Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ



Pdf көрінісі
бет60/221
Дата31.12.2021
өлшемі3,61 Mb.
#21839
түріБағдарламасы
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   221
Іске асыру мерзімі: жыл бойы. 
Күтілетін нәтижелер: 
 Халық  арасында  қуатты  үнемдеу  бойынша  кең  көлемде  насихаттау 
жұмысын жүргізу. 
 Бюджет  саласының  қызметкерлеріне  қуатты  үнемдеудің  қажеттілігі 
мен әдістері туралы хабардар ету. 


42 
 
 Білім  беру  компоненті  арқылы  халықтың  қаржы  қорларын  саналы 
жұмсау деңгейін арттыру. 
Көрсеткіштер: 
Тұрғындарды  қамту  –  500  000  адамнан  кем  емес.  «Қуатты  үнемдеу 
әліппесі» кем дегенде 3 облыстық акция өткізу. 
 
 «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асырудың 
3 жыл ішіндегі қорытындысын шығару және одан арғы 
перспективаларын айқындау жөніндегі іс-шаралар 
кешені бойынша ұсынымдар 
 
2020  жылғы  12  сәуірде  Н.Ә.Назарбаевтың  «Болашаққа  бағдар:  рухани 
жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының жарияланғанына 3 жыл толады.  
«Рухани  жаңғыру»  бағдарламасын  жүзеге  асыру  жылдарында  тарихи 
ескерткіштер  мен  қасиетті  жерлерді  қалпына  келтіру,  қазақстандық 
мәдениетті дамыту және танымал ету, туған өлкені дамытуға меценаттар мен 
демеушілерді  тарту,  әлеуметтік  мәселелерді  шешу  және  т.б.  бойынша  93 
мыңнан астам іс-шаралар өткізілді. 
Іс-шаралардың  негізі  денін  жергілікті  атқарушы  органдар  жыл  сайын 
кемінде 12 млн. адамды қамти отырып іске асырған. 
Жергілікті атқарушы органдардың қоғамдық сананы қалыптастырудағы 
рөлі өте жоғары және жергілікті деңгейде мұқият қарауды талап етеді. 
Әкімдіктер «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық офистерін (бұдан әрі – 
ӨЖО)  құрды,  олардың  қызметкерлері  жергілікті  жерлерде  түсіндіру 
жұмыстарын жүргізеді және Бағдарлама шеңберінде арнайы жобалар мен іс-
шараларды іске асыруды үйлестіреді. 
Жергілікті атқарушы органдар Бағдарламаны іске асырудың тиімділігін 
арттыру  үшін  ӨЖО  қызметін  үнемі  жетілдіріп,  материалдық-техникалық 
қамтамасыз етуді жақсарту маңызды. 
Іс-шараларды  өткізу  барысында  3  жыл  ішінде  Бағдарламаны  іске 
асырудың  қорытындысын  шығаруға  және  өңірдің  ерекшеліктерін  ескере 
отырып, алдағы жоспарларды қалыптастыруға баса назар аудару қажет. 
Барлық атқарылған жұмыстар БАҚ және әлеуметтік желілерде кеңінен 
жариялануы тиіс. 
Осылайша,  3  жылдың  негізгі  қорытындыларын  шығаруға  бағытталған 
іс-шаралар кешенін өткізу қажет. 
Мақсаты  –  3  жыл  көлемінде  «Рухани  жаңғыру»  бағдарламасын  іске 
асыру  нәтижелерін  шығару,  дамудың  жаңа  басымдықтарын  анықтау  және 
өңірлік деңгейде ұзақ мерзімді жоспарларды құру. 
Міндеттері: 
- 3 жыл ішінде Бағдарламаны іске асырудың қорытындысын шығару; 
- «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруға халықты тарту; 
- бағдарламаны тиімді ілгерілетуде білім мен озық тәжірибе алмасу; 


43 
 
-  бағдарламаны  іске  асыруға  бағытталған  құрылымдардың  өңірлік 
деңгейде тиімді өзара іс-қимылын дамыту.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   221




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет