Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ



Pdf көрінісі
бет99/221
Дата31.12.2021
өлшемі3,61 Mb.
#21839
түріБағдарламасы
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   221
Байланысты:
МП Рухани Жаңғыру

Күтілетін нәтижелер.  
 Қазақстан тарихы мен мәдениетіне қатыстылық пен патриоттық сезімді 
арттыру. 
 Ұлттық  ою-өрнектерді  күнделікті  пайдалану,  соның  ішінде  жұмыс 
істемейтін киімде де. 
Көрсеткіштер. 


69 
 
 4-тен  кем  емес  мемлекеттік  орган  қызметтік  формада  ою-өрнектерді 
енгізді және пайдаланады. 
 Квазимемлекеттік  сектордың  кемінде  10  ұйымы  ою-өрнектері  бар 
қызметтік киім енгізеді. 
 
 
Әміре Қашаубаев атындағы дәстүрлі 
орындаушылардың республикалық байқауын өткізу 
бойынша ұсынымдар 
 
Елбасы  Н.Ә.  Назарбаев  «Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру»  атты 
мақаласында ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, 
жоралғыларымыз, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуы тиістігін атап өтті. 
Қазақтың  дәстүрлі  ән  өнері  ұлттық  фольклордың  негізгі  қазынасы  болып 
саналады.  Бұл  мәдени  құндылықты  сақтау  мен  дәріптеу  ұлттық  кодымызды 
және ұлттық бірегейлікті сақтаудың құралына жатады.  
Әміре  Қашаубаев  ұлттық  дәстүрлі  ән  мектебінің  жарқын  өкілі.  ХІХ 
ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында әуелеген әнімен адамзат баласын 
таңдандырған,  қайталанбас  ұлы  тенор  әнші.
 
Франция  ойшылдары  
Анри Барбюс: «Мен Әміредей әншіні сирек кездестірдім» десе, Ромен Роллан 
Әміренің  даусына  қайран  қалып  «Мен  Шығыста  әншіні  бұлбұл  құсқа  неге 
теңейтінін енді түсіндім», – деп жазады.
 
Қазақ  әнін  әлемге  танытқан  Әміре  Қашаубаевтың  есімі  мен 
шығармашалығын  жас  ұрпаққа  дәріптеу  арқылы  ұлттық  мұрамызды,  ұлы 
даланың  ұлы  есімдерін  танытамыз.  Бүгінгі  күні  қазақ  дәстүрлі  ән  өнерін 
шетелге  Әміре  Қашаубаевтың  атымен  таныту  негізгі  міндеттердің  бірі.  Осы 
контексте  Әміре  Қашаубаев  атындағы  дәстүрлі  орындаушылардың 
республикалық байқауын өткізу өзекті. 
Мақсаты: Қазақтың дәстүрлі әндерінің насихатын көбейтіп, жастардың 
ұлттық  музыкаға  қызығушылығын  арттыру  арқылы  патриоттыққа,  рухани 
құндылыққа тәрбиелеу.  
Міндеттері: 
–  ұлттық  өнер  арқылы  ұлттық  бірегейлігімізді  арттырып,  жастардың 
бойына патриоттық қасиеттерді сіңіру; 
–  Әміре  Қашаубаевтың  өнерін  жас  ұрпаққа  танытып,  дәстүрлі  ән 
мектептерінің бүгінгі деңгейін көтеру; 
–  ұлттық,  дәстүрлі  әндерімізді  халықаралық  деңгейде  дәріптеп,  қазақ 
музыкасын әлем сахналарына шығару; 
–  дәстүрлі ән өнері арқылы жас ұрпақтың мәдени және рухани танымын 
кеңейту; 


70 
 
–  дәстүрлі  әншілерді  насихаттау,  олардың  есімдерін  көпшілікке 
таныстыру; 
–  жастардың  дәстүрлі  өнерге  қызығушылығын  арттырып,  патриоттық 
сезімдерін күшейту; 
–  дәстүрлі  әндерді,  шығармаларды  заманауи  технологиялар  арқылы 
импровизациялау арқылы жас буын тұтынушылардың талғамына икемдеу; 
–  ұлттық  музыкамызды,  дала  фольклорын  жаңғырту,  ұлттық  сананы 
қалыптастыру. 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   221




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет