Антикалық философия Антикалық пәлсапа


Сананы онтологиялық мәселе ретінде түсіну



бет6/10
Дата30.01.2023
өлшемі64,82 Kb.
#63840
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Сананы онтологиялық мәселе ретінде түсіну.
Сана — дегеніміз адам сезінген және аңғарған ішкі-сыртқы болмыс күйі. Ол таным, қиял, түйсік, ой, тілдік ұғым және жадыны қамттиды. Ол адам миында болатын ерекше құбылыс. Сананы адамның ең басты артықшылығы деуге болады, өйткені адамзаттың бүкіл прогрессінің басында оның санасының прогрессі тұр.Санаға қатысты екі негізгі мәселе бар: бірі, сана мен дененің байланысы, әсіресе сана мен нерв жүйесінің байланысы мәселесі әлі де зерттелу үстіндегі тақырып. Дуалистер мен идеалистер сананы физикалық емес нәрсе деп түсіндірді. Ал, қазіргі заманғы функционализм – яғни сананы нейрондардың қозғалысы деп түсінеді. Екінші мәселе, хайуандарда да сана бар ма деген тақырып. Егер сананы адамға ғана тән құбылыс десек, онда хайуандарда болатын кейбір саналыға ұқсап қалатын әрекеттерді жаңаша түсіндіруге тура келеді.Сана ұғымы философияда негізінен адам болмысы тұрғысынан, яғни қоғамдық үдірістердің көрінісі, құбылыс және адамзаттық тарих пен мәдениетті жалғастыруды қамтамас етуші әдіс ретінде қарастырылады. Сана қоғамдық және жеке «өлшем» бірлігінен көрінеді. Шын мәнінде, сана арқылы қоғамдағы байланыста жеке адам белсенді болады.
Сана — өмірде белсенді бола алатын адамның ішкі қабілеттілігі,адамның заттармен байланыс іс-әрекеті, табиғи және мәдени қатынасы,қашықтағы, жақындағы адамдар өзара қатынасы мен қызметі, яғни осы образдарды өзінің мінез-құлық бағытында әдіс-тәсілі ретінде пайдалану.Сана түсінігі бұл психика түсінігі; психика тірі жанның қоршаған ортамен тікелей байланыс тәсілі (сондай-ақ жеке адам) деп түсіндіріледі, демек олардың өмірлік үрдістерінде әсерлендірушісі және көрінісі ретіндегі,психикалық қабілеттілік жыйынтық, табиғи және ғарыштық ырғақтар байланыстарында адамның қоғамдық және мәдени іс-әрекеттерінде өз-өзіне бағыт-бағдар жасай алуы мен басқара алатын қабілеттілікпен қамтамасыз етуі.Адам санасы, оның қоршаған ортамен байланыс ерекшелігіне қарай,«түзу сызықты» болып келмейді. Онда адамнан тыс және оған тәуелді адамның іс-әрекетінінің ерекшелігіне қарай, адамның адаммен, заттармен,табиғатпен қатынас байланыстары түйіскен және жекелеген әрекеттері бекітілген. Бұл қабілеттер әртүрлі үйлесімділікте — анық және жасырын -байланыстар байқалмайтын сана «орталығы». Бұл қабілеттіліктердің құрылуы сананың жетілгендігін, «жауапқа қабілеттілігін» ескертеді. Оның деградацияға ұшырауы сананың құлдырауына әкеледі.Әртүрлі уақыт кезеңдерінде адам санасы бір нәрсеге шоғырлана бекітілген. Оның белгілі бір затқа қатысты айқындалып көрінуін,«ашылуын», ол өзі анықтайды. Бұл — оның қалыпты жұмыс жағдайы. Сана жеке адамның затқа, формаға және кейінгісі адамның адаммен байланысы ретінде, әрекеттерде оларға тән қатынасты бекітеді. Жеке адамның басқа адамдармен, заттармен қарым-қатынас үдерісіндегі байланысы және оның арғы жағында жасырын жатқан құбылыстары сана арқылы енгізіледі.Сана қарапайым жолмен зерттеуге және түсіндіруге келе бермейтін,ерекше нысан. Ол адам өмірінің «мүшесі» ретінде қызмет атқарғанымен,бірақ оның өмірі, адам дене мүшесімен ғана шектеліп қалмайды, керісінше одан шығатын күштер оның сыртында ,— адамзаттық қарым-қатынастар әлемінде, адамдар әрекеттерінің әдіс-тәсілдерінде, мәдени формалар мен әртүрлі табиғи күштерде көрініс табады.Қазіргі кезге дейін сана және оның табиғаты мен қызметі аз зертттелмеген. Олар жайында әр кезеңнің пәлсапашылары өз ойларын қорытып келді. Сана мидың айналадағы объективтік шындықты бейнелеуінен туады, яғни ми қызметінің жемісі. Адамның психикалық өмірінде кездесетін негізгі психикалық процестерге таным процестері -түйсік, қабылдау, зейін, елес, ес, қиял, ойлау мен сөйлеу: эмоциялық,процестер адамның көңіл-күйлері сезімі; ерік процестері — адамның алдына қойған мақсатына ұмтылуы, талаптануы және соған байланысты әрекет жасауы жатады. Осы психикалық процестердің құрылымы деп сана құрылымын айтады. 1. Жан, ақыл, парасат, рух мәселесі философиялық танымның негізгі мәселелері. Антикалық философиясында рух пен парасаттың космологизмімен ерекшеленеді. Жан, ақыл, парасат, рух мәселесі Пифагор философияында адамның антропологилық құрылымымен байланыстырыла түіндіріліп, рух – жоғарғы ақыл, ақыл (төменгі), өмір –тыныс алу және дене деп қарастырылса, Платон боынша рух- ноус, ақылды жан, ақылды емес жан және дене бөлген.Ортағасыр дәстүріндегі рух пен жанның теологиялық түсінігі қалыптасқан. Рух – құдайлы бастама, жан – жеке сана, дене – табиғи бастама ретінде түсіндіріледі. Танымдық тұрғыдан қарағанда, сана – дүниені бейнелеудің ең биіе, тек адамға тән идеалдық формасы. Сана белгісіз,ғайыптан пайда болған, дайын күйінде біздің миымызға енген құбылыс емес.Іштен де тумайды.Әрине, адам бойында атадан балаға көшетін кейбір нәсілдік бейімділік,қабілет те болады. Оның дамуы да түрлі жағдайларға байланысты. Бірақ сана ондай қабілет емес. Сана адам миына байланысты пайда болады.Ал ми – оның мекені. Сана адам миы қызметінің жемісі. Адам өз түсіктері арқылы сыртқы дүниедегі құбылыстарды қабылдап, лынған ақпараттарды жүйке жүйелерарқылы арнаулы ми бөліміне жеткізеді, осы сәттен сараптау басталады. Ол өте күрделі биоэлектрлік «кванттық өрістер»негізінде жүреді.
Сананы онтологиялық мәселе ретінде түсіну сана фактілерін, сана феномендерін, сананың қалыптасуын қарастыруды қамтиды. Сана тек адамда болғандықтан,сана мәселесін қарастыруда антропосоциогенез адамның пайда болуы мен дамуының сатыларын талдау маңызды.Антропогенездің негізгі концепциялары.Теологиялық концепция (креационизм) адамды Құдай жаратты. Жаратылыс эволюция емес, Құдайдың бір мезеттік акті. (христиандық теология и т.б.)Биологиялық концепция (дарвиннің эволюция теориясы) – адам табиғи жолмен адам тәріздес маймылдардан биологиялық эволюция заңдар негізінде пайда болды. (Ч. Дарвин, Ф. Энгельс, К.Маркс, В. Ленин, марксизм,позитивизм)-Адамның ғарыштық эволюция концепциясы – адам ғарыштық,биологиялық эволюция заңдары арқылы космостық және биологиялықорганизмдердің эволюциясының және Ғарыштық Ақыл нәтижесінде пайдаболды. (Махатмы, Е. Блавтская, Ф.Л Дью, Е. Рерих және т.б.)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет