«әдет-ғұрып» деп
атаймыз, ол оның біржолата өмір
заңдылығына
айналуы
«салт- дәстүр» деп аталады.
Қазақтың
салт-дәстүрі
ағайын,
туған-туыс,
көршілер
арасында
жақсы
қарым-қатынастың
қалыптасуына
ықпал
етіп,
ынтымақтастыққа шақырып отырған. Бүгінгі күні осындай игілікті салт-
дәстүр ұмытылып бара жатыр.
Сондықтан, ұлттық рухани құндылықтардың мағынасын сақтай отырып,
жаңа бағытта насихаттау, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, салт-дәстүрлерді
таныту,тұрмыста салт-дәстүрлермен біте қайнасып, күнделікті тіршілігіміздің
бір бөлігіне айналдырудың өзектілігі жоғары.
Мақсаты: Ұмыт болған дәстүрлерді жаңғыртып, заманға сай
түрлендіріп, халық арасында насихаттау барасында маңыздылығы мен
тәрбиелік, патриоттық мәнін түсіндіру.
Міндеттері: - ұлттық рухты, патриотизмді, тәлім-тәрбиені дәріптейтін қазақтың
салт-дәстүрлерін жаңғырту;
- әдет-ғұрыптардың тәрбиелік мәнін халықтың бойына сіңіру;
- ұлттық бірегейлікті сақтау;
19
- жалпыхалықтық сананы жаңғыртып, ұлттық құндылықтарды
қалыптастыру;
- салт-дәстүрлерді жетік білетін жастарды тәрбиелеу;
- ұлттық киім, бұйым, қолөнерге халықтың сұранысын арттыру.