Қолданутәсілі және дозалары Артериялық гипертензияда
Валсартан-Тева препаратының ұсынылатын бастапқы дозасы тәулігіне 80 мг құрайды. Гипертензияға қарсы әсеріне 2 апта ішінде, ал ең жоғары әсеріне 4 апта ішінде жетеді. Талапқа сай бақыланбайтын артериялық қысымы бар кейбір пациенттерде дозаны 320 мг-ге дейін арттырады немесе диуретиктерді қосымша тағайындау керек.
Жағымсыз әсерлері Артериялық гипертензиясы бар науқастарда
- бас айналу
- жөтел
- іштің ауыруы
- қатты қажығыштық
гемоглобин және гематокрит деңгейлерінің төмендеуі, нейтропения, тромбоцитопения
Қолдануға болмайтын жағдайлар - валсартанға немесе препарат компоненттерінің кез келгеніне жоғары сезімталдық
- бауыр функциясының ауыр жеткіліксіздігі, билиарлы цирроз және холестаз
- 2 типті қант диабеті бар пациенттерде, валсартанды қоса, ангиотензин рецепторларының антагонистерін немесе - жүктілік және лактация кезеңі
- 6 жасқа дейінгі балалар
Хлорталидон Диуретиктер Фармакокинетикасы Ішке қабылдауға арналған хлорталидон асқазан-ішек жолынан сіңеді (65%-ға жуық).
Препараттың аздаған бөлігі бауырмен метаболизденеді және өтпен шығарылады. Пероральді дозасының 50-65% несеппен өзгермеген түрінде шығарылады. 10%-ға дейін хлорталидон нәжіспен шығарылады. Хлорталидонның плазмадағы жартылай ыдырауының орташа кезеңі 40-60 сағатты құрайды
Фармакодинамикасы Хлорталидон ішке қабылдауға арналған, ұзақ уақыт әсер ететін несеп айдайтын антигипертензиялық дәрі болып табылады. Препарат натрий мен хлоридтің экскрециясын жоғарылатумен диурезді стимуляциялайды. Препарат нефронның дистальді иірімді өзекшесіне әсер етеді..
Қолданылуы - артериялық гипертензияны емдеуде
- созылмалы жүрек жеткіліксіздігін емдеуде - нефроздық синдром, жедел гломерулонефрит және созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі секілді әртүрлі формадағы бүйрек дисфункциясындағы ісінулерде
Қолдану тәсілі және дозалары Хлорталидон 25 – 200 мг дозада ішке қабылданды. Доза білдіретін әсеріне және аурудың ауырлығына қарай жекелей анықталады.