Қолдануға болмайтын жағдайлар - хлорталидонға және басқа да препараттың сульфонамидты туындыларына жоғары сезімталдық
- анурия
- қант диабеті (ауыр түрі)
- ауыр бауыр жеткіліксіздігі, бауыр комасы, жедел гепатит
- ауыр бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі <30 мл/мин)
- тұрақты гипокалиемия, гипонатриемия және гиперкалиемия
Жағымсыз әсерлері Жүйке жүйесі және сезім ағзалары тарапынан: бас айналуы, вертиго, бас ауыруы, парестезия, ксантопсия.
-ортостаздық гипотензия -аритмия (гипокалиемия салдарынан), тромбоцитопения, лейкопения, агранулоцитоз, эозинофилия, апластикалық анемия.
анорексия, жүрек айнуы, құсу, гастроспазм, іш қатуы немесе диарея, бауырішілік холестаз, сарғаю, панкреатит.
Аллергиялық реакциялар: пурпура, фотосенсибилизация, бөрту, есекжем, тері васкулиті, Лайелл синдромы (уытты эпидермальді некролиз).
Кальций антагонисттері нифедипин Фармакокинетикасы Ішке қабылдаған кезде
нифедипин асқазан-ішек жолынан тез
және толық (90%-дан көбірек) сіңеді. Биожетімділігі – 50%-ға жуық. Қабылдағаннан кейін 1-3 сағаттан соң
қан плазмасында ең жоғары концентрацияға жетеді. Жартылай шығарылу кезеңі – 2-5 сағат. Негізінен несеппен бірге белсенді емес
метаболиттер түрінде шығарылады. Клиникалық әсерінің басталу уақыты:
20 мин – пероральді түрде қабылдағанда,
5 мин – сублингвальді түрде қабылдағанда. Клиникалық әсерінің ұзақтығы – 4-6 сағат.
Фармакодинамикасы Кальций өзекшелерінің селективті блокаторы, дигидропиридин туындысы. Кальцийдің кардиомиоциттерге және қантамырлардың тегіс бұлшықетінің жасушаларына түсуін тежейді. Антиангинальді және гипертензияға қарсы әсер береді. Қантамырлардың тегіс бұлшықетінің тонусын төмендетеді. Коронарлық және шеткері артерияларды кеңейтеді, жалпы шеткері қантамырлық кернеуді, артериялық қысымды және аздап миокардтың жиырылғыштығын төмендетеді, жүктемеден кейін миокардқа оттегінінің қажеттілігін азайтады. Коронарлық қан ағысын жақсартады.
Қолданылуы - артериялық гипертензияда;- жүректің ишемиялық ауруында: созылмалы тұрақты стенокардияда, вазоспазмдық стенокардияда (Принцметал стенокардиясында).
30>