Aннотaция Зерттеудің көкейкестігі


БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ЖАҢА НЫШАНДАР



бет5/7
Дата30.12.2023
өлшемі79,68 Kb.
#145117
1   2   3   4   5   6   7
2.1 БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ЖАҢА НЫШАНДАР
Қазақстандағы білім беру үдерісіне енген жанартылған білім беру бағдарламасы-заман талабына сай, келешек ұрпақтын сұранысын қанағаттандыратын тын багдарлама.
Біздін болашаққа барар жолымыз қазақстандықтардың әлеуетін ашатын жана мүмкіндіктер жасауға байланысты. XXI ғасырдағы дамыған ел дегеніміз-белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар. Барлык дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі бар. Білім берудің сапасын жақсарту үшін заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелер, білікті мамандар қажет. Білім-қоғамды әлеуметтік-мәдени, ғылыми үрдіспен камтамасыз ететін жоғары құндылық. Болашақтың бүгінгіден нұрлы болуына ыкпал етіп, адамзат қоғамы алға апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдін болсын есіп-өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы онын ұлттық білім жүиесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. «Ұрпағы білімді халыктын болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпакка сапалы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру-бүгінгі күннің басты талабы. Мектеп-еліміздің халыққа білім беру жүйесінің күрделі тармағы. Еліміздің жарқын болашағы, мектеп болашағы-ұстаздардың ізденісінде, балаларға деген сүйіспеншілігінде, кәсіптік деңгейіне байланысты екендігінде.
Шындығында мұғалімнің алдында оқушыларға білім мен тәрбие беруде улкен жауапкершілік тұр. Әрбір оқушыны оқытып тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігімен және шығармашылық ынтамен шешуге кабілетті жаңашыл мұғалім керек. Жаңа, тез өзгермелі, білімді де білікті, тың серпіліске, өзгеруге дайын және жаңа талап межесінен көріне алатын шығармашыл да кәсіби шебер мұғалімдерді қажет етіп отырғанына кезіміз жетті. Оқушылардың мектепте табысты оқуы ғана емес, өмірде де табысты болуы мұғалімнің қабілетіне, оның құзыреттілігіне байланысты екенін терен түсіндік. Мұғалім оқушылар үшін қандай да бір пән бойынша білім беретін адам ғана емес, сондай-ақ олардың оқудағы еңбегін қызықты, тиімді ұйымдастыра алатын, оларға үлгі болатын ерекше тұлға болуы керек. Жана заман мұғалімнен күнделікті оқушылармен қарым-қатынас барысында әрбір жағдаят үстінде ерекше білім деңгейін көрсетуді және шығармашыл шешім қабылдай алуын талап етіп отыр. Оны қанағаттандыру үшін қазіргі заманнын мұғалімі жаңашыл, икемді, өзгерісті тез кабылдай алатын, жан- жақты, жана педагогикалық инновациялық технологияларды меңгерген болуы керек.
Соңғы жылдары педагогикалық теорияда және оқу-тәрбие үдерісінде айтарлықтай өзгерістер болып жатыр. Білім берудегі жаңғырту мен инновациялық үрдістердің жалғасуына ықпал етудің маңызды факторының бірі мұғалімнің кәсіби шеберлігі. Солай бола тұра «кәсіби шебер» түсінігіне пәндік, дидактикалык, әдістемелік, психология-педагогикалық білім мен

17
дағды ғана емес, педогогтін жеке тұлғалық потенциалы, кәсіби кұндылықтары


да жатады. ҚР-ның педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыруга арналган үш айлык курс бағдарламалары, білім беру жүйесінде педагогтар алдына жаңа міндеттер қойып, оларға үн тастады десек те болады. Білім мазмұнын жаңарту тікелей шығармашылық ізденістегі мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты.
Тәрбиелі, білімді және белсенді тұлға қалыптастыру-білім ордасындағы оқытушылардың кәсіби шеберлік деңгейімен анықталатыны сөзсіз. «Мұғалім көп әдісті білуге тырысуы керек. Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек»,-деп Ахмет Байтұрсынов айткандай, казіргі заман талабына сай білім беру мәселесі сол қоғам мүддесіне сай болуы керек. Өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге жетеді. Қазіргі таңда пәнді жақсы, терең білетін, күнделікті сабақтағы тақырыпты толық қамтитын, оны оқушыға жеткізе алатын, әр түрлі деңгейдегі тапсырмаларды білу іскерлігі, оқытудың дәстүрлі және ғылыми жетілдірілген әдіс-амалдарын, құралдарын еркін меңгеретін, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыра отырып дарындылығЫН дамытудағы іздену-зерттеу бағытындағы тапсырмалар жүйесін ұсыну өмір талабы. Ал оның негізі бастауыш сыныптарда қаланбақ. Сондықтан да бастауыш сыныпта әр сабаққа әр түрлі тиімділі қолдана отырып, оқушылардың білім сапасын арттыру көкейкесті мәселе.
Педагогиканың барлық осы аспектілері сындарлы оқыту теориясымен үйлеседі. Сындарлы оқыту тәсілдері білім берудің «дәстүрлі» әдістерімен салыстырғанда, оқыту кезінде жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді . Сындарлы оқыту тәсілдері оқушылардың алдыңғы білімдерімен ұштастыра отырып, жаңа білім алуы туралы тұжырымдамаға негізделеді. Бұл жерде ең маңыздысы оқушылардың алдыңғы алған дағдылары жана дағдыларды меңгеруге үлкен ықпалын тигізеді, ал егер ол ескерілмесе, онда білім тереңге бармай, үстірт меңгерілген таяз білім болмақ. Мұндай үстірт білім оқушыға қазіргі әлемде жетістікке жету үшін қажетті жоғарыда аталған сын тұрғысынан ойлау, рефлексия және басқа да дағдыларын, алған білімін қолдануына кері әсерін тигізеді. Оқушылар білімді толықтай меңгеру үшін ақпаратты енжар қабылдамай, сабакка белсенді қатысуы керек. Оқушылардың алған білімдерімен жұмыс істеуге, оны әрі қарай өндеп, өз дағдыларын арттыруға мүмкіндік беретін жаттығуларды орындауға мүмкіндіктері болуы аса маңызды болып табылады. Қазақстандағы білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы-заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама. Білім беру бағдарламасына өзгерістер не үшін қажет?
- Білім беру бағдарламаларын жаңартудың басымдықтары;
- Рухани құндылықтар мен дағдылар; - Оқытудағы қолданылатын оқыту тәсілдері;
-Белсенді оқу, белсенді оқудағы мұғалімнің рөлі; 18
Брунердің жұмысына негізделген спиральді білім беру бағдарламасының негізгі ерекшеліктері:
-оқушы мектепте оқыған кезде тақырыпты немесе пәнді бірнеше рет кайталап оқиды;
- әрбір кайталап окыган сайын такырыптың немесе пәннің күрделілігі арта туседі;
-жана білім алдыңғы біліммен тығыз байланысты және бұған дейін алынган акпарат тұрғысынан қарастырылады.
Спиральді білім беру бағдарламасын жақтаушылар оның төмендегідей басымдықтарына назар аударады:
-окушы пәнді кайталап оқыған сайын ақпарат толықтырылып бекітіліп отырады;
- спиральді білім беру бағдарламасы жеңіл идеялардан анағұрлым күрделі идеяларга қисынды жолмен ауысуға мүмкіндік береді;
-окушыларды соңғы оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін бұрын алған білімдерін колдануға жетелеу ұсынылады.
Мұғалімдер өз оқушыларының қызығушылықтары туралы білімдері мен бүкіл білім беру бағдарламасын ескере отырып, орындалатын жаттығуларды өзі тандауға ерікті. Жаттығуларды оқушылардың мүдделері негізінде жоспарлау «оқушылар туралы хабардарлықтың негізінде оқытуға» түрткі болады (Tomlinson), ал бұл өз алдында саралауды қолдануға жол ашады. Мұғалім оқушылардың оқу үлгерімін бақылап, оларға мақсаттарына жетуге колдау көрсетеді.
Мұғалімдер әрбір сабақта оқушылардың бойында бұл қасиеттерді түрлі әдіс-тәсілдер арқылы қалыптастырады және дамытады. Олар:
Бүкіл сынып орындайтын жұмыс
- Сараланған сұрақтарды қолдану.
- Күтілетін нәтижелерді саралау.
- Окуда ерекше қажеттіліктері бар және қабілетті оқушыларға бағытталған сұрақтарды жоспарлау және әзірлеу
- Оқушылардың өз бетінше оқи алатынынан жоғары деңгейдегі мәтіндер және тапсырмалар әзірлеу.
- Басқалардан гөрі қабілетті оқушыларға шамадан тыс көп тапсырма жүктемеуге тырысу.
- Анағұрлым қабілетті оқушыларды интербелсенді пікірталасқа тарту үшін ашық сұрақтарды колдану.
- Қабілетті оқушыларды өтілген материалдар бойынша тұжырым жасауға ынталандыру.
- Өзіміз іштей барлық оқушыларға ауызша кері байланыс беру.
- Қажет болған жағдайда оқушыларды модельдеуге қатыстыру.

19
- Кабілетті оқушылардың түсініктемелер мен қағидаттарды тұжырымдап айтуын сұрау.


- Кабілеті жоғары окушылар үшін мүмкіндігінше жоғары денгейлі сұрақтар мен тапсырмалар, ал кабілеті төменірек окушылар үшін төмен деңгейлі қарапайым сұрақ әзірлеңіз.
- Қабілеті төмен оқушылардың өзіне сенімділігін қалыптастыру үшін модельдеуді пайдалану.
- Түрлі денгейдегі проблемаларды шешудің үлгісін көрсету.
- Метатанымды колдау үшін қажетті терминологияны колдану.
- Кабілеті жоғары окушылар білуі тиіс мәселелерді модельдеу.
- Бүкіл сыныпқа арналган максат кою.
Шағын топтағы жұмыс
- Ен кабілетті оқушылардың мұғалімнің өзіне назар аударуын көбірек қалайтынын есте ұстау.
- Оқушылардың және соған сәйкес топтың ортақ қажеттіліктерін анықтау.
- Топтарды жұмыс түріне қарай құру.
- Күтілетін нәтижеге сәйкес топ мүшелерін ауыстырып отыру.
- Кейде ен қабілетті оқушылар бірігіп жұмыс істейтін жағдайлар болатынына көз жеткізу.
- Барлык окушылардың басқаларды басқару және топта жұмыс істеу мүмкіндігі болуына назар аудару (бұл жерде мұғалім тарапынан ерекше қажеттіліктері бар окушыларға назар аударылуы тиіс).
- Ерекше қабілеті бар оқушыларға топтық жұмыста олардың қабілеттерін ашатын рөлдерді бөлу.
- Бүкіл топ үшін ғана емес, шағын топ/жеке оқушы үшін де мақсат белгілеу.
- Өзін-өзі бағамдауды қолдану.
- Окушыларды тек сұраққа жауап беруге ғана емес, сұрақты дұрыс тұжырымдай білуге ынталандыру.
- Оқушылардың мәдени дәстүрлерін ескеру.
- Бірлескен оқылым мен жазылым, проблема шешу жаттығуларын колдану.
- Оқушылардын алдына қойылатын мақсаттарды бірлесе отырып белгілеу.
-Бүкіл сыныпқа арналған таныстырылым жасау мүмкіндіктерін талқылау.
-Топтық жұмыстағы маңызды рөлдерді бөлу, мысалы, талқылауды өткізуге
жауапты топ көшбасшысы және т.б.
- Өзара түзету немесе өзара бағалауды қолдану.
- Оқушылардың дамытуды қажет ететін салаларын және жақсартуға қатысты ұсыныстарын тұжырымдауын талап ету.
- Оқушының «толығырақ» жауап беруін емес, «басқаша» жауап беруін күту.
- Қабілетті окушылардың басқалардың табысқа жетуіне ықпал етуіне көмектесу.

20
- Сапалык нәтижелерді назарда ұстау, үдерісті жеделдету жағдайларын зерделеу.


- Барлық оқыту мерзімдерін белгілеу, бірақ мерзімдер мүмкіндіктерге сәйкес болуы тиіс.
- Тапсырманын ауқымын тарылтып, мағына терендігіне біршама мән беру және топтык кері байланысты жоспарлау.
Жеке жұмыс және оку
-Бағалау марапаттауға ғана емес, калыптастырушы максатта болуы тиіс және нақты бағалау критерийлеріне бағдарлануы тиіс.
- Сараланған бағалау критерийлерін алдын ала хабарлау.
- Әрекет ету стилін өзгертіп отыру және оқушыларға шамадан тыс қысым жасауга жол бермеу.
- Окушыларды өзін-өзі бағалауға ынталандыру, өзін-өзі бағалауға арналган паракшаларды колдану.
- Пән аясында оқушылардың өз бетінше оқуы мен жазуы және математиканы меңгеруін қадағалау.
- Күтілетін жоғары нәтижелерге бағдарлай отырып, мәтіндерді/ есептерді және жаттығуларды окушылардың қабілеттерімен сәйкестендіру.
- Оқушылар жауаптарының ерекше болып, өз бетінше тұжырымдалуын
және бастама көтеруге ұмтылуын қолдану.
- Зерттеуге негізделген, проблема шешуге бағытталған тәжірибелік
тапсырмалар дайындау.
-Оқушылардан дербес кері байланыс алуды жоспарлау.
-Барынша кең ауқымдағы оқылым мен жазылымға, тәжірибелік және шығармашылық жаттығулар орындауға мүмкіндік жасау.
- Сараланган немесе ашық сұрақ қою.
-Тұжырым жасап және оның дұрыстығын дәлелдеуді сұрау.
-«Сіздің бұлай ойлауыңызға не себеп болды?» деген сұрақтың мәнін колдану. -Белгілі бір мәтіннің немесе математикалық тапсырмаға негізделген жаттығулар тізбегін өткізу.
- Кабілетті окушылардан нақты тапсырманы орындауға қажетті дағдыларды тұжырымдауын сұрау.
Топ болып талқылау
-Оқушылардың мәселемен таныстырып қана қоймай, оған түсініктеме
беруіне ынталандыру.
-Олардын рөлдері бойынша өздерін таныстырып, жұмыстары бойынша есеп беру мүмкіндіктерін пайдалану.
- Оқушыларға кері байланыс үшін өздерінің ескертпелерін жазып отыруды ескерту.
-Окушылардың кері байланыс үшін әртүрлі мерзімдерді белгілеуіне рұқсат ету.
21
- Әрекет етуден мүмкіндігінше пайда көруге септігін тигізеді. Топтық және жұптық жұмыс аясында, сондай-ақ бүкіл сынып орындайтын жұмыста бағытталған оқыту мен үздік өзара қарым-қатынастың манызы зор.
Еліміздің болашағы, көркейіп өркениетті елдер қатарына косылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Заман көшіне ілесе отырып, жаңашыл бағытта жұмыс жүргізу-барша ұстаз алдында тұрған негізгі міндеттердін бірі. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады.
22




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет