Антикалық философия Антикалық пәлсапа


М.Қашқаридің тіл философиясы



бет10/10
Дата30.01.2023
өлшемі64,82 Kb.
#63840
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
сана рух

М.Қашқаридің тіл философиясы.
Махмұт Қашқари «Диуани лұғат ат-түрк» атты философиялық еңбегінде алғаш рет түрік мәдениетін сипаттап берді. Бұл түрік тілінің сөздігінде түріктер өмірінің ХІ ғасырдағы бай сипаты, салт-дәстүрі, өлеңдер мен аңыздардың, материалдық мәдениет заттарының мән-мағынасы ашылып көрсетілді. Бұл кітапта сол заманның тұрмысы мен дүниетанымы ерекше мұқият сипатталған. Рулық-тайпалық қатынастардан бастап болмыс шындығына дейін баяндалған. Философиялық ұғымдар, тек пен ерекшелік терминдері, этнонимдер мен жер-су аттары (топонимдер) ерекше мәнге ие болған. Еңбекте дәстүрлі халық санасының сипаты, тарихи және мифологиялық құндылыктар, діни және этникалық терминология тіркелген. Сондай-ақ, өз заманының, қоғамының әлеуметтік, саяси және рухани өмірінің сипаттамасы жан-жақты зерттелген, оның өзіндік және сапалық ерекшелігі адамдардың іс-әрекеті мен олардың санасы, қоғамның тұгастығы мен оның даму барысы күрделі қатынаста көрсетілген. «Диуани лұғат ат-түрк» таза филологиялық еңбек қана емес, солай болған күннің өзінде де бұл еңбек біздің Тіліміздің негізі, қайнар көзі болғандығымен де маңызы арта түседі. Адам — Махмұт Қашқари дүниетанымының өзекті мәселесі. «Адам мәңгі жасамас, көрге кірсе кері қайтпас» дейді ол. Адамның парасаттылығын, қонақжайлығын, жомарттығын, адалдығын, әділеттілігін, ізеттілігін, тәрбиелілігін жоғары бағалаған. Түріктердің дәстүрлі этикасы Махмұт Қашқаридың халыктық философиясының басым саласы болып табылады. Сонау орта ғасырдағы данышпан түркі ойшылдарынан тарихи бастау алатын қазақ халқының ұлттық философиясы этикалық құндылықтарға өте бай. Қазақ халқы -табиғатынан қиналғанға қол ұшын беруге даяр тұратын, ізгілікке жаны құмар гуманист халық.
Қазақтардың дәстүрлі дүниетанымының семантикалық діңгегі «құг» ұғымы. Оны «өркендеу басы», «өмірлік күш», «өмір потенциясы», сонымен қатар байлықпен байланысты «бақыт», «игілік», «үлес», «тағдыр» деген ұғымдармен сәйкестендіруге болады. Бұп ұғым онтологияны, философиялық антропологияны және әлеуметтік философияны біртұтас етіп біріктіреді.
Махмұт Қашқари өзінің «Түркі сөздерінің жинағы» кітабында дүниетанымы, әділеттілік пен бақытқа лайық өмірі, адамның өмірі мен өлімі, оның түріктік болмысы мен ойлауы, құндылықтық бағытбағдарлары, имандылығы мен мейірімділігі, қонақжайлығы мен парасаттылығы, жалпы алғанда, адамның рухани-адамгершілік, этикалық және эстетикалық құндылықтары жөнінде көптеген құнды ойлар қалдырған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет