Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ



Pdf көрінісі
бет24/221
Дата31.12.2021
өлшемі3,61 Mb.
#21839
түріБағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   221
Байланысты:
МП Рухани Жаңғыру

Іске асыру механизмдері: 
–  анимациялық фильмдердің конкурсын өткізу. Конкурс қорытындысы 
бойынша  «Үздік  анимациялық фильм»,  «Үздік  режиссерлік  жұмыс»,  «Үздік 
студенттік  жұмыс»,  «Үздіқ  сценарий»,  «Үздік  мультхикая»,  «Үздік  комикс» 
т.б номинацияларды анықтау;  
–  ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне Ұлттық анимация орталығын 
ашу мәселесін қарастыру ұсынылады;  
–  ҚР  Білім  және  ғылым  министрлігіне  анимация  саласында  білім 
гранттарын көбейтуді қарастыру ұсынылады; 
–  жастарға фестиваль аясында халықаралық аниматорлардың шеберлік 
сағаттарын,  семинарларын  ұйымдастырып,  тәжірибелерін  шыңдауға 
көмектесу;  
–  Қазақстан киносыншылар ассоциациясының продюсерлері, 
режиссерлері, кинотанушылары ЖОО-ғы жастарға тегін шеберлік сағаттарын 
өткізу; 
–  Қазақстан киносыншылар ассоциациясының бастамасымен жас 
аниматорларға жаздық тәжірибе жинақтау, шеберлік сағаттарына қатысу 
лагерлерін ұйымдастыру ұсынылады;  
–  оқушылар  мен  қала  тұрғындарына  кинотеарларда  анимациялық 
фильмдердің тегін көрсетілімдерін өткізу. Көрсетілімдер апталық болса тіпті 
жақсы. Барлық БАҚ-та тегін көрсетілімдер жайлы жарнамалар болуы тиіс; 
–  анимациялық кино өнерінің технологияларына байланысты көрмелер 
ұйымдастырылу қажет. Көрмеде анимация саласындағы соңғы технологиялар, 
эффектер, түрлі жанрдағы қысқа бейнероликтер көрсетілуі керек; 
–  «Balapan»  телеарнасында  анимациялық  мультфильмдердің  санын 
едәуір  көбейтіп,  көрерменге  қызықты  хикаялар  тарту  етуді  кең  көлемде 
жалғастыру керек; 
–  Фестиваль  жеңімпаздарының  жұмыстарын  «Balapan»  арнасынан 
эфирге шығару ұсынылады; 
–  отандық  аға  буын    аниматорларының    жас  аниматорларға  шеберлік 
сағаттарын ұйымдастырып, тәжірибе алмасу сабақтарын өткізу; 
–  ҚР  Мәдениет  және  спорт  министрлігінің  үйлестіруімен  әлем 
елдерінде қазақ анимациясынан көрмелер, көрсетілімдер ұйымдастыру керек; 


17 
 
–  ҚР  Білім  және  ғылым  министрлігінің  үйлестіруімен  анимация 
саласындағы  талантты  жастарды  әлем  елдерінде  тағылымдамадан  өтіп, 
тәжірибе алмасуға, жаңа білім алуына мүмкіндіктер жасау ұсынылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   221




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет