Іске асыру механизмдері: Бағдарламаның 3 жылдығына арналған іс-шараларға қатысу үшін
ғылыми қоғамдастықтың, мемлекеттік органдардың өкілдері, оны іске асыруға
қатысатын азаматтық қоғамның өкілдері тартылуы тиіс. Халықаралық
сарапшыларды тартуға болады.
«Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты КеАҚҚР
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірлесіп Бағдарламаны жүзеге
асырудың аралық қорытындысы бойынша халықаралық және отандық
сарапшылардың қатысуымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы - Тәуелсіз
Қазақстанның жаңғыруының негізі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік
конференция өткізеді. Келесі күні Мәдениет және спорт, Білім және ғылым министрліктеріне
бағдарламаны өз бағыты бойынша іске асыру қорытындыларын кең көлемде
қамтитын іс-шара өткізу ұсынылады.
Бұдан әрі өңірлер Бағдарламаны іске асырудың қорытындысын
шығаруға арналған іс-шаралар кешенін өткізуге қосылады. Өз іс-шараларын
өткізген кезде облыстардың, сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент
қалалары әкімдіктері ӨЖО-мен бірлесіп бағдарламаның арнайы жобаларын
іске асыру нәтижелеріне назар аударуы және қол жеткізілген жетістіктер
бойынша көрнекі материалдар шығаруды көздеуі қажет.
Өткізуге келесі іс-шаралар ұсынылады.
17 сәуірден бастап барлық ұйымдарда «Рухани жанғыру» күндерін өткізу. Ұйымдарда ӨЖО кездесулерінің кестесі жасалады. Кестеге сәйкес
бағдарламаның негізгі бағыттарын, оның мәнін және негізгі жетістіктерін
түсіндіру бойынша ұжыммен кездесулер өткізіледі. Көрнекі материалды
дайындау кезінде нақты өңірдің нәтижелеріне назар аудару қажет. Іс-шаралар
халық арасында бағдарламаның оң имиджін қалыптастыру, сондай-ақ
азаматтардың оның негізгі бағыттары мен міндеттері туралы хабардар болу
деңгейін арттыру мақсатында өткізіледі. Ақпараттық жұмысқа халық
арасында танымал және құрметке ие беделді көшбасшыларды тарту
ұсынылады.
12 сәуір – «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» акциясы. Бұл
акцияның мақсаты – ұрпақтардың табиғатқа ұқыпты қарауында сабақтастық
дәстүрлерін қалыптастыру болып табылады.
«Тұлғаның дамуы - елдің дамуы» атты сурет көрмесі.
Мектепте, ЖОО-да суреттер конкурсы өтеді. Байқау жеңімпаздарының
жұмыстары облыстық кітапханаларда, көркем залдарда, мұражайларда, ірі
сауда орталықтарында және т.б. (келісім бойынша орын) қойылады. Үздік
жұмыстар өңірлердің қала көшелеріндегі банерлерде аты-жөні көрсетіліп,
бағдарламаның логотипімен банерлерінде орналастырылады.