74
Қазіргі Қазақстан жерінде керемет алмалардың өсетіндігін қытайлар
1240 жылдан бастап жаза бастаған, сондай-ақ алма тұқымының осы жерден
таралғанын да айтқан. Ал біздегі жабайы алмалар осыдан 50 миллион жылдай
бұрын да осында өскен, жер жүзіне осы өңірден тараған. Жабайы алманы
ешкім қолдап, қорғап отырмайды, ол өзі дарвинизмнің эволюциялық даму
заңдылығындағыдай, өзін-өзі сақтап, табиғи сұрыпталып, дамып жетіліп,
таралып отырған.
«Алма fest» фестивалін өңірлік деңгейде ұйымдастыру – прагматизм
терминінің танымын кеңейтуге, азаматтардың құндылықтарды бағалау
қасиеттерін қалыптастыруға, отандық брендтің насихатталуы мен оның
тарихын тануға, табиғи байлығымызға айналған Алматылық алмаға деген
сүйіспеншілікті арттыруға ықпал жасайды.
Мақсаты. Алманың шығу тарихымен танысу, табиғат байлығын
барынша сақтап қалу, «Сиверс» алмасын әлемге таныту.
Достарыңызбен бөлісу: