Міндеттері: - көрпенің жасалуы ментүрлерін таныстыру; - азаматтарды еліміздің ұлттық құндылығын бағалауға шақыру; - отандық брендті насихаттау; - бәсекеге қабілеттілікті арттыру.
Іске асыру механизмдері. Өңірлерде фестиваль аясында апталықтар
ұйымдастырып, орталық көшелерде «Көрпе көрмелерін» ұйымдастыру қажет. Отандық брендтің тарихы мен пайдалы қасиеттерінен хабарлама беретін
көше билбордтарын дайындап, көрнекі жерлерге ілу қажет.
Әлеуметтік желілерді пайдаланушылар арасында «Көрпе» туындысын
насихаттау мақсатында #Қазақтыңқұрақкөрпесі хэштегімен фото-видео
челлендж ұйымдастыру қажет.
Республикалық және өңірлік телеарналар мен БАҚ-тардың ықпалымен
«Көрпе» бұйымына қатысты бағдарламалар мен ақпараттық мақалалар
дайындап, көрермен назарына ұсынып, насихаттау жұмыстарын жүргізу
қажет.
Құрақ көрпені дайындап, кәсіп қылғандар арасында әртүрлі деңгейдегі
сайыстар мен мастер-класстар өткізу қажет.
Суретшілер арасында көрпенің суреттерін салудан түрлі деңгейдегі
сайыстар ұйымдастыру қажет.
Карантин уақытында танымал ісмер-тігіншілермен келісімге келіп,
көрпе көктеу, оюлау бойынша онлайн мастер-класстар мен дәрістер түсіріп,
көрерменге ұсыну керек.
Ұлттық менталитетімізді айқындайтын көрпенің түрлерінен хабар
беретін видеокқөріністер дайындап, оны халыққа ұсыну керек
77
Мүдделі органдармен бірлесіп қажеттіліктеріне байланысты көрпе
түрлерін жұмыс орындарында пайдалануға мүмкіндік тудыратын жобалар
құрастыру керек.