18
Әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер арқылы халық өзін-өзі әр заманда тәрбиелеп
отырған. Ол бұзылса қоғамның тарихи дамуының сабақтастығы да бұзылады.
Әрине, дәстүр қатып қалған өзгермейтін құндылық емес. Салт-дәстүрдің
барлығы заманның ағымына қарай негізін сақтай отырып, толығып, өзгеріске
ұшырайды. Ұлттық кодымызды сақтау үшін дәстүрдің озық үлгі-
леріннасихаттап, ұлттық тәрбиеміздің іргетасы етіп тұрақтандырудың маңызы
зор.
Қазақ тұрмысында салт-дәстүрлер көпмәнді, және күнделікті
тіршілікпен біте қайнасып, өмірдің әр жағдайына байланысты топтасып
отырған. Сондықтан, бірінші кезекте салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптың
айырмашылығын білу маңызды.
Салт-дәстүр – белгілі бір ұлттың немесе халықтың ұрпақтан-ұрпаққа
беріліп отыратын, тарихи қалыптасқан, олардың әлеуметтік ортасында ұзақ
уақыт бойы сақталып отырған әлеуметтік-мәдени құндылықтар жиынтығы.
Әдеп-ғұрып дегеніміз – белгілі бір қоғамда немесе ұжымда белгілі бір
тарихи
жағдайға
байланысты
адамдар
арасында
қалыптасқан
қоғамдықтәртіптің бір түрі. Ол әлеуметтік өмірдің әртүрлілігіне және
күрделілігіне қарамастан, белгілі
ұқсастық жағдайда адамдардың
біркелкі әрекет етуін қалайды.
Әдет-ғұрып
рәсім
арқылы
көрсетілетін әрекет, қимыл. Игі
әдеттердің
өмір
қолданысына
айналуын
Достарыңызбен бөлісу: