Антикалық философия Антикалық пәлсапа


Неміс классикалық философиясындағы ақылдың транценденталдық негіздері



бет5/10
Дата30.01.2023
өлшемі64,82 Kb.
#63840
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
сана рух

Неміс классикалық философиясындағы ақылдың транценденталдық негіздері.
Неміс классикалық философиясы - тарихи феномен


  1. Классикалық ұғымы. Неміс классикалыц философиясының пайда болуының әлеуметтік-мәдени шарттары, ерекшеліктері.

  2. И.Кант — классикалық неміс философиясының негізін салушы. И.Канттың гносеологиясы мен этикасы.

  3. Г.В. Гегель философиясының негізгі ұғымдары.

Априорлық



  • ақыл-ойда әуел бастан бар және дәлелдеуді керек етпейді. Мысалы, «Адам өмірі уақытпен өтеді», «Барлық дененің ұзындығы бар». Тек априорлық білім дәлелді және сенімді, жалпылық және қажеттілік қасиетіне ие бола алады. Ол априорлық білім түрлеріне біздің кеңістік пен уақыт туралы түсінігімізді жатқызды.

Бірлік, көптік, тұтастық, нақтылық, терістеу категориялары тәжірибеге дейін адам басында таза идея күйінде пайда болады деп жазды.
Априорлық білімге байланысты адамның өзінің жеке эмпириялық тәжірибесінен шығу қабілеті туады. Осыдан, ол өзінің философиясын ─ транцендентальдық деп атады
Шәкәрімнің рухани-философиялық¸болмыс құпиясын терең танытатын шығармасының бірі – «Үш анық». Бұл философиялық толғамды туындыны бірден түсіну оңай емес. Шығарма ел арасында қолжазба көшірме ретінде сақталып жетті. Ойшылдың өзі аңдатуында: «Адам ақиқатты бас көзімен көрмейді, ақыл көзімен көреді…Өлімнен соң біртүрлі тіршілік бар. Екі өмірге де керек-ті іс ұждан. Ұждан дегеніміз – ынсап, әділет, мейірім» (1) деген. Адамның сыртқы бес сезім мүшелері арқылы таным қалыптасуын жинақтап, ақын «бас көзі» ұғымымен береді. Шәкәрім айтқан үш анықтың анықтамасын ғалым Д.Омаров: «бірінші анық – сезім мүшелері қабылдайтын болмыстың заттық көрінісі. Бірақ болмыстың бұл көрінісі ақиқат емес, яки толық болмысты білдірмейді. Толық болмысты тек ақиқат көзімен ғана көруге болады. Ақыл көзі дегеніміз – адам ақыл-ойының жұмысы. Екінші анық – өлімнен соңғы тіршілік, яғни болмыстың көзге көрінбейтін бөлігі. Ал үшінші анық – екі өмірге де, көзге көрінетін заттық әлем мен көзге көрінбейтін әлемге де керек – ұждан. Шығарманың мақсаты – осы үш анықтың анықтығын дәлелдеу» (2, 10-б.) деген ойға тоқталады.
Абай өлеңдерінен нәр алып өскен рухани ізбасары Шәкәрім «Үш анық» шығармасының кіріспесінде сөз болатын толғандырған болмыс мәселесіне қатысты сұрақтар қоюмен бастайды:
Кемшіліксіз,
Есті қылған іс пе екен?
Жан деген не,
Мүлде еле ме,
Шын жоғалып сөне ме?
Дене жөн деп,
Жоғары өрлеп,
Жаның мен деп келе ме? (1)
«Үш анық» шығармасының мазмұны осы сауалдарға жауап беруге құрылған. Тіршілікке мән беріп, адамдарды ары қарай өмір сүруге ұмытылдыратын олардың өз бағын іздеуі деп қарастырады. Алаш ардақтысы С.Торайғыров «адамның ең ұлы қасиеті – бақытты болуға талпынуы» дегеніндей, ұлылармен үндескен ұлы сөздің астарында адамға ғұмыр бойы осы қасиет тыныштық бермеуі жатыр. «Бақыт дегеніміз игіліктердің ең қадірлісі» деп атаған ғұлама Әбу Насыр Әл-Фарабидің «бақытты адам» концепциясындағыдай, Шәкәрім де бақ іздеу мен бақытқа ұмтылудың игілікті, өзгелерге пайдалы бола алған тұсында кемелденетінін пайымдайды.
Өмір мақсаты туралы Шәкәрім ойшылдың ойландырған мәселелерін осы еңбегінде көрініс табады. Адам дүниетанымының өзгеруінің екі жолының (жан дүниесін өзгерту, өзін мойындамау) ішінен ақыл-ой, сана-сезімнің қай бағытқа бет бұратынына байланысты екендігін жазады. Ойлы адамның ойлануы парыз секілді, Жаратушыны іздеу де жан құмарынан шыққан. Үстем болған материалистік көзқарасты Шәкәрім ойлы адамды пессимизмге, өз өміріне жауапсыздыққа, өмірді бос әурешілікпен өткізуге апарып соғатынын тұжырымдайды. Мұны мақсатсыз тіршіліктің «шамаң жеткенінше өмір сүріп қал» деген түсініктен ойын-сауық, жалқаулық, нәпсіқұмарлыққа салыну, тіршіліктің қайдан шығатынын білмегендіктен, шығу сырын өзінен көріп адасу жолын таңдау деп ұқтырады. Затты бөле келіп: «Мұны алғашқы тапқан ион-грек жұртының Пифагор деген білімдісі. Кейбіреулердің сөзіне қарағанда, Пифагор оны Финикия жұртынан үйренді дейді. Олай болса, алғашқы тапқан Финкияның Садда деген қаласынан шыққан Моско деген адамы болады. Кім бұрын тапса да, бұл атомды басында не нәрседен жаралғанын, оның не іске жарайтынын білу үшін іздеп тапса да, гректің Эпикур және Демокрит деген білімділері сол атомды дәлел қылып, барлық, әлем атомнан өршіп жаралып жатыр, оны былай қылайыншы деп біліп жаратқан ие жоқ деген бір жолға негіз салды» (1) деген көзқарасын білдіреді. XIX ғасырдың аяғында бұл материалистік көзқарастың бәсеңдей бастауын магнетизм, спиритизм, телепатияның үстемдік алуымен түсіндіреді. «Үш анықта» Шәкәрім Ч.Дарвин теориясымен келіспейтіндігін былайша түйіндейді: « Ең түпкі Жаратушы болмаса, барша өсіп-өнгендерді түрлентіп шығарып жатқан жаратылыс жолы екеніне еш сау ақыл таласпайды. Бірақ біріне-бірі ұқсағандардың бәрін мынау мынадан туып өзгерді дей беруді менің ақылым қабыл алмайды».
«Үш анық» – адам өмірінің маңызын ашқан рухани мұра. Шәкәрім бүкіл болмыстың иесі бар екенін, адамның рухы мәңгілікке ұмтылатындығын, болмысқа қатысты зерттеулерін осы еңбегінде терең талдаған. Әрине, бұл мұрасы оның нәрлі көркем өлеңдерімен қабысып жатыр. Алып ойшыл-философ тұлғаның еңбегі – құнды қазына, қазақ философиясының іргелі зерттеуінің көрсеткіші.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет