Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ



Pdf көрінісі
бет102/221
Дата31.12.2021
өлшемі3,61 Mb.
#21839
түріБағдарламасы
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   221
 
 
 «Qyzgaldaq fest» шарасын ұйымдастыру бойынша 
ұсынымдар 
 
 
Елбасы  өзінің  «Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру» 
атты бағдарламалық мақаласында «Төл тарихымызға, бабаларымыздың өмір 
салтына бір сәт үңіліп көрсек, шынайы прагматизмнің талай жарқын үлгілерін 
табуға болады»,- деген болатын. 
 
Бағдарлама  жұмысының  нәтижелілігі  жолында  атқарылып  жүрген 
істердің  негізі  қағидаларының  бірі  де  осы  азаматтарды  өз  құндылықтарын 
бағалауға шақыру болып табылады.  
 
2018  жылы  жарияланған  Тұңғыш  Президенттің  «Ұлы  даланың  жеті 
қыры»  атты  мақаласында  туған  жердің  бағалауға  тұрарлық  құндылықтары 
нақты айтылды. Оның бірі – қызғалдақ. Мақалада Елбасы: «Асқақ Алатаудың 
баурайы қызғалдақтың «тарихи отаны» екені ғылыми тұрғыдан дәлелденген. 
Қарапайым,  бірақ  бүкіл  әлем  үшін  өзіндік  мән-маңызы  зор  бұл  өсімдік  осы 
жерде бүр жарып, жер жүзіне таралған»,-деді. 
 
Көктемнің көркіне айналған қызғалдақ өз сүйкімділігімен, әдемілігімен 
әлем  назарын  Қазақ  жеріне  аударуда  және  Тәуелсіз  Қазақстанның айшығын 
арттыратын брендтердің біріне айналды. 
Қызғалдақ көктемгі жайылымның сәні болды, осыған орай «қызғалдақ 
жемеген қозы арманда, қыз құшпаған жігіт арманда» деген мақал қалыптасты. 
Қызғалдық  гүлі  кілемдей  жапқан  қырда  жайылған  қойдың  сүті  қою,  биенің 
сүті  құнарлы  болады.  Қызғалдаққа  жайылған  мал  сүтінен  шайқалған  май 
қызғылт  сары  болып  түсетіні  баршамызға  белгілі.  Дәстүрлі  қазақ  ортасында 
көктемде қызғалдақ гүлдеген соң шайқалған май қойылған дастарханға ауыл 
әйелдерінің жиналып, шүйіркелесіп шәй ішетін «қызғалдақ май» деп аталатын 
көне  дәстүрі  болған.  Ғұрыптық  мәні  бар  бұл  дастарханның  басты  атрибуты 
қызғалдақты  далада  жайылған  мал  сүтінен  шайқалған  май  еді.  Бұл  дәстүр 
бүгінде  көшпелі  тұрмыстық  тарих  сахнасынан  кетуіне  орай  жойылып 


72 
 
кеткенімен,  тарихи  санамызда  қалды.  Дәстүрлі  түсінікте  қызғалдақ  әсемдік 
пен шаттықтың нышаны деп саналды. 
Қазақстан  аумағындағы  Шу,  Іле  тауларының  етегінен  әлі  күнге  дейін 
жергілікті  өсімдіктер  әлемінің  жауһары  саналатын  Регель  қызғалдақтарын 
бастапқы  күйінде  кездестіруге  болады. Бұл  әсем  өсімдіктер  біздің жерімізде 
Тянь-Шань  тауларының  етегі  мен  шөлейт  даланың  түйісер  тұсында  пайда 
болған. Қазақ топырағындағы осынау қарапайым, сондай-ақ, ерекше гүлдер өз 
әдемілігімен  көптеген  халықтың  жүрегін  жаулап,  біртіндеп  бүкіл  әлемге 
тарады. 
 
«Қызғалдақ  fest»  фестивалін  өңірлік  деңгейде  ұйымдастыру  – 
прагматизм  терминінің  танымын  кеңейтуге,  азаматтардың  құндықтарды 
бағалау  қасиеттерін  қалыптастыруға,  отандық  брендтің  насихатталуы  мен 
оның тарихын тануға, әсемдік пен әдеміліктің символындай болған Қызғалдақ 
гүліне деген сүйіспеншілікті арттыруға ықпал жасайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   221




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет