Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ


Ұлттық ою-өрнектерді қызметтік киімде пайдалану



Pdf көрінісі
бет97/221
Дата31.12.2021
өлшемі3,61 Mb.
#21839
түріБағдарламасы
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   221
Байланысты:
МП Рухани Жаңғыру

Ұлттық ою-өрнектерді қызметтік киімде пайдалану 
жөніндегі іс-шараларды іске асыру бойынша 
ұсынымдар  
 
Ұлттық  бірегейлікті  сақтау  толыққанды,  бәсекеге  қабілетті  тұлғаны 
қалыптастыру кезінде маңызды элемент болып табылады. 
Жаһандану  кезінен  бастап  көбіне  адамзат  өз  түп-тамырынан  беймәлім 
алшақтап,  өркениет  әлеміне  бейімделеді.  Алайда,  өзінің  ұлттық  сәйкестігін 
сақтайды. 
Елбасы  Н.Ә.  Назарбаевтың  «Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру» 
бағдарламалық  мақаласына  сәйкес  әрбір  қазақстандық  бәсекеге  қабілетті, 
санасының  ашықтығымен  білімді  насихаттайтын  болуы  және  өзінің  ұлттық 
бірегейлігін сақтауы тиіс. 
Ою-өрнектің  әрбір  фигурасы  немесе  элементі  кез  келген  ұлт,  этнос 
мәдениетінің бір бөлігі болып табылады, терең мәдени мағына береді . 
Киімде  қолданылатын  ою-өрнек  бойынша  адамның  қандай  да  бір 
этникалық топқа жататынын анықтауға болады. 
Халық  шығармашылығында,  ежелгі  уақыттан  бастап,  этникалық 
көркем  дәстүрлерді,  олардың  әлем  түсініктері  мен  әлем  тәртібін 
анықтайтын  орнаменттің  тұрақты  принциптері  мен  формалары 
қалыптасады. 
Қазіргі  Қазақстанда  ұлттық  ою-өрнектер  сәнде  кеңінен  қолданылады, 
атап  айтқанда  аксессуарлар:  сөмкелер,  әшекейлер,  телефондарға  арналған 
қаптар,  бас  киімдер,  орамалдар.  Кілем  тоқу  кезінде  оюға  қызығушылық 
байқалады,  үйде  ұлттық ою-өрнектері  бар  сырмақтар  мен  кииздердің  болуы 
танымал. 
Этникалық  киім  тәртіпті,  қарым-қатынас  мәдениетін  арттырады, 
сондай-ақ ұжымды біріктіреді.  
 Қазақстанда 
әскери 
қызметшілердің, 
авиа 
мен 
теміржол 
қызметкерлерінің  салтанатты  киім  нысанындағы  ою-өрнек  ішінара 
пайдаланылады.  Мемлекеттік  органдардың  өкілдері  үшін  ою-өрнек 
пайдаланылатын қызметтік форма белгіленбеген. 


68 
 
 
Осыған  байланысты  ұйымдарда  қызметкерлер  ұлттық  ою-өрнектерді 
пайдалана  отырып  қызметтік  нысанды  киген  кезде  дресс-код  жүйесін  енгізу 
ұсынылады.  
Сонымен  қатар,  мемлекеттік  қызметшілер  нысанында  мемлекеттік 
қызметшілер  этикасының  талаптарына  сәйкес  келетін  ұлттық  белгілік 
ерекшеліктерді (оюларды) енгізу орынды деп санаймыз. 
Адамның  сыртқы  келбеті-бұл  табысқа  алғашқы  қадам,  өйткені  қоғам 
үшін  оның  түрі  ұқыптылық,  тәртіптілік  дәрежесін  куәландыратын  «код» 
болып табылады . Киім қызметкердің іскерлік қасиеттеріне назар аудармауы 
тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   221




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет