Қолдану тәсілі және дозалары Ұсынылатын бастапқы доза - 250 мг тәулігіне 2-3 рет алғашқы екі күн ішінде. Содан кейін тәуліктік доза артериялық қысымның төмендеу дәрежесіне қарай, екі күндік аралықпен жоғарылатуы немесе төмендетілуі мүмкін. Емдеу курсының басында болуы мүмкін седативті әсерінің айқындығын төмендету үшін және дозаны жоғарылатуда алдымен кешкі дозаны жоғарылатады. Демеуші доза - 500-2000мг тәулігіне 2-4 рет. Егде жастағы емделушілерде бастапқы доза төмен болуы тиіс және тәулігіне 500мг аспауы керек. 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер Балалардағы ұсынылатын бастапқы доза 2-4 қабылдауға дене салмағына тәулігіне 10 мг/кг құрайды. Қажет болғанда тәуліктік дозаны кем дегенде екі күн интервалмен біртіндеп жоғарылатуға (дене салмағына 65 мг/кг дейін) болады. Тәуліктік доза 3000 мг аспауы керек.
Жағымсыз әсерлері Кумбстің оң
-гемолитикалық анемия, лейкопения, гранулоцитопения,
-миокардит,
Перикардит
-паркинсонизм
-стенокардияның күшеюі
панкреатит-гепатит, бауыр некрозы
Қолдануға болмайтын жағдайлар: -жоғары сезімталдық- метилдопаны бұрын қолданумен байланысты бауыр функциясының бұзылуы- бауыр ауруының белсенді сатысы
-моноаминооксидаза тежегіштерімен қатар емдеу- депрессия
Феохромоцитома
- 18 жасқа дейінгі балалар.
Бета-адреноблокаторлар. Бисопролол Фармакокинетикасы Сіңірілуі 80-90, ас ішу сіңірілуіне әсер етпейді. Қан плазмасындағы ең жоғары концентрациясы 1-3 сағаттан соң байқалады, қан плазмасы ақуыздарымен байланысы 30-ға жуық құрайды. Гематоэнцефалдық бөгет және плаценталық бөгет арқылы өткізгіштігі төмен, емшек сүтіндегі сөлінісі төмен. Плазмадан 10-12 сағатқа тең жартылай шығарылу кезеңі күніне бір рет қабылдаған кезде 24 сағаттық тиімділігін қамтамасыз етеді. Бүйрек арқылы дәрінің 95-ға жуығы, соның жартысы өзгеріссіз күйде шығарылады. Адам организмінде белсенді метаболиттері тіркелмеген.
Фармакодинамикасы Бисопролол – өзіндік симпатомиметикалық белсенділігі (СМБ) жоқ селективті бета1-адреноблокатор, гипотензиялық, аритмияға қарсы және антиангиналық әсер көрсетеді. Жоғары емес дозаларда ЖЖЖ сиретеді, өткізгіштік пен қозуды бәсеңдетеді, миокард жиырылуын төмендетеді. Альфа-адренорецепторлар белсенділігінің реципрокты артуы және бета2-адренорецепторлар көтермеленуінің жойылуы нәтижесінде ол 1-3 тәуліктен соң бастапқы деңгейіне оралады, ал ұзақ уақыт тағайындалғанда төмендейді.
Қолданылуы