Антикалық философия Антикалық пәлсапа



бет3/10
Дата30.01.2023
өлшемі64,82 Kb.
#63840
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Апологетика (гр. Apologetikos – қорғаушы) – теологиялық сала. Әлдебір нәрседен әділетсіздіктен қорғау, сол нәрсені мадақтау ұғымына сәйкес. Апологетиканың мақсаты – ақыл- парасатқа жүгінген дәлелдердің көмегімен дін ілімін қорғап, сақтау. Апологетиканың құрамыналар енеді: құдай болмысының дәлелдемелері, жанның мәнгілігі, құдайдың сыр беруінің белгілері туралы ілім, дінге және оның жекелеген догматтарына қарсы бағытталған наразылықтарға, сондай-ақ басқа діндерге талдау.
Патристика – (лат. Paterәке) – 2 -8 ғасырлардағы христиан дін ілімі. Пұтқа табынушылыққа қарсы христиан дінінің догматтарын қорғайтын, діни нанымның ежелгі философия мен үйлеспейді дейтін "шіркеу әкелерін мадақтау, қостау. Өкілдері – Тертуллиан, Климент Александрский, Ориген, Августин.
Схоластика (латыньььша мектеп) - ортағасырлық теологиялық ілім, философияның теологияға қызмет ететін тұсы. Схоластиканың үш кезеңі балды: Балауса схоластика (ІХ-ХІІғғ. ) Кемеліне жеткен схоластика (ХІІІғ. ) Құлдырау кезеңі (ХІV- ХVғғ. ). Схоластикалық философияның негізгі мәселесі:



  • Құдайдың бар екенін рационалды (ақылмен) дәлелдеу;

  • білім мен сенім, парасат пен ерік қатынасы;

  • креацианизм, провиденциализм жалпылықтың жекелікке қатынасы немесе “универсалийлер”, яғни жалпылық ұғым мәселесі. 

Теологияның негізгі қағидалары: 
→ әлеуметтік статусының қандай екеніне қарамастан, кез-келген адам Жаратушының жердегі көрінісі; 
→ адам-заттың түбі бір; 
→ адам жердегі күйбең тіршіліктен бас тартып, Иисус Христостан үлгі ала отырып, Жаратушыға махаббат жолымен өзін-өзі жетілдіруге ұмтылуы тиіс. 
Бұл қағидалар ең әуелі Орта ғасыр философиясының мазмұнынан, оның негізгі өкілдері Августин Аврелий мен Томас Аквинаттың ілімдерінен айқын көрінеді.
✓ Августин Аврелий (Блаженный) –
354 ж. Тагаст қаласында дүниеге келген. Еңбектері ете көп, негізгілері: «Құдайы қала туралы», «Жан сыры» (Тәубе, Исповедь). Оның өмірін екі кезеңге болуге болады: дінге дейінгі және дінді қабылдап, Құдайға деген Сенім оның жүрегі мен жанында берік орын алған кезең. Құдайға деген Сенім оның өмірін түгел өзгертті, Сенім оның өмірі мен ойының, философиялық пайымдауының субстанциясына айналды.
Ең басты мәселе — космос емес, жеке адам мәселесі. Өзіңді сырттан іздеме, өзіңе орал, ақиқат адам жанының тұңғиығында. Адамның жанында Құдай бейнеленеді, жанымыздың қатпарларына үңіле отырып, біз Құдайды табамыз. Өзінді өзің танып-біл дегеніміз — өзіңді Құдайдың бейнесі ретінде тану, біздің ойымыз — Құдайды еске алу, біздің танымымыз — Құдайдың ақыл-ойы, парасаты, бір адамнан екінші адамға көшіп отыратын махаббат -Құдайдың махаббаты.,)
→ Құдай концепциясын түсіндіру процесінде ол Платонның «Идеясына» жүгінеді.
Идея заттардың өзгермейтін, тұрақты негіздері, фундаментальді формалары, пайда болатын және олетін нәрселердің бәрі Идеядан бастап қалыптасады, Бірақ Августин Платонның теориясын екі жерден өзгертеді:
1) Идея Құдайдың ойлары;
2) Құдай таза Болмыс ретінде басқа заттардың болмысына қатысты, оларды жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет