Қант диабеті БӨж орындаған: Тағанбек Динара Нарбекқызы



бет10/11
Дата01.03.2023
өлшемі1,25 Mb.
#71000
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
ҚД. ИӨЖ 10

Зерттеу мақсаты. 2 типті қант диабеті бар науқастарда гендерлік және жас ерекшеліктеріне байланысты онкопатологияның кездесу жиілігін анықтау.
Материал және әдістері. Зерттеу Алматы қаласындағы үш емхана базасында өткізілді, онда 2 типті қант диабеті бар 4793 науқас тіркелген. Үздіксіз әдіспен 2 типті қант диабеті мен онкопатологияға ие 381 науқастың амбулаториялық картасынан деректерді көшіру жүргізілді. Барлық науқастарға арналған тіркеу карточкалары жасалды, олар келесі мәліметтерді қамтыды: жасы, жынысы, 2 типті қант диабеті ұзақтығы, онкологиялық процестің орналасуы, аурудың динамикасында гипогликемиялық терапия түрі.
2 ТИПТІ ҚАНТ ДИАБЕТІ МЕН ОНКОЛОГИЯЛЫҚ АУРУЛАРДЫҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ ТУРАЛЫ ТҰЖЫРЫМ
Р.Б. БАЗАРБЕКОВА, И.С. БЕКТАЕВА, ҚОҢЫРБАЕВА, ӨКСІКБАЕВА, А.О. ӘЛІБЕК, К.К. ИГІСІНОВА, М.В. КАЗАКОВА, Г.А. МОМЫНДЫҚОВА, А.М. БАҚТЫБАЕВА
Нәтижелері және талқылауы. Біздің зерттеуімізде қатерлі ісік 2 типті диабетке ие науқастардың 7,94%-ында анықталды. 2-типті қант диабет кезінде онкопатология әйелдерде жиі кездесетіндігі көрсетілген. Екі жыныста да адамдардың жасы ұлғайған сайын онкопатология жиілігінің өсуі байқалады. 2 типті қант диабеті кезінде қатерлі ісіктің жекелеген түрлері популяцияға қарағанда жиі кездеседі.
Қорытынды. 2 типті қант диабеті қатерлі ісік ауруларының белгілі бір түрлерінің даму қаупін арттырады: еркектерде - бүйрек, ал әйелдерде - қалқанша без, сүт безі, жатырдың және жатыр мойнының қатерлі ісіктері
ҚОРЫТЫНДЫ
Қантты диабеттің 2 типі - инсулинрезистенттілік және β-жасушалардың секреторлы дисфункциясы әсерінен гипергликемияның дамуымен, липидті алмасудың бұзылуы нәтижесінде атеросклероздың дамуымен сипатталатын көмірсу алмасуының бұзылуымен көрінетін созылмалы ауру. Науқастардың өлімі мен мүгедектігіне әкелетін басты себептердің бірі жүйелік атеросклероздың асқынулары болып табылады. Кейде ҚД-2-ні жүрек-қантамыр жүйесінің ауруы деп те атайды.
Қантты диабетке тән белгілер қатты шөлдеу, жиі және көп мөлшерде зәр бөлу екенін есте ұстаған жөн. Тері қабаты құрғап, қышиды, шаш арасында және беттің ұшында экссудативті диатез пайда болады. Тері қабатының, жалпы ағзаның қорғаныш күштері төмендейді. Қанда қант мөлшері көбейеді. Осындай белгілер байқалған бойда дәрігер көмегіне жүгіну керек. Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметінше 2050 жылға қарай әлемде екі адамның біреуі қант диабетімен ауыратын болады. Сондықтан дерттің дендеп кетпесі үшін онымен қоғам болып күресуіміз қажет. ҚД-2-мен сырқаттанған науқастардың өлімі мен мүгедектігіне әкелетін басты себептердің бірі кеш асқынулар, әсіресе диабеттік макроангиопатия болып табылады. Олардың дамуына әкелетін басты ортақ түрткі- созылмалы гипергликемия. Мысалы, ҚД-2-мен сырқаттанған науқастарда HbA1c деңгейінің 1%-ға төмендеуі жалпы өлім көрсеткішінің шамамен 20%-ға, ал 2 % және 3 % төмендеуі —сәйкес 40 % және 60 %-ға төмендеуін көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет