамен ауырғанда суды көп мөлшерде жоғалтуы нәтижесiнде пайда болады. Оны салыстырмалы гиперпротеинемия деп атайды. Ал, кейбiр ауруларда иммуноглобулиндердiң кенеттен көтерiлiп кеткен кезiнде патологиялық белоктардың (бұлшықеттер ауруында т.б.) көп болуын абсолюттiк гиперпротеинемия деп атайды.
  • Гиперпротеинемия көбiнесе гиперглобулинемиямен тығыз байланысты, және мұның нәтижесiнде альбумин/глобулин коэффициентi төмендейдi.

Гипопротеинемия

  • Организмде судың көп ұсталып қалу нәтижесiнде, (цирроз ауруында не жүрек қызметі нашарлығында), белоктың бүйрек ауруларында несеппен сыртқа шығуы нәтижесiнде, бауыр зақымданғанда қан плазмасындағы белок синтезiнiң тежелуi кезiнде байқалады. Липопротеиндердi анықтаудың да диагностикалық маңызы зор (майлардың алмасуы тарауын қараңыз).

Қанның ферменттерi

  • Қандағы ферменттердi 3 топқа бөлуге болады.
  • 1. Функционалдық немесе плазмоталғамды ферменттер.
  • 2. Индикаторлық немесе органоталғамды ферменттер.
  • 3. Экскреторлы ферменттер.

Функционалдық ферменттер

  • Бұл ферменттердiң қатарына:
  • - Лецитин-холестерин ацилтрансфераза – холестериннiң өзiнiң эфирiне айналуын жүзеге асыратын фермент (ТЖЛП).
  • Бауырлық липопротеинлипаза – хиломикрондардың, тығыздығы өте төмен липопротеинлипаза құрамындағы ТАГ гидролиздеушi фермент;
  • Холинэстераза – ацетилхолиндi ыдыратушы фермент;
  • Лизоцим – қанның бактерицидтiк қасиетiн қамтамасыз ететiн фермент;
  • Кининаза – кининогенез, фибринолиз, қанның ұюына қатысатын ферменттер;
  • Ренин – юкстагломерулярлы аппаратын клеткаларында тұз бен су алмасуына қатысатын фермент.

Индикаторлық ферменттер

  • Бұл ферменттердiң қандағы белсендiлiгiн анықтау, қандай органның қаншалықты зақымдалуын көрсетедi. Әрбiр органда өзiне ғана тән ферменттер тобы бар, ендi осы органда қалыпты жағдайдан ауытқу байқалса, осы ферменттiң қандағы белсендiлiгi өзгередi.
  • Мыс, аспартатаминотрансфераза, креатинфосфокиназа, ЛДГ1 және ЛДГ2 ферменттерiнiң қан плазмасындағы белсендiлiгiнiң артуы жүректiң зақымдалғанда, миокардтың инфарктын анықтауда дәлел бола алады. Аланинаминотрансфераза, ЛДГ5, ГлуДГ белсенділігінің артуы бауыр паренхимасының зақымдалғанын көрсетедi.
  • Бүйректе – сукцинат ДГ, урокиназа, лизоцим
  • Ұйқы безiнде – трипсин, кининоген, эластаза, -амилаза сияқты ферменттердiң белсендiлiгi қанда артса, осы органдардың зақымдалғанын көрсетедi.
  • Сүйектердiң зақымдалғанын сiлтiлiк фосфатазаның белсендiлiгiнiң өзгеруi нәтижесiнде анықтауға болады.

Экскреторлы ферменттер

  • Физиологиялық күйде өтпен бірге бөлінеді. Өт капиллярларында бұл ферменттердің бауырға түсу механизмі толық зерттелмеген. Көптеген патологиялық процестерде экскреторлы ферменттердің өтпен бірге түсуі ауытқиды да, қан плазмасындағы белсенділігі жоғарылайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет