Антикалық философия Антикалық пәлсапа



бет9/10
Дата30.01.2023
өлшемі64,82 Kb.
#63840
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Сана және өзіндік сана. Қазақстандық тұлға санасының ашықтығы: әлемдік үдерістерді түсіну, өзгерістерге дайын болу, алдыңғы қатарлы елдердің тәжірибесінен үйренуге қабілеттілік.
Сананың негізі қабылдауда. Адам оны сезім мүшелерімен жүзеге асырады. Сөйтіп, объективтік расталған өмірді, қабылдауды көреміз. Көптеген зерттеушілер адамдағы бейнеленулерді сана ретінде қабылдайды. Сөйтіп, осы бейнелеулер энергия бір ұғымға жинақталады да, әлемнің өзара қатынасы туралы ақпарат береді. Бейнелердің жинақталуы адамдарды қоршаған ортадан бөліп алу процесі. Осыдан табиғаттан бөлінген «Мендік» құбылыс қалыптасады да сананың табиғи бастамасы дүниеге келеді. Бұл адамның ішкі , сыртқы жан дүниесімен сараланып, өзіндік сананың қалыптасуы. Бұл «мендік» құбылысының әлемде заттарда құбылыстарда, өмір тәжірибесінде адамға тән қорытынды жасалуы.
Өзіндік сана – «мендік» құбылысты әлемнің себептеріне байланысты шығарады. Сөйтіп сана сыртқы әлеммен өз ішкі әлемін түсінгенде ғана әлемге анықтама береді, ойлап, шешім қабылдау қабілетіне ие болады. Сөйтіп,өзіндік білім деңгеіне жету дегеніміз, сол сыртқы заттарға өзіндік ілімінде қолдана білу.Сонда «мен білем,білгенімді өмірде қолдана аламын» т.б. қағидасы қалыптасады. Бұл адамның ішкі мазмұнының сыртқы әлемді қабылдауының нақтылануы. Санада жеке адамдар мен жалпыға бірдей мазмұндар бар. Ұжымдық сана сөзі сол топтағы бар адамдардың мазмұнына сәйкес келеді. Қоғамдық сана әрбір тапқа байланысты анықталады. Сөйтіп, соның негізінде адамның жеке мүддесі, санасы, міндеттері, таптық мәні ашылады. Бұл жағдайда қоғамдық сана жеке тұлғаның емес, сол ұғымдағы әлеуметтік топтардың ортақ бағалануы. Әрбір тап өкілдері өз мүддесіне сипаттайды. Қоғамдық сананың шарттылығы – қоғам мен жеке әлеуметтік таптардың қажеттілігі. Қоғамды дамытуға мүмкіндік береді. Сөйтіп, рухани өмір бұқаралық сана ретінде мазмұн жағынан толықтырып отырады. Соның нәтижесінде санада жаңа құндылықтар қалыптасады. Қоғамдық сана тарихи мүдделер негізінде дәуірлерде, жеке адамдарда өзгеріске ұшырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет