Антигипертензивті препараттар


Қолдану тәсілі және дозалары



бет3/8
Дата15.12.2022
өлшемі79,83 Kb.
#57455
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
антигеп пре-р (копия)

Қолдану тәсілі және дозалары
Артериялық гипертензияда ересектерге күніне 1 рет бастапқы 5 мг дозада тағайындайды. 1-2 аптадан кейін әсері болмаған жағдайда дозаны 5 мг- ға жоғарылатады. Жақсы көтерілімді болған жағдайда дозаны тәулігіне 1 рет қабылдаумен 20 мг- ға дейін жоғарылатуға болады. Эналаприлді ең жоғары дозада 2-3 апта қабылдағаннан кейін тәулігіне 10-20 мг дозада демеуші емге көшеді. Эналаприлдің ең жоғары тәуліктік демеуші дозасы тәулігіне 40 мг құрайды (2 қабылдаумен).
Жағымсыз әсерлері
- көрудің бұлыңғырлануы түрінде көрудің бұзылуы
жөтел
бас айналуы
жүрек айнуы
астения
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- эналаприлге, препарат компоненттеріне немесе АӨФ басқа тежегіштеріне жоғары сезімталдық
- тұқым қуалаған немесе сыртартқысындағы ангиотензин-өзгертуші фермент тежегіштерін қабылдағаннан кейін пайда болған ангионевроздық ісіну
Волсартан
Сартандар
Фармакокинетикасы
Препаратты тамақ ішуге қарамай-ақ тағайындауға болады. Препаратты ішке қабылдағаннан кейін валсартан қан плазмасында ең жоғары концентрацияға 2-4 сағаттан соң жетеді. Валсартанның сіңуі тез жүреді, алайда сіңуі дәрежесі ауқымды шекте ауытқып отырады. Препараттың абсолютті биожетімділігінің орташа шамасы 23% құрайды. Валсартанның фармакокинетикасы дозаға байланысты сипатта болады.
Фармакодинамикасы
Валсартан-Тева ішке қабылдауға арналған ангиотензин II рецепторларының АТ1-қосалқы түрлерінің (ангиотензин 1 қосалқы түрлерінің рецепторлары) спецификалық белсенді антагонисі болып табылады. Ол ангиотензин II-нің белгілі әсерлеріне жауапты AT1 қосалқы түрлерінің рецепторларына іріктеп әсер етеді. АТ1 рецепторларының бөгелуінен кейін қан плазмасында ангиотензин II деңгейінің валсартанмен жоғарылауы бөгелмеген АТ2 рецепторын стимуляциялауы мүмкін, ол АТ1 рецептордың әсерін теңестіреді.
Қолданылуы
ересектердегі және 6-18 жастағы балалардағы артериялық гипертензияда
жүрек функциясының жеткіліксіздігінде диуретиктермен,, АӨФ тежегіштерін пайдаланып емдеу мүмкін болмаған жағдайда, бета-адрено-блокаторлармен бірге кешенді ем құрамында


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет