Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ



Pdf көрінісі
бет100/221
Дата31.12.2021
өлшемі3,61 Mb.
#21839
түріБағдарламасы
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   221
Байланысты:
МП Рухани Жаңғыру

Іске асыру механизмдері: 
–  байқауға  16-35  жас  аралығындағы  республика  бойынша  дәстүрлі 
әннің орындаушыларын іріктеу; 
–  аймақтардан  келген  жас  дәстүрлі  әншілерге  белгілі  халық  әнінің 
өкілдерімен кездесулер, шеберлік сағаттарын ұйымдастыру;  
–  дәстүрлі  әншілердің  есімдерін  және  шығармаларын  заманауи 
технологиялардың көмегімен насихаттау; 
–  Республикалық  байқауды  Әміре  Қашаубаевтың  туған  жерінде 
ұйымдастырылғаны жөн;  
–  мектептерде  Әміре  Қашаубаевтың  шығармашылығына  арналған 
ашық сабақтар өткізілуі тиіс; 
–  әлеуметтік  желіде  #әміреніңәндері  хэштегімен  халықтың  арасында 
Әміре Қашаубаевтың әндерін орындаудан челлендж ұйымдастыру қажет. Сол 
арқылы  дәстүрлі  халық  әндерінің  үлкен  аудиторияда  тарауына  мүмкіндік 
туады; 
–  байқаудың  бір  бөлімінде  ұлы  ақынның  175  жылдығын  ескеріп, 
Абайдың әндерін орындау ұсынылады; 
–  Әміре  Қашаубаев  туралы  телеарналардан  деректі  фильмдер, 
бейнесюжеттер берілуі керек; 
–  басылым  беттеріне  Әміре  Қашаубаевтың  шығармашылығы  жайлы 
тың зерттеулер, мақалалар жариялануы тиіс; 
–  оқу  орындарында  Әміре  Қашаубаев  апталықтарын  өткізу.  Апталық 
барысында  Әміре  Қашаубаевтың  өмір  жолымен  танысып,  әндерін  айтып, 
шығармашылығына қатысты зерттеулер жүргізу керек; 
–  «Нұр-Әлем»  сферасындағы  музейге    Әміре  Қашаубаевқа  арналған 
бұрыш  жасау  керек.  ЭКСПО-ға  қатысқан  тұңғыш  қазақ  ретінде  арнайы 
танымдық  ақпараттар,  әндері  жинақталып,  келген  адамдарға  таныстырылуы 
тиіс; 
–  байқауда  ұмыт  болған  дала  композиторларының  шығармаларын 
тауып, оларды орындау және көпшілікке таныту. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   221




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет