Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ



Pdf көрінісі
бет106/221
Дата31.12.2021
өлшемі3,61 Mb.
#21839
түріБағдарламасы
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   221
Күтілетін нәтиже: 

еліміз алманың шығу тарихы және түрлерімен танысады; 

«Рухани  жаңғыру»  бағдарламасы  мақсаттарының  орындалуына 
және  «Ұлы  даланың  жеті  қыры»  мақаласының  мән-маңызының 
насихатталуына үлес қосылады; 

отандастарымыздың  отандық  брендке  деген  махаббаты  артады 
және  фестивальді  жыл  сайын  өткізу  дәстүрге  айналып,  қоғамдық  шараға 
айналады; 

бәсекелестік артып, алманы әлемдік аренаға шығаруға мүмкіндік 
алады.  
 
 
 
 «Korpe fest» шарасын ұйымдастыру бойынша 
ұсынымдар 
 
Ұлттық және жеке байлықты нақты білу, оны үнемді 
пайдаланып,  соған  сәйкес  болашақты  жоспарлай  алу,  ысырапшылдық  пен 
астамшылыққа жол бермеу, яғни, праграмтизмді дамыту – «Рухани жаңғыру» 
бағдарламасының негізгі қағидаларының бірі. 
Елбасы  өзінің  «Ұлы  даланың  жеті  қыры»  атты  мақаласында:  «Біздің 
жеріміз материалдық мәдениеттің көптеген дүниелерінің пайда болған орны, 
бастау бұлағы десек, асыра айтқандық емес. Қазіргі қоғам өмірінің ажырамас 
бөлшегіне  айналған  көптеген  бұйымдар  кезінде  біздің  өлкемізде  ойлап 
табылған»,-деді. 
Бағдарлама  жұмысының  нәтижелілігі  жолында  атқарылып  жүрген 
істердің  негізі  қағидаларының  бірі  де  осы  азаматтарды  өз  құндылықтарын 
бағалауға шақыру болып табылады.  
Бүгінгі  күні  әлемдік  нарықта  қолөнер  туындылары  ерекше  бағаланып, 
үлкен  құрметке  ие  болып  жүр.  Мәдени  дамуды  алға  қойған  Еуропа 
мемлекеттері  жүйелі  түрде  өз  қолөнер  шеберлерін  ынталандырып, 
шабыттандыру мақсатында жүйелі көрмелер мен сауда алаңдарын құрып, оны 
әлемдік деңгейде насихаттап отырады.  
Біздің 
де 
қолөнер 
өкілдерінің 
жұмыстары 
насихаттауға,  
«Рухани  жаңғыру»  бағдарламасы  аясында  жүргізілетін  жұмыстар  бойынша 
жасалатын  қолдауларға  зәру.  Соның  бірі  –  бабадан  балаға  мұра  боп  қалған 
нағыз ісмерлердің қолынан ғана туатын көрпе дайындау өнері. Қазіргі қоғамда 
Қазақтың ұлттық менталитетінде бар көрпе көктеу жастар арасында тұралап 
тұр.  
Көрпе  –  қазақ  халқының  төл  құндылықтарының  бірі,  ең  көп 
қолданысындағы  қажеттілігі  болып  табылады.  Бағзы  замандарда  Қазақ 
қызының ептілігі оның қолының тігін өнеріндегі ептілігіне, ісмерлігіне, көрпе 


76 
 
көктеуде, 
текемет 
жасаудағы 
шеберлігіне, 
үй 
жұмыстарында 
тыңғылықтылығына қарап бағаланған. 
Қазақ еліне келген шет елдік қонақтар мен қолөнер шеберлері, ірі саяси 
қайраткерлер,  қадірлі  қонақтар  Қазақтың  оюлы,  құрақ  көрпесіне  тамсанбай 
кетпейді. 
Әзірбайжан, Ауғаныстан, Иран, Таяу Шығыс, Өзбекстан, Түркия сынды 
қолөнермен  айналысатын  мемлекеттер  арасындағы  көрмелерде  Қазақтың 
ұлттық бұйымдарының қатарында тұратын құрақ, оюлы көрпелер сарапшылар 
мен көрме тамашалаушылардың назарын аударып, сүйіспеншілігіне бөленіп, 
өте жоғары бағасын алып келеді. Бүгінгі күні елімізде құрақ көрпе құраумен 
айналысатын аз ғана ұйымдар осы туындыны насихаттау арқылы өз кәсіптерін 
дөңгелетіп, халықтың тұтынуына ұсынып отыр.  
Осы  бұйымды  дайындауды,  дайындауға  ниеттілерді  дайындауды,  осы 
бұйымды  насихаттау  арқылы  ұлттық  құндылықтарымызды  насихаттауды 
жолға  қою  –  Бағдарламаның  негізгі  мақсаттарының  жылдам  орындалуына 
себеп болады.  
Мақсаты.  Ұлы  даланың  ұлттық  мәдениеті  мен  өнерін  сақтау  және 
жаңғырту.  Өскелең  ұрпаққа  үйрету,  насихаттау,  қолөнер  туындыларын 
шетелге таныстыру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   221




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет